Манипуляция, алдап-арбау қарым-қатынасы — жиі кездесетін
тұлғааралық қарым-қатынас түрі, қарым-қатынас партнерін өзінің
жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өз мақсатына жету
үшін манииулятор қарым-қатынас партнерін нысана ретінде
қарастырады.
Манипуляциялық қарым-қатынас - басканы өз мақсатын жасырып
өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты
бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау.
Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды,
жасырылады не ауыстырылады.
Алдап-арбау қарым-қатынасының қоғамдағы ресми орны - бизнес,
сауда-саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бүл түрдегі
қарым-қатынастың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги.
Оқыту барысында (төрбиелеуде емес!) сабақты қызықты өткізу,
оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін
манипуляцияны пайдалануға болады. Кейде осыған дағдыланған
мүғалімдер басқаларға түсіндіру, далелдеу, үйрету үшін осыны өзінің
тұлғалық ұстанымына айналдырып алады. Оқытуда нәтижелі болған бұл
жайт, тәрбиелеуде, жеке тұлғалық қатынастарды орнатуда жарамсыз
болып қалады да, ұстаздың еңбегі өз мақсатына жетудің орнына зиян
келтіреді. Жұмысында манипуляцияға әдеттенген адам сондай
арақатынасты отбасына да әкелуге мәжбүр болады. Сүйіспеншілік,
достық, ізгілікке негізделген қарым-қатынасты манипуляция жолы
тиімсіз де нәтижесіз.
Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек
манипудяторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады.
Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін
өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының
құрбаны болып қалады. Өзін өзі біртұтас тұлға ретінде емес, кейбір
рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен
мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік,
зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін қадағалау, өзіне де, басқаға
да сенбеушілік. Манипуляцияға қарсы шыққан ғалым Ә. Шостром
"Анти-Карнеги" кітабын шығарды.