Персонааралық қарым-қатынас — ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке
қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары
(чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).
Рөлдік қарым-қатынас - белгілі әлеуметтік рөлдерді
орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы, оқушы —
оқытушы, әке — бала, сатушы — алушы, көрші — көрші, дәрігер —
ауру, бастық –бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді
орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол
рөлдерді орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек
әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине,
әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды.
Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге
кандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде
қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді.
Қарым-қатынас барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік
психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның
психологиялық қасиеттері қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады,
дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық
ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы
әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Қарым-қатынас нәтижесінде
адам жеке тұлға болып қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |