Реферат Қарым-қатынастың түрлері, формалары,қызметтері


Тұлғааралык қарым-қатынас түрлері



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата31.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#21503
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Тұлғааралык қарым-қатынас түрлері 

   Мақсатына қарай қарым-катынас психологиясы тұлғааралық қарым-

қатынастың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция 

(айла), диалог (қос сөз, қос тіл). 




   Императивтік немесе әміршіл қарым-қатынас —өз қарым-

қатынас серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бакылау жасау мақсатындағы 

әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Қарым-қатынас 

партнері тек әсер етудің  нысанасы,  пассив  ретінде 

қарастырылады.   Императивтің ерекшелігі,  партнерды бағындыру 

жөніндегі негізгі мақсатының 

жасырынбай    айқын    көрініп    тұратындығында.    Әсер    етудің 

құралдары   ретінде   бұйрық,   талап,   әмір,   тиым   салу,   нұсқау 

пайдаланылады (Отыр! Түр! Әкел!). Сонымен, әміршіл қарым-қатынас -

басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау. 

   Қоғамдық  қарым-қатынастарда императивтік қарым-қатынастың өз 

орны бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастық-

қызметкер қатынастары, қиын-қыстау, зілзала, операция 

кезіндегі  қатынастар. Осындай салаларда императивтік қарым-

қатынасты пайдалану нәтижелі әрі қолайлы. 

   Сонымен    қатар    мұндай    қарым-қатынасты    мүлде    қолдануға 

болмайтын салалар да баршылық. Ең алдымен қарым-қатынастың бұл 

түрін достар және жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, 

тәрбие   мен   педагогика   саласында    пайдалану   ыңғайсыз   әрі 

нәтижесіз. Бұйрық, тиым көмегімен ұстаздар мен ата-аналар балаға өз 

сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек сырттай қабылдап 

орындайды. Бала өз еркімен қаламаған соң, оның құлағына құйған 

үлкендердің ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез 

жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген -тілектер 

баланың ішкі құндылылығы бола алмайды. 

   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет