Реферат қазақ хандығы Тапсыр ған: Қызылқұл Диана Құралбай қ ызы


XVI ғ II жартысы – XVII ғ басындағы Қазақ мемлекеті



бет5/7
Дата08.12.2023
өлшемі45,26 Kb.
#135327
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазақ хандығы

XVI ғ II жартысы – XVII ғ басындағы Қазақ мемлекеті


1.1 Хақназар хан. 1523 жылы Тахир хан ноғайлардан біржолата жеңіліп, қазақ даласының батысын тастап, оңтүстік-шығысқа кеткен соң Қазақ хандығы үшке бөлініп, сыртқы жаулардан әркім өз білгенінше қорғана бастады. Оларды басқарған Қожа Ахмет, Мамаш, Бұйдаш хандар да елді біріктіре алмай, сыртқы жаулармен күресте құрбан болды. Осы уақытта әкесі Қасым ханның «қасқа жолын ұстанған» Хақназар хан тарих сахнасына шықты.Ол Қасым ханның Ханық сұлтан-ханым атты әйелінен туған еді. Жасөспірім жасқа жеткенде Хақназар әпкесімен бірге Ноғай Ордасына барып, солардың арасында ержетті. Хақназар қазаққа да, ноғайға да жақын хан тұқымына айналды. Ноғайлар оны Хақназар сұлтан десе, қазақтар Ақназар хан дейтін. Ноғай мырзаларымен бірігіп Шейх Мамай Қазақ хандығын талқандаған соң оның тағына өздері тәрбиелеген Хақназар сұлтанды 1538 жылы ақ киізге отырғызып, хан көтерді. Құрылтайға жиналған ноғай мырзалары қазақты біржолата бағындырудың басты жолы олардың өздері мойындаған әрі ноғай ықпалында жүрген атақты Қасым ханның баласын таққа отырғызу деп ойлады. Бұрын қазақ пен ноғайға бірдей хан болған атақты Қасым ханды ноғайдың қалың жұрты да аса құрметтейтін еді. Осылайша әкесі тәрізді қазақ-ноғай ханы атанған Хақназар қасиетті әке жолын жалғастыру мүмкіндігіне қол жеткізгендей болды. Алайда шынайы билік оның қолында емес еді. Қазақ даласына хан болу үшін оған әлі оның орталық және шығыс аймақтарындағы сұлтандарға өзін мойындату керек еді. Ал мұндай толық билікке Хақназардың қолы 1559-1560 жылдары ғана жетті. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. ХVІ ғ 60 жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы Қазақ хандығына өтті. Бұл кезде батыста күшейе түскен Орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Енді шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан Орыс мемлекеті шегарасын Қазақ хандығына жақындата түсті. Енді Хақназардың хандығы шығыста Ертіс бойынан батыстағы Ембіге дейін, ал оңтүстікте Сыр бойынан солтүстіктегі башқұрттар аймағына дейін созылып жатты. 1563 жылы Қазақ хандығының күшеюінен қатты қорыққан сібірлік Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай қиын уақытта Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Шайбандық сұлтандар арасындағы өзара тартыстарды пайдаланған Хақназар шебер дипломатиялық жолдармен Абдолланы уақытша болса да өзінің жағына тарта білді. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мәуреннахрдағы шайбанилық Бұхара ханы Абдаллах және қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде одақтық келісімшарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жақсарды. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы күшейе түсті. Хақназар хан Бұхара ханы Абдаллах ташкенттік Баба сұлтанға қарсы күресте қолдап, соңғыны өлтіруге әрекеттер жасады. Осыны сезген және бұрыннан өшіккен Баба сұлтан жедел қимылдап, Хақназар ханның жасағына тұтқиылдан бас салып, ханның өзін де өлтірді. Хақназар хан қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес.
1.2 Шығай хан. Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай хан (1580-1582 жж.) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұхара ханы Абдаллахқа көмекке келді. Абдолла Шығайға Ходжент қаласын сыйға тартып, онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының билігі енді Тәуекелге көшеді.
1.3 Тәуекел хан. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдаллахпен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі – біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартты, екіншіден, Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқып, өзімен бәсекеге түсуі мүмкін деп сескенді. Тәуекел 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Бірақ ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келіп, орыс патшасының жауап грамотасын тапсырды. Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан Орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады. 1597 жылы Бұхара хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханның әскерін талқандап, Мауренахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп, дүние салады. Абдаллах ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналады.
1.4 Есім хан (1598-1628 жж) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Оны қазақ халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. Ойраттардың бір жағынан Ембі, Еділ-Жайық бойындағы ноғайлармен шарпысуы, екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасап, ойрат тайпалары Есім ханның үстемдігін мойындады. Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды. Қатаған руының билеушілері Есім ханға бағынудан бас тартады. Қазақ хандығы екіге бөлініп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан қос өкіметті билейді. Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді. 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қатаған руын қатаң жазалайды. Бұл оқиға тарихта «қатаған қырғыны» деген атпен қалды. Есім хан Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындаттырып, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның билігі тұсында (1598-1628 жж) халық жадында «Есім салған ескі жол» аталған әдет-ғұрып нормаларының жинағы бекітілді. Есім хан тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға болғандықтан халық оны «Еңсегей бойлы ер Есім» атап кеткен.
1.5 Жәңгір хан 1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1629-1652 жж) отырды. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды. XVII ғасырда болған қазақ-жоңғар соғыстарында Жәңгір хан тамаша əскери қайраткерлігімен және соғыстың көптеген əдіс-айлаларын қолдану арқылы ірі қолбасшы ретінде айқын танылды. Салқам Жəңгірдің қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда айрықша еңбек сіңіргенін, ел тəуелсіздігін сақтау жəне бекіту жолында ұмытылмас ұлы қызметтер атқарғанын тарих ешқашан жоққа шығара алмайды. Жəңгір заманындағы тарихта алтын əріппен жазылып қалған ұрыс 1643 жылғы жоңғар-қазақ майданы еді. Кейін «Орбұлақ шайқасы» деген атпен қалған осы соғыста Жəңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгері 50 мыңдық дұшпан қолын өз жеріне өткізбей қойды. 600 батыр ыңғайлы жер мен ұрыс әдісін ұтымды пайдаланудың арқасында 10 мың жоңғарды жайратты. Бұл ерлік, біріншіден, қазақ жасағының туған жеріне деген отаншылдық жоғары рухы мен намысы десек, екіншіден, Жəңгір сияқты соғыс өнерін жетік меңгерген қаһарман қолбасшының əскери шеберлігі еді. Осындай қиын сəтте Самарқаннан 20 мың қолды бастап Жалаңтөс баһадүрдің келіп жетуі қазақ сарбаздарының рухын көтеріп жіберді. Қазақтың ұлы хандарының бірі Жəңгір хан 1652 жылы жоңғарлармен шайқаста қан майданда қаза тауып, Түркістанда жерленген. Жәңгірдің қазақ хандығы үшін жасаған еңбегі өте зор. Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екіншіден, мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынас орната білді. Үшіншіден, Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінде қан майданда қаза табады. Ал оның сүйегі қазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі жанына жерленген. Жәңгір хан дүние салған соң халық оған ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деген ат берген. Жәңгірдің екі қызы, үш ұлы болған. Аппақ, Тәуке және Уәлибақы деген үш ұлдың ішінде Тәуке әкесінен соң тақ мұрагері ретінде қазақ ханы болып сайланды.
Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы. XVII ғасырдың аяғында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы шиеленісе түсті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы дұшпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, жекелікке бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады. Тəуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша ерекшеленеді. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясаты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тəртіпті орнатуы. Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді. Ол төңірегіне топтан торы шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып-өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодал билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды. Ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзені өңіріндегі 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыры» деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді». Тәуке ел бірлігін бұзушы феодал ақсүйектер мен сұлтандарды әлсіретуге және мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар Билер кеңесінде, абыройлы да әділетті Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билер алдында шешілді. Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екенін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды істер – көші-қонды белгілеу, алым-салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарды бес қарумен жүруге міндеттеді. Тәуке хан билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мелмекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-қарымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндегі алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі бірліктің арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды. XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңа ережелерден құралды. «Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет