Реферат қазақ хандығы Тапсыр ған: Қызылқұл Диана Құралбай қ ызы



бет7/7
Дата08.12.2023
өлшемі45,26 Kb.
#135327
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазақ хандығы

Қазақ хандығының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. 1725 жылы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дәстүрлі керуен саудасы зардап шекті. Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді Ұлытауға қарай бет бұрды. Қазақ жеріне ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалып қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады.


Рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда, әсіресе, Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Басқыншыларға қарсы 1726 жылдан бастап біріккен қазақ жасақтары тізе қосып кимылдауға кірісті. 1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай даласындағы Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбірекпен және мылтықпен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. Қара сиыр деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ жасағы тас-талқан болған сол жер кейіннен «Қалмақ қырылған» деп аталып кетті. Бұл жеңістің қазақ халкының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Жеңіске жігерленген қазақ руларының үш жүз біріккенде ғана жоңғар қаупінен құтылу мүмкін екеніне сенімі күшейді. Ендігі мақсат қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тәуелсіздігін толық қалпына келтіру еді. «Қалмақ қырылған» шайқасы Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де жоңғарлар үстем болатын. Қазақ жерінің шетел басқыншыларынан түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса табанды күрес қажет еді. Қазақ билеушілерінің шешімімен жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылык жасау Әбілқайырға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белді батырларды өз туының астына жинай білді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасақтары жиналды. Осы жер жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді.
1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті. Тарихта «Аңырақай шайқасы» деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға қазақ халқының шеттен келген басқыншыларға қарсы күресінде ерекше орын алды. Қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығымен талқандауға мүмкіндік бермеді. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Әбілқайыр мен Сәмеке аға хан атағына таласып, жаңа ғана түбірлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазақстанның солтүстік-батысына қайтып оралса, Сәмеке Орта жүздің жасағын бөліп әкетті. Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің әскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды.
Осылайша ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін орындалмады. Әйтсе де Қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы ел билеушілерінен қазақ жерін сыртқы қауіптен құтқаратын басқа да дипломатиялық, саяси жолдарды іздеуді талап етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет