Реферат қазақ хандығы Тапсыр ған: Қызылқұл Диана Құралбай қ ызы



бет3/7
Дата08.12.2023
өлшемі45,26 Kb.
#135327
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7

XV ғ Қазақ хандығы.


1.1. Қазақ хандығының құрылу алғышарттары. Орта ғасырлардағы Қазақстан аймағында қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуының қазақ халқының құралуы мен топтасуында, қазақ этносы дамуының ұзақ жолында, әсіресе оның соңғы кезеңінде, XV-XVII ғасырларда этностың тұтастығын сақтауда аса зор маңызы болды.
Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең-байтақ аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процестердің заңды қорытындысы болды. Аралас экономикалы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы негізінде XIV-XV ғасырларда тұтас экономикалық ауданның құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесінің іс жүзінде аяқталуына себепші болды. Өз кезеңінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттіктің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігу қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті. Қазақ мемелекеті құрылуына объективті себептері мен шарттары осы жағдайлар болды.
Жоғарыда көрсетілгендей, XIV-XV ғасырлар соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан өмірінде ерекше маңызды кезең болды. Бұл қазақ халқының құрылуы, оның мемелекеттігінің, этникалық аумағының негізгі нобайларының қалыптасуы аяқталған кез еді.
Қазақ халқының қалыптасу процесінің баяулауына, оның уақыт жағынан ұзаққа созылуына моңғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің - әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір орталыққа бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдағы қоғамдық қатынастардың баяу дамуы, сыртқы саяси жағдайлардың қолайсыз болуы: моңғолдардың жаулап алуы, Темір және оның ұрпақтарының агрессиялық саясаты, ойрат феодалдарының Қазақстанды қаңыратып, халықты қырып, қоныстарды қиратқан, туыстас этникалық топтарды бөлшектеп, бытыратып жіберген шапқыншылықтары салқынын тигізді.
Біртұтас мемлекет қанахалықтың этникалық құралу процесіндегі ықпалдардың әсерін жойып, оның этнос ретіндегі мәдени-шаруашылық дамуын қамтамасыз етеді. Осыған орай көшпелілердің мемлекеттілігі туралы мәселе көтерілді. Ақ Орда мемлекетінде, Әбілқайыр хандығында, Ноғай ордасы мен Моғолстанда мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында монғолдар жаулап алуының теріс зардаптарын біртіндеп жоюмен бірге XIV-XV ғасырларда қазақ халқының одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатты. Жүздер тайпалары құрамының біржола қалыптасуы, тұрақтануы нақ XIV-XV ғасырларда Ақ Орда мен Моғолстанның нығаюы кезеңінде, қазақ тайпаларының саяси-мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық, этникалық-мәдени байланыстарының айтарлықтай дамуымен сипатталатын кезеңде халық қалыптасуының ұзаққа созылған процесінің соңғы кезеңімен қосарласа жүрді.
Қазақ халқы қалыптасуының сан ғасырлы процесінің XIV-XV ғасырлардағы аяқталу кезеңі оның өзбек, қыпшақ, моңғол, ноғайлықтардың саяси-этникалық қауымдастығына кірген бөліктерінің бірігуімен және сонымен бірге Дешті Қыпшақ пен Жетісудың жекелеген рулары мен көптеген тайпалары басқа да қалыптасқан түрік халықтары құрамына енуімен сипатталады. Мысалы, XVI ғасырдың басында Қазақстанның Жетісу мен оған шектес аудандардағы тайпаларының бір бөлігі Мұхаммед Шайбани ханмен бірге Орта Азияға кетеді, дулат, қаңлы, қыпшақ, найман, керейіттердің жекелеген топтары өз тайпаластарынан бөлініп, қырғыздардың құрамына кіреді.
XIV-XV ғасырдың I жартысы,Монғолдардан кейінгі уақытта халықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси-этникалық, мәдени дамуы қазақ халқының саяси жағынан біртұтас болып бірігуіне жағдай дайындады. Ол кейінгі ғасырларда қазақ халқының топтасуын, оның этникалық аумағының тұтастығын, халықтың сан ғасырлық мәдениетінің дамуын қамтамасыз еткен Қазақ хандығы болуға тиіс еді.

1.2. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектелуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді. Олардың негізінен алғанда Шайбани ұрпақтарымен бұрыңғы Жошы ұлысының мұраға қалған жерлерінде билік жүргізу құқығы жолындағы тайталастағы әулеттік мүдделері топтасқан халықтың дербес мемлекет құруға ұмтылысын объективті түрде бейнеленген еді. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы жағдайында Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістан аумағының рулары мен тайпаларының ең ықпалды көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылды немесе әлдебір Шыңғыс ұрпағы арқылы қамқоршы іздестірді. Олардың көбісі алғашқы қазақ хандарының біртұтас мемлекет құру мен оны нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерін қолдады. Қазақ рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау 1440-50 жылдардың өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде - Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысында, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан өз билігін нығайту жолындағы күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тайпалардың бағынбаған басшыларының қарсылығын басумен әлек болып жүргенде, Ақ Орда хандарының мұрагерлері бұл аумақта тұрақты билігін қамтамасыз етіп алды.


XV ғ 50 жылдарының соңынан бастап, 70 жылдардың соңына дейін Әбілқайыр хан билігінің соңғы кезеңінде ерекше жиілеп кеткен Жошы әулетінің, көшпелі рулар мен тайпалар көсемдерінің қайта-қайта бұрқ етіп отырған бүліншілігі жағдайларында, бұл ханның қалмақтардан жеңіліске ұшыраған сәтінде Шығыс Дешті Қыпшақтан, Сырдария бойындағы алқаптар мен Қаратау бөктерлерінен Батыс Жетісуға 200 мыңға жуық адам, негізінен қыпшақ рулары мен тайпалары көшіп кеткен. Халықтың жаппай көшуін Жәнібек пен Керей бастады. Олар өз төңіректеріне басқа да Жошы әулеті мен соларға тәуелді көшпелі және жартылай көшпелі қазақ далалары тұрғындарының рулық-тайпалық топтарын жинастырып алды да, 1458-1459 жылдары Әбілқайыр хандығынан тысқары Моғолстанға, Батыс Жетісу жерлеріне ертіп кетті. Моғолстан билеушілерінің XV ғ ортасына қарай олардың мемлекетінің жалпы әлсіреуіне байланысты Жетісуға саяси ықпалы айтарлықтай төмендеді. Моғолстандағы феодалдық соғыстар мен өзара алауыздықтар мемлекеттің күйреуіне әкеліп соқты. Соғыстар өздерімен бірге этникалық топтардың бытыраңқылыққа ұшырауын ала келді: Моғол этникалық қауымдастығына кіретін Жетісу қазақтарының, қырғыз бен ұйғырлардың шоғырлануын қиындатты; өндірістік күштерді кемітті, экономиканы құлдыратты, тұрғындарды қырғынға ұшыратты. Қалмақтардың Жетісу мен Моғолстанның басқа да шығыс аудандарына шапқыншылықтары тағы да жиілеп кетті. 50 жылдарда олар Жетісу, Шу және Талас алқаптары арқылы Түркістан қалаларына өтіп, Сығанақ түбінде Әбілқайыр әскерлерін тас-талқан етіп жеңді. Әбілқайыр ханның жеңіліс табуы өзбек ханының Моғолстанға басып кіру қаупін уақытша болса да тоқтатты, бірақ қалмақтардың Моғолстанға шапқыншылықтары толастаған жоқ. Сөйтіп, Моғолстан билеушісінің өз әмірлері бастаған қазақ рулары мен тайпаларының жаңа топтарының Жетісуға көшіп келуіне кедергі жасайтындай күші болмады. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтардың Батыс Жетісудағы қазақ жерінің тап осы аумағына көшіп келу себептері осы. XV ғ 50-60 жылдарында Жетісуға көшіп келген қазақ тайпалары тағыр жерде мекендемеген, олар жергілікті тұрғын қазақтарымен тығыз байланыс орнатып, кейін бір мемлекет шеңберіндегі саяси одақ дәрежесіне жетті. Моғолстан ханы Есенбұға көшіп келген қазақ басшыларының көмегімен өзінің ішкі және сыртқы дұшпандарын әлсіретіп алмақ болған. Қазақтарды қалмақтарға тойтарыс беру үшін де нақты әскери күш ретінде пайдалануға тырысқан. Жәнібек пен Керей төңірегіне топтасқан аса көп қазақ рулары мен тайпаларына сүйене отырып, өзінің ішкі саяси жағдайын нығайтып алмақ болды. Хан өзінің қол астындағы, салық төлеуші мен көшпелі-жауынгерлер қатарын көбейте түсуді көкседі. Моғол ханының бұл үміттерін қазақ басшылары онша ұзақ ақтамады, олар Батыс Моғолстанға 1460 жылдары Дешті Қыпшаққа қайта оралып, өздерінің Шайбани әулетінен шыққан дұшпандарын жеңудің оңтайлы сәтін күткен қашқындар немесе саяси қуғынға ұшырағандар ретінде келген жоқ-ты. Олар Жетісуға өздерімен бірге келген және жергілікті жетісулық рулар мен тайпалар көсемдерінің, сондай-ақ қатардағы көшпелілер бұқарасының қолдауларына сүйене отырып, Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның толық құлдырау сәтін тиімді пайдаланып, өздерінің саяси дербестігін нығайтты.
Хандықтың негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек. Есенбұға 1462 ж қайтыс болғаннан кейін Жетісуда қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. Осындай жағдайда Қазақ хандығының дербес шығуы толық жүзеге асатын дәлелді құбылыс еді. XV ғ 60 ж аяғы - 70 ж басында және одан кейінгі жылдары енгізілген басқа жерлері мен оны мекендеген халықтары, Түркістан және Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлан-ғайыр жазық далаларда бірте-бірте кең тарай бастады. Қазақ хандығының нығаюы Қазақстан - Орта Азия аумағы шегіндегі соғыс, талас-тартыстар, халықтың үлкенді-кішілі көшіп-қонуы орын алған күрделі жағдайда өтті. Едәуір әскери күштері бар және Жетісуда берік тылы болған, жергілікті халық қолдаған Жәнібек хан мен Керей хан халқына билік ету үшін Жошыдан тараған көптеген сұлтандарға қарсы күреске шығуды кешіктірмеді. Олардың басты қарсыластары Әбілқайыр ханның мұрагерлері - ұлы Шайх-Хайдар хан және Мұхаммед Шайбанидің немерелері шайбандық сұлтандар мен Махмұд сұлтан болатын.
Шығыс Дешті Қыпшақтың далалық аудандары мен Түркістанның қала орталықтарында үстемдік ету жолындағы күрес XV ғ 70-80 жылдарында Жәнібек пен Керей хандар мен олардың мирасқоры Бұрындық ханның іс-қимылдарындағы негізгі бағыт болды. Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрады. Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы – XV ғ 70-90 жылдары болды. Қазақ хандығының экономикалық, мәдени және саяси өмірінің шоғырланатын жері нақ осы өлке болатын. Сыр бойындағы қалалардың қазақ хандығына қорғаныс-стратегиялық мекендер ретінде де керек болды. Далалық аудандарға билік ету жолындағы күрес барысында тайталасушы екі жақ та өздерінінің көшіп жүретін қоныстарына ең жақын жатқан, өздерінің экономикалық және әскери жақтарынан қуатының артуына жәрдемдесе алатын Қаратау мен Түркістан аймағының қалалары мен қоныстарынан өздеріне тірек іздеді. Қазақ хандарының хандықтың құрылған кезінен бастап Сыр бойы қалалары үшін, жалпы Түркістан жері үшін күрес жүргізу себептерін олардың қарсыласы Мұхаммед Шайбаниға да теңеуге болады, ол сол кезде ұрпақтарының Шығыста Дешті Қыпшақтағы билігін қалпына келтіруге ұмтылды.
1470 жылдың қысына қарай қазақ әміршілері Түркістанда едәуір ілгері басты. Жәнібек ханның үлкен ұлы Махмұд сұлтан Қаратау етегінде Созақты алды. Басқа ұлы Еренші сұлтан Сауранды иеленді, Керей ханның өзі Түркістанға жақындап келді. Қазақстанның оңтүстігінде қазақтардың іс-қимылдарының жандануы Мұхаммед Шайбаниді Мәуреннахрға Темір ұрпақтарының қол астына шұғыл түрде кетуге мәжбүр етті. Қашып жүрген кезінде Мұхаммед Шайбани Сауран түбінде қаланың жаңа иесі Ереншінің әскери қосынымен қақтығысып қалды. Оның жанында жиналған өзбек бектері мен Жошыдан тараған сұлтандар оны тастап кетті, сөйтіп Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашуға мәжбүр болды. Мұхаммед Шайбанидің бұрыңғы Әбілқайыр хан мемлекетінің жерлері мен оларда мекендеген ұлыстарды бағындыра алмауы, Қазақстан аумағында Өзбек хандығын қалпына келтіре алмауы Қазақ мемелекеттілігінің нығаюына елеулі рөл атқарды. Сонымен, қазақ хандары Жәнібек пен Керей, кейін Керейдің ұлы Бұрындық XV ғ 70 жылдарында өз жағдайларын ең алдымен Қазақстанның оңтүстік аудандарында нығайтуға үміт артып, өздерінің Дешті Қыпшақ бағындыруға жасаған әрекеттерінде едәуір табыстарға жетті. Олар Жетісудағы иеліктеріне сүйене отырып, өздерінің алдында Шайбани ұрпақтары мен маңғыттардан құралған қарсыластарының едәуір күшті одағы тұрғанымен, бұл кезеңде Орталық Қазақстан даласында нақты саяси күшке айналды.
Қазақ хандығы мен Мұхаммед Шайбани арасындағы соғыс қимылдары XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында толассыз дерлік жүріп жатты және ғасырдың аяғына қарай уақытша бітіммен аяқталды. XV ғ 90 жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізіне Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдары ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқы саясатқа да өз салқындығын тигізеді. Сол себепті де 1493-96 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да ауыр, ұзақ болады. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірде Мәуреннахрдың билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Негізгі қарсыласы – Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуі Бұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстар мен шайқастардан соң соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің қорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде Қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Мұхаммед Шайбани хан билік жүргізуге тиіс болады. Бұрындық хан өзінің 2 қызын шайбанилік сұлтандарға ұзатты. Оңтүстік Қазақстан іс жүзінде бөлшектеліп кетті. Шайбани ұрпақтары Отырар, Түркістан, Аркөк, Үзкент қалаларында өз жағдайларын табанды күреспен нығайтып алды, олардан Темір ұрпақтарының әкімдерін ығыстырып шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет