Реферат Дене тәрбиесінің адам ағзасын сауықтырудағы маңызы Орындаған: бждк-106 тобының студенті Жолданова АрайлымЕрлановна



бет7/8
Дата07.01.2022
өлшемі99 Kb.
#18395
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Реферат

6 Жетілуші ағзаға спорттың әсері
Спорт пен баланың денсаулығы қаншалықты байланысты екендігін медициналық статистика көрсетеді. Дәрігерлердің статистикасына сүйенсек, жиі ауыратын балалар мен жасөспірімдердің 70 пайызы спортпен шұғылданбайды және денешынықтыру сабағына қатыспайды. Мектепте миға түсетін салмақ, үйде үнемі компьютердің немесе теледидардың алдында телміріп отыру ағзаның физикалық қуат алмауына әкеп соғады.

Бұл функционалды бұзылыстарға соқтырып, оқушылар мен студенттерді «жас қарияға» айналуына әсер етіп, үлкен жастағы кісілерде кездесетін түрлі аурулардың дамуына себеп болады.

Оқушылар мен студенттер үшін денешынықтыру сабақтары мен спортпен шұғылданудың маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, жас ағзаға және жетіліп келе жатқан денеге үнемі қозғалыста жүру қажет. Қазіргі балалардың қимылы аз өмір салты дәрігерлер мен педагогтардың алаңдаушылығын туғызып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет