7 Спортты насихаттау
Физикалық белсенділіктің адамға пайдалы екендігін медициналық зерттеулер, практикалық бақылаулар мен фактілер, тіпті халық даналығы да дәлелдейді.
Замануи медицина және педагогика спортты насихаттауа және қоғамның дене тәрбиесіне деген оң көзқарасын туғызуға барынша тырысып келеді. Мектептерде және жоғары оқу орындарында денсаулық және спорт күні өткізіліп тұрады. Оқушыларға бассейндер мен жаттығу залдарына баруға тегін абонемент беріледі. Дегенмен, дене тәрбиесінің денсаулыққа әсеріне немқұрайлы қарайтындардың саны әлі де көп.
Спортпен шұғылданғанда қауіпсіздік шараларын ұмытпаған да жөн!
Қорытында
Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықтарды уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз.Спорт ( desport — жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады
Қимыл-қозғалыстың жеткіліксіздігі мен энергияжұмсау барлық жүйелердің (бұлшықет, қантамыр, жүрек, тыныс алу) жұмысын нашарлатып, түрлі ауруларға бейім етіп қояды. Міне сондықтан да спорттың адам денсаулығына әсері ұшан-теңіз. Дене шынықтыру мен спорт кей кезде адам ағзасы табиғи түрде қажет ететін қимыл-қозғалыс пен күшті іске асырудың қолжетімді түрі болып табылады.Қимыл-қозғалыстың жүйелер мен ағзаларға әсері. Спорттың адам денсаулығына қандай әсері бар екендігі қаншама мақалада, зерттеу жұмыстарында, тіпті диссертация жұмыстарында жазылып та, айтылып та жүр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Валеология. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал.- №6, 2003
2. Валеология. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал.- № 1, 2003
3. Ж.Ж.Жатқанбаев. Валеология. — Алматы 2003
4. Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева. Валеология (Оқу — әдістемелік құрал). – Алматы, 1999
Достарыңызбен бөлісу: |