Реферат әмбебап технологиялық мәдениетті қалыптастырудың инновациялық тұрғылары Курс тыңдаушысы Бексултанова А. А



бет2/5
Дата10.03.2023
өлшемі129,5 Kb.
#72813
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ðåôåðàò ?ìáåáàï òåõíîëîãèÿëû? ì?äåíèåòò³ ?àëûïòàñòûðóäû? èííîâàö

Зерттеудің тақырыбы: Әмбебап технологиялық мәдениетті қалыптастырудың инновациялық тұрғылары.
Зерттеу мақсаты: технология пәні мұғалімдерін оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлығын әдіснамалық-теориялық тұрғыдан негіздеу.
Міндеттер:
-Мұғалімдерге арнап оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пәндер құрылымы мен мазмұнын әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
-Білім беру жүйесінде мұғалімдерді оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың әдіснамалық тұғырларын анықтау.
-Оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориялық негіздерін айқындау.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бойында әмбебап технологиялық мәдениетті жүзеге асыру нәтижесінде оқушы алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процессінде пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.1. Әмбебап технологиялық мәдениет, мазмұндық сипаты
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, болашақ маманның бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Ал, жоғары білімді педагог маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеуіне үлес қосатын ұрпақ тәрбиелей алады. Осы себепті, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқыны ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» - деп атап көрсетілген.
Мұғалімдерді оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың теориялық-әдіснамалық тұғырлары айқындалып, тұжырымдамасы жасалса; оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленсе; болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісі мектептің технология пәні бағдарламасы мен қазіргі өндірістік заманауи технологияның дамуына, сондай-ақ оны оқытуға сәйкес жүзеге асырылса, онда өндіріс салалары үшін мектеп оқушыларының технологиялық мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыруға мұғалімдерді даярлау қамтамасыз етіледі, өйткені технология пәні мұғалімдерін кәсіби даярлауда «өндіріс↔мектеп» жүйесінің өзгерісін қамтитын үдеріс жүзеге асырылады.
Республикамыздың жаңа экономикалық саясатқа көшуіне орай еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру міндеттерін шешу мектеп оқушыларының еңбек және технологиялық дайындығының деңгейіне едәуір дәрежеде байланысты. Жасөспірімдерді еңбекке баулу адамзат қоғамының барлық кезеңдерінде де дамыған. Егер өтіп бара жатқан ұрпақ өзін алмастыратын келесі ұрпаққа өзінің тәжірибесін бермесе, оларды тәрбиелемесе, еңбекке баулымаса, онда қоғамның өмір сүруі мен дамуы болмауы мүмкін еді. Сондықтан да қазіргі біздің өмір сүріп отырған қоғамның дамуының өзіндік тарихы және заңдылығының бары көпшілік ғылым саласының мамандарын, озық ойлы ойшылдарын қызықтырып, оларды әртүрлі аспекті тұрғысынан зерттеуге бағыттайтыны белгілі.
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан технологиялық білім беру – бұл ғылыми негізде түрлендіруші іс-әрекетке дайындықты көрсететін технологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатымен оқушылардың технологиялық білім, іскерлік, дағды және жеке тұлғалық сапалық қасиеттерді шығармашылықпен, белсенділікпен меңгерудегі үдеріс және оның нәтижесі ретінде анықталды. Технологиялық дайындық білім беру жүйесінің болжамды аяқталған кезеңіндегі жеке тұлғаның сәйкес білімі мен іскерлігінің жиынтығы болғандықтан мәдениет мәселесіне назар аударылды.
Әмбебап технологиялық білім беру – ғылыми негізде түрлендіруші іс-әрекетке дайындықты көрсететін технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы үдерісті есептейміз. Ол нәтиже ретінде қарастырылады. Ал оның әдіснамалық тұғыры ғылыми тұрғыда зерттеуді қажет етеді.
Мұғалімдерді оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлаудың әдіснамалық, жалпы ғылыми негізіне логикалық-танымдық және диалектикалық мәніне сәйкес жүйелік, іс-әрекеттік, жеке тұлғалық және тұжырымдық тұғырлар жататыны анықталды. Зерттеліп отырған мұғалімдерді даярлаудың мәні ұғымдар, заңдар, проблемалар, теориялар, педагогикалық-ғылыми және философиялық принциптер жүйесі ретінде көптеген гносеологиялық, оның ішінде синтездеуші, дүниетанымдық, әдіснамалық, эвристикалық функцияларға ие. Олар ғылыми дүниетаным қалыптастырудың және заманауи ойлаудың, оқу орындарында дайындықты теориялық талдап қорыту, жүйелеу және интеграциялаудың әдіснамалық негізі қызметін атқарады.
Жүргізілген талдау мәдениет феноменінің көптүрлі және көпаспектілі екендігін көрсетеді. «Мәдениет» ұғымы әлеуметтік-философиялық білімнің іргелі категориясы болып табылады және оның қазірге дейінгі зерттеулер көрсетіп отырғандай аяқталған, белгіленген теориялық мәртебесі жоқ. Мәдениет ұғымының мазмұны, көлемі мәселесі бойынша оның басқа категориялармен қатынасы әртүрлі көзқарастар барын көрсетеді. Мәдениет табиғат, қоғам және адам, құндылық және шығармашылық, белгі коммуникативті жүйе және іс-әрекет ұғымына қатысты. «Мәдениет» ұғымының көп мәнділігі оның әртүрлі ой мен қатынаста пайдаланылуы мен қолданылуы, біріншіден, мәдениеттің күрделі және көпжоспарлы құбылыс екендігімен; екіншіден, мәдениет қандай да бір өзінің элементіне сәйкес келмейтінімен және қандай да бір тұтастық, күрделі жүйе ретінде қарастырылмайтынымен түсіндіріледі.

«Мәдениет» ұғымының мазмұны


Соңғы онжылдықта мәдениет, іс-әрекет және адам мәселесіне үлкен назар аударылуы, технология мәселесінің субъективті аспектілерін талдауға алып келді. Технологияның өзін айқындайтын адамның түрлендіруші ойы жөніндегі болжам мүмкіндігі адамның түрлендіруші іс-әрекетіне ие болуы себепті әмбебап технологиялық мәдениетті адамның қоғамдағы функцияларына байланысты төмендегідей етіп кескіндеуге болады.

Адамның қоғамдағы функцияларына сәйкес


әмбебап технологиялық мәдениеті
Білім беру тұрғысынан қалыптастырылуы тиіс технологиялық мәдениетті: технологиялық іс-әрекеттерді сапалық тұрғыдан ұйымдастыру түрлерін орындау үлгілері; технологиялық үдерістердегі адамның шығармашылық күші мен қабілеті; орындалатын іс-әрекеттерді адамның өзін сапалық тұрғыдан қалыптастырудағы үдерістер ретінде қарастыруға болады.
Біздің пікірімізше, оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениеті дегеніміз - өндірістік технологиялық үдерістерді танып білу мен оны сапалық тұрғыдан жүзеге асырудағы ұйымдастыру түрлерін орындау үлгілері; оқушылардың техникалық-технологиялық шығармашылығы мен қабілеті; оқушылардың технологиялық білім, іскерлік және сапалық қасиеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін үдеріс ретінде анықталады.
Әмбебап технологиялық мәдениет өмірге, жеке тұлғаның әдетіне енгенде, танымдық әдебінде, оның түрлендіруші іс-әрекетінің барлық жиынтығында көрініс тапқанда, шын мәніне айналады. Осыдан туындайтыны, технологиялық мәдениеттің қалыптасу мәселесін шешу үшін іс-әрекет теориясының әдіснамалық мәні ұғынықты бола түседі.
Іс-әрекет теориясы (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев және т.б.) шеңберінде және осыған негізделген дамыту, оқыту теориясы (Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов) баланың дамуы деп жеке тұлғалық типті және оқыту мен тәрбие үдерісінен шығатын олардың қабілеттеріне сәйкес іс-әрекеттерді меңгеруді, содан келіп, оларды жүзеге асыруды түсіндіреді.
Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері негізге алынады. Технологиялық мәдениеттің негізгі құраушыларына білім мен еңбек іскерліктері қатысты екендігі зерттеу жұмысында қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет