1.2. Мұғалімдердің оқушылар бойындағы әмбебап технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы инновациялық тұрғысы, теориясы мен практикасы
Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға мұғалімдерді даярлауда олардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру басты мәнге ие.
Мұғалімдердің технологиялық мәдениетін философиялық категория тұрғысынан қарастырғанда, онда төмендегідей тізбеде елестетуге болады: жалпы (мәдениет) → жалпы негізгі (педагогикалық мәдениет) → ерекше (кәсіби педагогикалық мәдениет) → жеке-дара (өндіріске тән технологиялық мәдениет). Ал технология пәні мұғалімдерінің технологиялық мәдениеті туралы айтқанда, онда қарастырылып отырған мәдениет түрлері кәсіби-педагогикалық мәдениеттің құраушысы болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан технологиялық мәдениет – бұл білім берудің бөлігі емес, заманауи білім беру үдерісінің мақсаты немесе нәтижесі. Технологиялық мәдениет әмбебап мәдениеттің, жалпы және кәсіптік мәдениеттің іргелі компонентінің бірі болып табылуы қоғам және адам өмірінің барлық жақтарына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысы тақырыбына байланысты оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениетін қалыптастыруда төмендегідей педагогикалық шарттарды оқыту жүйесінің мазмұндық сипатына сәйкес атап көрсетуге болады: 1) технологиялық мәдениетке бағыттылық; 2) мазмұндық аспектідегі технологиялық мәдениет функциясын атқарушы оқу материалдары, оқу элементтері; 3) технологиялық мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етудегі оқыту принциптері; 4) технологиялық білімдерді оқытудағы анықталған дидактикалық жоспарлар; 5) меңгерілген технологиялық мәдениет негіздерін түзетін білімдерді, іскерліктерді өндіріс саласында қолдануды қамтамасыз ететін оқытудың әдістері мен тәсілдері және оқыту технологиялары; 6) технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы оқыту және еңбекті ұйымдастыру формалары; 7) танымдық қызығушылықты қоздырушы факторлар; 8) технологиялық мәдениетті қалыптастыруды ұйымдастыруға қатысты мәселені конструктивті шешуге қажетті мұғалімнің білімі; 9) технологиялық мәдениетке тән білім мен іскерліктерді атқарушы оқу материалдарын меңгеру, іс-әрекеттерді орындау.
Аталған педагогикалық шарттар болашақ мұғалімдерді оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұнын анықтауда бағдар қызметін атқарады.
Технология пәні мұғалімі оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениетін қалыптастыруда мыналарды игеруі тиіс: 1) Зерттеліп отырған мәдениеттің негізін қалайтын, қалыптастыратын бағдарламалық оқу материалдары мен іскерліктерді; 2) Оқушылардың танымдық әрекетін және ұғымдарды, еңбек дағдыларын қалыптастырудың психологиялық негізін; 3) Мектеп қабырғасында оқушылардың теориялық мағлұматтарды білуге танымдық қызығушылықты және еңбек іс-әрекеттеріне баулитын, дағдыландыратын әдістемелік нұсқауды; 4) Субъектілік басқаруды. Мысал келтірсек, субъектілік басқару ұғымы дәстүрлі емес сабақ жүргізу формасымен тікелей байланысты. Төменде дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ формаларының кейбір салыстырмалы мысалдары көрсетілген:
Элементтер
|
Мұғалімнің дәстүрлі басқаруы
|
Субъектілік басқаруы
|
Концептуалды негіз
|
Кемшіліктер:
«мұғалім-оқушы» жүйесіндегі субъект-объектілік өзара іс-әрекеті, оқушылардың бір-бірімен өзара коммуникативті байланысы
|
Жетістіктер:
«мұғалім-оқушы» жүйесінде оқушылар арасында коммуникативті (интерактивті) байланыс жасауда субъектілік көзқарас орнау
|
Мақсат
|
Жетістігі:
Білім, шеберлілік және дағды қалыптасуы
|
Жетістіктер:
Оқушының шығармашылық көзқарасының дамуы
|
Оқушылардың оқудағы әдістері мен тәсілдері
|
Даяр білімді жеткізу, үлгі бойынша оқыту, механикалық еске сақтау, ауызша түрде жеткізу
|
Сабақ тәсілі:
Сабақ–оқу ойыны, зерттеу, модельдеу, конструкциялау т.б.
|
Оқу материалының мазмұны
|
Оқытылатын материал оқулық мазмұнымен сәйкес келеді, хабарлардың жеткізілуі факті негізінде беріледі
|
Оқулық аясынан тыс мазмұндау, өзектілік критерийлеріне мазмұнның сәйкестігі, сын тұрғысының белсенділігі
|
Материалды түсіндірудегі мұғалімнің іс-әрекеті
|
Басымдылық, билік мұғалімде, басқару мен бақылау соның қолында
|
Оқу нәтижесін бағалауда, жоспарлауда, мақсат құруда, шешім қабылдау істерінде мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеуі
|
Мұғалім қызметінде басым көпшілік уақыт шығыны пән бойынша оқу материалдары мазмұнын талдау, таңдау және іріктеу, сондай-ақ сабаққа дайындалу кезінде оқу материалдарын (дидактикалық және әдістемелік) қайта өңдеуге жұмсалады. ХХІ ғасырдың бастауында педагог мамандарды даярлау үдерісіне технологиялық әдіс ендіріле басталды. Мектептердегі еңбекке баулу пәні «Технология» деп жаңаша аталуына сәйкес педагогикалық жоғары оқу орындарында “Технология мұғалімі” біліктілігі туралы пікірлердің пайда болуы орынды.
Педагогикалық үдерісті проблемалық талдау жүйесінің негізгі оқыту технологиясын әзірлеуге алып келеді. Бірыңғай оқыту технологиясынан туындайтын түрлік оқыту технологиясы ретінде үлгі әзірленді.
Дидактикалық жоспарға сәйкес оқыту технологиясының жиынтығы
Р/с
|
Мақсаты
|
Уақыты
|
Әдістер
|
Тәсілдер
|
Оқыту әдістері
|
Оқу әдістері
|
Логикалық
|
Техникалық
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
І
|
Мотив туғызу
|
|
Проблемалы баяндау
|
Жаттығу (ақыл-ой, аралас)
|
Талдау, салыстыру, жинақтау, т.б.
|
Техникалық оқыту құралда-рын пайдалану
|
ІІ
|
Оқу мате-риалдарын меңгерту
|
|
Оқу демонстра-циясы, ауызша баяндау
|
Техникалық құжаттармен жұмыс жасау
|
Себеп-салдар-лық байланыс-тарды бөліп алу
|
ТОҚ пайдалану
|
ІІІ
|
Оқу мате-риалдарын меңгерту
|
|
Оқу демонстра-циясы, ауызша баяндау
|
Техникалық құжаттармен жұмыс жасау
|
Негізгісін, маңыздысын бөлу
|
Еңбек құрал-дарын, ТОҚ пайдалану
|
ІV
|
Білім меңгерту
|
|
Индуктивті, дедуктивті баяндау
|
Сызбаларды, нұсқау карта-ларын қолдану
|
Талдау салыстыру, талдап қорыту
|
ТОҚ пайдалану
|
V
|
Байланыс-тарды ұғындыру
|
|
Проблемалы баяндау, ауызша мазмұндау
|
Оқу экспери-менті, ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау
|
Себеп-салдарлық байланыстарды бөліп алу
|
ТОҚ пайдалану
|
VІ
|
Ой қа-лыптас-тыру
|
|
Оқу демонстра-циясы, пробле-малы баяндау
|
Оқу экспери-менті, жаттығу
|
Талдау, салыс-тыру, жинақтау, талдап қорыту
|
ТОҚ пайдалану
|
VІІ
|
Теорияны практика-мен ұш-тастыру
|
|
Ауызша баяндау
|
Оқу-өндірістік жұмыстар
|
Бағдарлы іс-әрекетті образ-ды қалыптас-тыру
|
Еңбек құралдармен жұмыс жасау
|
Технологиялық мәдениет жасөспірімдерге білім берудің міндеті мен мазмұнына өзіндік ықпал етеді. Ол жалпы білім беру жүйесінде оқушыларды технологиялық дайындау арқылы жүзеге асырылады. Оның мақсаты – технологиялық мәдениетті және ғылыми білімдерді пайдалану мен қайта түрлендіруші іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру. Ол оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі мазмұнын анықтау міндетін алға тартады.
Оқушылардың әмбебап технологиялық мәдениетін қалыптастыруға мұғалімдерді дайындау әдістемесі төмендегіше берілді:
1) оқушылардың технологиялық мәдениетінің мазмұнын; болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық әмбебап мәдениетін қалыптастыруға дайындығының мазмұнын анықтау (бұл кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке қатысты технологиялық мәдениетті (педагогикалық іскерліктерді) және өндірістік іс-әрекетке қатысты мәдениетті (жалпыеңбектік, жалпыөндірістік іскерліктер мен дағдыларды) қамтиды);
2) дайындықты жүзеге асыру логикасын, құрылымын түзу;
3) дайындықты қалыптастыратын оқу жұмыс түрлерін: 1) дидактиканың қазіргі заманғы жүйелері (дәстүрлі оқыту, аудиовизуальды құрал және оқулық моножүйесі, т.б.); 2) педагогикалық үдерісті проблемалық талдау жүйесі тұрғысынан негіздеу және оны жүзеге асыру, нәтижесінде оқыту технологиясын әзірлеу;
4) қалыптастырылған даярлықты талдау және нәтижелерін деңгейлер бойынша топтастыру. Ұсынып отырған әдістеме ашылып жазылуымен, ғылыми еңбектің сәйкес тақырыптарында тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында жүзеге асырылуы толықтай мазмұндалды.
Технология пәні мұғалімінің оқушылардың технологиялық әзірлігін қалыптастыруға даярлығын қамтамасыз етуде эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды. Зерттеу мақсатындағы эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Алдымен болашақ технология пәні мұғалімдерінің өздерінің технологиялық дайындығы “Материалдар өңдеу практикумы” пәні бойынша жүзеге асырылды. Соңынан оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға дайындығын қамтамасыз етуге бастапқы жай-күйін анықтау мақсатында анықтау эксперименті жүргізілді. Жалпы мұғалім келесі ұстанымдары негізінде жұмыс істеуі нәтижесінде әмбебап технологияны оқушылар бойында қалыптастыруда жүйелі нәтижесін алады:
-оқушы оқыту субъектісі болып қалыптаспайды, субъектілік тәжірибені алып жүретін тұлға ретінде танылады;
-оқу тікелей оқыту туындысы болып табылмайды, ол қабілетті, дербес, өте жоғары іс-әрекетті даму көзі;
-«даму векторы» оқушыдан оның дамуына әсер ететін дербес педагогикалық ықпалына қарай қалыптасады;
-оқушы қоғамдық қана емес, жеке тәжірибесімен, соның негізіндегі дамуды жетілдіру әрекетімен бағаланады
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, сыныптағы барлық оқушылардың шығармашылық еңбек дағдыларын дамыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |