II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Осы аласапыран кезендердегі қазақ әдебиетінің шығармаларын тереңдеп талдап тану, ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын тарихи сабақтастықта зерттеу ел тарихының қастерлі беттерін ашады. XIX ғасыр әдебиеті өткен ғасырлардағы ұлттық сөз өнерінің өрнегін, дәстүрін сақтаумен бірге көркемдік құралдарын байытты, жаңа сипаттар дарытты. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идсялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Зерттеу барысында осы дәуірдегі көптеген әдеби мұралар жаңа қырынан қарастырылды, бұрын белгісіз болып келген, әлде арнайы талдауға түрлі себептермен мүмкіндік болмаған шығармалар мен ақын-жырау мүралары ғылыми айналымға қосылды. Дулат, Шортанбай, Байтоқ, Жанұзақ, Нысанбай, Досқожа, т.б. мұраларына қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тереңдеп үңіліп, ашық жазуға мүмкіндік туды.
ХІХ ғасырдағы әдеби,мәдени өмірдің үш ерекше құбылысты срекшеліктері байқалады. Оның біріншісі, жоғарыда сөз болған қоғам тарихындағы саяси- әлеуметтік жағдаяттар мен мемлекеттік құрылыстағы жаңалықтар болса, екіншісі қазақ кітаптарының алғаш рет баспадан жарық көре бастауы, әдеби шығармаларды насихаттаудың, таратудың жаңа сапалық сатыға көтерілуі еді. «Құран Кәрім», өзге де діни әдебиеттен кейінгі оған стене жақын кітап «Сейфілмәлік», 1807 жылы Қазан шаһарында, Қазан гимназиясының баспаханасынан XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ адебисті жарық көрді». Қолжазба кітаптар, тасқа қашалған, балбалдарға түзілген бітіктерге келгенде талай ғасырдың алдын орап кететін түркі, қазақ жұрты алғашқы баспа кітаптарына осылайша XIX ғасыр табалдырығында қол жеткізді. «Иғлан наме», «Қисса- и-Шәкір-Шәкірат…», «Атымтай», «Ер Тарғын», тағы басқа мұралардың кітап болып алғаш рет жарық көруі сол кезеңнің үлесіне тиді. Ауыз әдебиетінің дәстүріндегі көркем сөздің кітап болып тарала бастауы, жалпы кітап бастырудың көріністері ұлттық журналистика тарихымен бірге, әдебиеттің де тарихи дамузаңдылығының ерекше жаңалығы.Үшіншіден, ең негізгісі, қазақ әдебиеті біртіндеп жаңа әдебиет арнасына түсе бастады. Қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі негізінен осынау үш тарихи құбылыстың тоғысында өріс алды.
Жаңа әдебиеттің басты белгілерінің бірі - көркем сөзде замана, әлеумет, ел қамы секілді толғамдардың жүйелі де қанық көрініс берген түстары. Академик М.О. Әуезов XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебисті жазба әдебиет пен ескі әдебиет ұғымын салыстыра, жарыстыра қолданады. Жазба әдебиеттің басты белгісі «жазу, жазылу» екендігін айта отырса да, жазба әдебисттің жазу қолданылмай-ақ ауызша айтып таратып жүрген кезеңдерден де байқалатын ерекше қасиеттері бар екендігін аңғартып өтеді. «Қазақ әдебиетінің тарихында жаңағыдай кезең асқан дәуір болғандықтан, қазақтың жазба әдебиеті осылардан бастап әлеумет халін ұғып, ел қамын жоқтауға кіріседі. Өлең бұрынғыша қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметін атқара бастайды. Елдің саяси пікірі мен тілек, мақсат, мұң-зар сияқты сезімдерінің басын қосып, жаңадан ой негізін, салт-санасын құрай бастайды. Бұл уақытқа дейін болмаған әлсуметшілдік сарыны, азаматтық нысанасы шығады. Сондықтан алғашқы буыны өлең, жырын ауызша айтса да, жаңағы белгілерге қарап, барлық ақындардан қалған сөздерді жазба әдебиетке қосамыз». «Ескі әдебиет жұрнақтары» деген ұғым қолданылған соң (М.О. Әуезов), «жаңа» әдебиет деген түсінік те тілге оралады. Жаңа әдебиеттің сипаттары уақыт, қауым мәселелеріне тереңдеп бару, әлеуметтік, елдік азаматтық, саяси нышандардың әдеби шығармаларға арқауболуы. М.О.Әуезов жаңа жазба әдебиет пен ескі әдебиеттің аражігін жылдармен, кезеңмен межелемейді, жазу қолданылмай тұрғанда да әлеумет халін ұғып, ел қамын жоқтаған толғамдары бар әдсбистті жаңа, жазба әдебиетке қосатындығын сездіреді. Демек, әдебиеттің дәуірлік, әлеуметтік сипаттары жазудың қолдануына тікелей тәуелді бола бермейді деген ойдың ұшығы шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |