Қазақ әдебиеттану ғылымында ХІХ ғасыр әдебиетін арнайы қарастыру – үздіксіз жетіліп,дамып келе жатқан үлкен бір ғылыми арна.
XIX ғасырда әдебиеттің ішкі ісінде, көркемдік шенберлерінде өзгеріс, жаңару, даму тенденциялары аса күшті байқалды. Қазақ өлеңіне жаңа түрлер қосылды. Жаңа жанрлар туды. Еуропалық мәндегі жаңа жазба әдебиет қалыптасты.«Біздін білуімізше, зар заман ақындарынан бастап біздің әдебиет екінші жікке қарай ауысады. Бұдан бұрын қарастырған әдебиет жұрнактарының барлығын ауызша әдебиет десек, мыналарды жазба әдебисттің басы деу керек».
Қазақ әдебиетіндегі ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеуге арналған еңбектер: "Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығ ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
Енді еңбектің құрылысына келсек, төртінші томды жазуға ғылыми жобаның жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қ.Егеубаев филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ысмағұлов ,ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.С. Қирабаев ,ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Жұмалиев, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.А. Қасқабасов және т.б үлес қосты.
М. Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті тарихын жасаудың қисындарын алғаш рет мақсатты түрде алға тартып, ғылыми жүйенің үлгі негізін ұсынды. «Әдебиет тарихындағы» «Тарихи жырлар», «Зар заман әдебиеті», «Айтыстардың» елеулі арнасы - XIX ғасыр әдебистінің еншісі. Сонымен бірге XIX гасырда ауызша әдебиеттің байырғы үлгілері де қатар жасап отырғанын ескергенде, «Әдебиет тарихының» барлық бөлімінің XIX ғасыр әдебиетіне қатысы бар.
XIX ғасырдағы дәстүрлі әдебиет үлгілерінің жанрлық өзгеріс,даралану бағыттары. Ауызша әдебиеттен жазбашаға ойысу Сәкен Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931 ж.), «Қазақ әдебисті» оқулық-хрестоматияларында да XIX ғасырдағы әдебиет үлгілері молынан қамтылған.
1942 жылғы «Қазақтың XVIII, XIX гасырлардағы әдебиет тарихының очерктері» көмекші оқу құралында Сәбит Мұқанов XIX ғасырдағы әдебиетті әдебиет үлгілерін кеңінен қамтып қарастырды.
Қажым Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» (I том, 1958 ж.), «Қазақ әдебиет тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (II том, 1960 ж.) монографиясында XIX ғасыр әдебиеті жан-жақты қарастырылды.
Зәки Ахметовтің «Казахское стихосложение», «Өлең сөздің теориясы» енбектерінде қазақ өлеңінің туу, жасалу заңдылықтары, негізгі жанр, үлгілері жөнінен айрықша негіздемелерімен ашылды.XIX ғасыр әдебиеті қазақ әдеби тілінің дамуындағы орнына қарай да кең зерттеулер нысаны болып отыр.
Ақындық өнер XIX ғасырда соншалықты бай өнерпаздық дәстүрді дамытқан айрықша шығармашылық қуатқа айналған.Қоқан, Хиуа халықтары билеген өңірлер әдебиетіндегі ақындық шығармашылықтың бір қыры жыршылық дедік. Қазақтың рухани өмірі, әдебиет, мәдениет тарихындағы осы бір өнердің ғылыми негіздері Шоқан Уәлиханов зерттеулерінен бері қарай жан жақты қисындалды.
Қ. Жұмалиев, Р. Бердібай жыршылардың тек белгілі мәтіндерді жаттап, соны жұрт алдында қайталап орындаушылар ғана емес, өзге де өнер иелері сияқты сан қырлы өнерпаз екендігін, олардың тек ертеден келе жатқан жыр-дастандарды жаттап айтып таратушылар ғана емес, оны дамытушы, эпикалық дәстүрді жалғастырушылар екендігін атап отырады.