Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
«ИЭжМ» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Құқық негіздері
(пәннің атауы)
Тақырып: «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық оның себептері»
Қабылдады:
Жуматова Гульзат Мухаметкаримовна
(оқытушының аты-жөні)
Орындаған:
Қанибек Нұрай Қанибекқызы
(студенттің аты-жөні)
ПСК-20-1
(тобы)
Қарағанды 2023
Мазмұны
Кіріспе 4
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық оның себептері 5
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер 10
Кіріспе
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері-осы Заңның 10-бабында аталған, өздерінің өкілеттіктерін атқаратын лауазымына (ережесіне) сәйкес пайдакүнемдік пайдаланатын, құқыққа қарсы әрекеттері сыбайлас жемқорлық деп танылуға тиіс адамдар, сондай-ақ бірінші қандай да бір құқыққа қайшы артықшылықтар беретін адамдар;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл субъектілері-мемлекеттік органдар және мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқару органдары, меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қалыптастыруға және іске асыруға уәкілеттік берілген тұлғалар, жекелеген жеке тұлғалар.
Достарыңызбен бөлісу: |