Реферат іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі36,66 Kb.
#17327
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар

4.Орынды тәуекел ету
Өндірістің, медицина мен ғылымның даму үдерісі сынақтар жүргізуге және соған орай тәуекелге де байланысты. Тәуекел ету әрқашан ең аз үлесті болса да сәтсіздіктермен байланысты болады. Тәуекел етуде зиян келтірудің ықтималдылығы да болмай қоймайды. Зиян келтіруге әкеліп соққан тәуекел әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаруы үшін ол негізді болуы тиіс.
Мынадай критерийлер тәуекелдің негізділігін анықтайды:


  • орынды тәуекел ету қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізуге негізделеді;

  • аталған мақсатқа тәуекел іс-әрекетпен байланыссыз қол жеткізу мүмкін емес;

  • адам құқықпен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірмеуі үшін барлық іс-шараларды қолдануы керек.

Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер төндірумен, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды. Орынды тәуекел ету шартын бұзып, қылмыс жасау жазаны жеңілдететін мәнжай болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет