Реферат іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар


Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мәнжайлардың кейбіріне жалпы сипаттама. Қажетті қорғану



бет3/6
Дата07.01.2022
өлшемі36,66 Kb.
#17327
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
2.Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мәнжайлардың кейбіріне жалпы сипаттама. Қажетті қорғану
Әрбір адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін, басқа адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қолсұғушылықтан қорғауға құқығы бар. Қажетті қорғану кез келген азаматтың заңды құқығы. Кез келген азамат билік өкілдерінің немесе басқа адамдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне немесе қашу арқылы қол сұғушылықтан құтылуына қарамастан қажетті қорғану құқығын пайдалана алады. Қажетті қорғану әрекеті қолсұғушылыққа жатқызатын және қорғану ретінде сипаттайтын шарт-жағдайлпр болғанда ғана құқыққа сай деп есептелінеді.
Қолсұғушылық мынадай болуы тиіс:

  1. қоғамға қауіпті болу, яғни жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян тигізетіндей болуы қажет;

  2. қол сұғушылықтың нақты бар болуы, яғни басталған, бірақ аяқталмаған;

  3. шынайылық. Ол қылмыстың әрекеттің қорғанушының қиялында ғана емес, объективтік шынайылығында opын алуын білдіреді;

  4. жеке адамдардың құқықтары мен мүдделері ғана емес, басқа адамдардың, сонымен бірге қоғам мен мемлекеттің мүдделерін де қорғауға жол беріледі;

  5. зиян тек шабуылдаушыға келтіріледі, үшінші тұлғаға зиян тигізілмеуі керек;

  6. қажетті қорғаныстың шегінен шықпауы тиіс.

Қажетті қорғаныстың шегінен шығуы — бұл қауіпті қолсуғушылықтың сипатына сай келмеуі немесе қорғаныс жағдайының сәйкес келмеуі салдарынан қолсұғушыға анық шектен тыс жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру (өлім немесе ауыр дене жарақаттары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет