Реферат іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар


Қолсуғұшылық жасаған адамды ұстау кезіндегі зиян келтіру



бет4/6
Дата07.01.2022
өлшемі36,66 Kb.
#17327
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар

3. Қолсуғұшылық жасаған адамды ұстау кезіндегі зиян келтіру
Жасалған әрекетке байланысты қылмыс жасаған адамды, мемлекеттік органдарға жеткізу үшін құқыққа сай ықпал ету актісі қылмыскерді ұстауды сипаттайды. Егер ол ұстаудан жалтаратын болса, оған күш қолдану қажеттілігі пайда болады және оның қоғамға қажеттілігі бар.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес адамның қылмыс жасауы устаудың құқықтық негізі болып табылады.

Қылмыскерді устау кезінде зиян келтірудің құқыққа сай болатын шарттары мынадай:



  • кінәлі адамның қылмыс жасауы. Басқалай құқық бұзушылық жасаған адамға зиян келтіруге жол берілмейді және ол қылмыстық жауапкершілікті туындатады;

  • тек қылмыс жасаған адам ғана ұсталады және соған ғана зиян келтіріледі;

  • адамды ұстау кезінде қолданылатын шаралар мәжбүрлі болып табылады, яғни қылмыскерді басқа құралдар арқылы ұстау мүмкін емес;

  • Қылмыс жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылың жасау мүмкіндігін тыю — ұстаудың мақсаты болып табылады;

  • ұстау кезінде қажетті шараларды асыра сілтеуге жол берілмеуі керек.

Қолсуғышылық жасаған адамды ұстау кезінде ұсталған адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады.
Аса қажеттілік — бұл қылмыстық заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерге, адамның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін зиян келтіруге мәжбүр болатын ерекше жағдай. Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттердің құқыққа сай болуының шарттары екі топқа бөлінеді: біріншісі, қауіп көзін, екіншісі, қауіпті жою жөніндегі әрекеттерді сипаттайды.
Қауіп-қатерге жатқызылатын шарттар:

  • аса қажеттілік жағдайында әрекеттер жасағанда қауіп көздері әр түрлі болуы мүмкін: апатты құбылыстар (найзағай, су тасқыны, вулкан атқылау), тетіктердің бұзылып қалуы (басқару тетігі істен шыққан автокөліктің қозғалысы), адамдар әрекеті (шабуыл жасау), физиологиялық процестер (ашығу, қатты мұздау). Мысалы, адам тонаушылардың шабуылынан қашып, бөтеннің автокөлігін айдап қашады;

  • қауіп шынайы және бар болуы тиіс, яғни, ол қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге тікелей қауіп төндіреді және кез келген сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.

Қауіптен қорғану мынадай талаптарға сәйкес келуі керек.




  • зиян келтіру мәжбүрлі түрде болуы керек және үлкен қауіпті жоюдың жалғыз амалы болуы қажет. Соған орай, қорғанушының зиян келтірмей кауіпті жою мүмкіндігі болмайды;

  • келтірілген зиян алдыңғы зиянға қарағанда анағұрлым аз болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет