Реферат іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар


Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу



бет6/6
Дата07.01.2022
өлшемі36,66 Kb.
#17327
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар

5.Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрдеудің нәтижесінде заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып есептеледі. Мәжбүрлеу арқылы жасалған әрекеттің салдары қылмыс болып есептелмейді. Олар әрекетпен де, әрекетсіздікпен де сипаттала береді. Күштеп мәжбүрлеудің екі түрі бар: әл жетпейтін және жететін. Әл жетпейтін күштеп мәжбүрлеуде — адам толықтай өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылады (қолы бойланған немесе қамалған күзетші). Әл жететін күштеп мәжбүрлеуде — адамның өз әрекетін басқару мүмкіндігі сақталады.
Психикалық мәжбүрлеу — адамның еркіне сөз, символ, ымдау, қаруды немесе оның сұлбасын көрсету арқылы әсер ету. Мұндай әрекеттер адамды өз өміріне, денсаулығына және жақын адамдарына қауіп төнуі мүмкін деген қорқынышқа итермелейді. Психикалық мәжбүрлеу кезінде адамның өз әрекетін таңдау мүмкіндігі сақталады. Егер ол талап етілетін әрекетті жасаса, ол қоғамға қауіпті болады. Ол келетін күштеу және психикалық мәжбүрлеу салдарынан әрекет жасағаны үшін жауапкершілік туралы мәселе қажеттілік ережелері бойынша шешіледі. Сондықтан мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілік егер алдынғы зиян, келтірілген зияннан көп болған жағдайда ғана жоққа шығарылады.

Қорытынды
Сонымен қорыта келе мына ескерте айтқанымыз жөн: жалпы, кейбір жағдайларда жасалған әрекет сыртқы жағынан қылмысқа өте ұқсас болуы мүмкін, бірақ ол жоғарыда аталған белгілердің бірінен немесе төртеуінен де айырылған болса, ол қылмыс болып табылмайды.

Яғни, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар дегеніміз – сырттай қылмысқа ұқсас әрекеттерді заңды әрекеттерге, тіпті кей жағдайларда қоғамға пайдалы әрекеттерге айналдыратын жағдайлар.

Осы жазба жұмысты жасау барысында іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың ҚР ҚК бойынша жеті түрі бар екендігін пайымдадық: Қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік, жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру, орынды тәуекел ету, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау.

Қылмыстық заңның аталған нормаларында көрсетілген жағдайлар әрекеттің қоғамға қауіптілік элементін жойып оған әлеуметтік пайдалы сипатты береді.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001

2. Авторлар тобы.: Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001

3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2000

4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 1999



5. Ағыбаев А. Көптік қылмыстар // Тураби, 1998 / №3.

6. Алауханов Е. Жаза. 1. Жаза және оның мақсаты. 2. Жазалар жүйесі және олардың түрі // Заң, 1999. №7.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет