Қазіргі уақытта мемлекеттік және қоғамдық емірдің көптеген салаларында дәуірлеу үрдістері күшейе түсуде. Әлемдік қоғамдастық пен мемлекет жалпы қоғамдық қағидаларға көп көңіл бөледі және әртүрлі құқықтық жүйелердің өзара жакындасуына ықпал етеді. Ұлттық заңдардың даму тәжірибесін зерттеуге, құқықтық ақпараттар мен ғылыми идеялармен өзара алмасу жүргізуге деген қызығушылық күшеюде. Осылардын барлығы салыстырмалы құқықтану туралы білімдердің топтастырылуы меи ары қарай даму қажетгілігін тудырады. Салыстырмалы құқықтану құқықты оқып үйренуде ұлттық біржақты нұсқаудың шеңберінен шығып, құқықты кең аяда зерттеуге жол ашады.
Ұлттық құқықтық жүйе мен шет елдердің құқықтық жүйесінің арақатынасын анықтау әр түрлі мемлекеттердің ұлттық, құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Түрлі құқықтық жуйелерді зерттеу, әр елдің құқығынын даму жолдары мен ерекшеліктерін түсінуге көмектесумен қатар, өз елінің заң ғылымдарын дамытуға жол ашады.