2. Романо-германдық құқық жүйесі Қазіргі таңда өмір сүріп келе жатқан құқықтық топтармен отбасылар ішінде
романо-германдық құқықтық отбасы ерекше орын алады және заңдық
теориямен практиканың дамуында ерекше маңызга ие. Рене Давидтің айтуы
бойынша қазіргі дүниеде кездесетін бірінші отбасы болып табылады.
Романо-германдық құқықтық отбасы Африка елдерінің көп бөлігін, Латын
Америкасының барлық мемлекеттерін, Жапонияны косқанда барлық Шығыс
елдерін, және континеталдық Европа мемлекеттірінің біраз бөлігін қамтиды.
Бірінші топқа Франция, Испания, Италия, Бельгия, Люксембург және
Голландияның құқықтық жүйелерін жатқызады. Екінші топқа ГФР мен
Австрияның құқықтық жүйесін жатқызады. Оған Швейцария және бақа да
мемлекеттерді жатқызуға болады. Романо-гермендық құқықтық жүйенің
дамуының орталығы ретінде континенталдық Европа болып табылады. Алайда оның қызу дамуы соңғы жүз жылдықта басқа да аумақтармен дүниіе
бөліктерінде байқалған. Осыған байланысты бұл құқықтық отбасын кейде
латиноамерикандық, скандинавиялық, латиндік және басқа да құқықтық
топтарға бөледі.
Өзінің тарихи және генетикалық бастамасын романо-германдық құқықтық жүйе Ежелгі Римнен алады. Оның қайнар көздері рим құқығында жатыр. Яғни, бұл романо-германдьгқ құқықтық жүйесін Англо-саксондық және басқа құқықтық отбасыларынан ерекшелейді. Басқа құқықтық отбасыларынан негізгі басты айырмашылығы осында жатыр.
Романо-германдық құқықтық жүйесінің континенталдык Европа территориясынан шығып, басқа да мемлекеттерде таралуы, европа мемлекеттерінің басқа мемлекеттерді отарлауымен байланысты және зорлаушылық экспансия мен еріктілік рецепциясын қосуға болады. Романо-германдық құқықтық жүйесінен англосаксондық құқықтық отбасы жүйесіне ауысу жағдайына мысал ретінде АҚШ - тағы бөлек штаттардың құқықтық жүйесінің дамуынан көруге болады. Франция, Испания бөлігінің астында болған Луизиона, Невада, Техас және басқа штаттардың құқықтар жүйесі, олар АҚШ-тың бөлек штаттары деген статус алғаннан кейін өздерінің англосаксондық құқық пен романо-германдық құқықтық элементтерін үйлестіреді. Ұқсас қазіргі таңда да сақталған.
Өзінің дамуында романо-германдық құқықтық жүйе ұзын жолдан өтуде. Зерттеушілер олардын эволюциясының негізгі үш периодын көрсетеді. Бірінші кезеңіне, яғни оның қалыптасуы мен дамуына эволюцияның алдында болған XIII ғасырға дейінгі кезең. Ғылым заңгерлердің пікірі бойынша нақты XIII ғасыр ғылыми көзқарастан қарағанда романо-германдық құқықтық жүйенің бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшін алғышарттар жасау процесі жүрді.
Сол кезендегі бірте-бірте романо-германдық құқықтық отбасы қалыптаскан элементтер әдеттегі құқық сипатыңда болды. Юстинианнын кодексі, дегесталар және институциялары және басқа да жаңа талаптарға бейімделген рим құқығының қайнар көздері кең тараған. Қазіргі Европалық мемлекеттрдің территориясында германдықтар, славяндардыктар және басқа тайпалардың әр түрлі дәстүрлері және заңдары - варварлар заңы қолданылады. Олардың бірыңғай жинағы немесе кітабы болған. Жүйелендіру жұмыстарын жүргізу, кешенді оқыту және қорытындынау сияқты әректтер жасалмайды. Арнайы қайнар көздерге көзделгендей сот процесінде дәлелдемелердің инквизициялық жүйесі қолданылды. Сот шешімдерінің орындалуы қамтамасыз етілмейді. Құқықтық нормаларды білудің керегі не ? - деп сұрайды тергеуші. Егер де істің сәтті болуы, екі жақтың ант беруі, тазару процедурасы, Құдайдың пікіріне, соттық байқау немесе жергілікті биліктің бассыздығына байлаңысты болса,- дейді.
Бұл кезеңде құқық тек формальді түрде ғана болды. Жеке мен әлеуметтік топтар арасындағы даулар бұл кезеңде мықтының немесе көсемнің билігінің заңымен шешіледі. Романо-германдық құқықтық жүйенін екінші кезеңіне XIII ғасырдан XIII ғасыр аралығына жатқызамыз. Ол алдымен Италияда ХШ-ХІУ ғ.ғ., кейін батыс Европаға таралған Ренессанс пен қайта өрлеумен байланысты. Өткенге үндеу жасау ойы құқықтық дәстүрмен, кезінде Батыс Европа мен Африка және Таяу Шығыстың кейбір мемлекеттерінде таралған Ежелгі Римнің құқықтық жүйесіне, жаңа талаптарға сәйкес қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуына және құқықтың қажет екендігін түсінуге септігін тигізді. Романо-германдық құқықтың отбасының дамуындағы бұл кезенді сипаттай отырып, Р.Давид «Жаңа қоғам құқықтың қажет екендігін сезінді» деп жазады. Яғни процесс үшін қажет тәртіп пен қауіпсіздікті тек құқық қана камтамасыз ете алатындығын түсінді.
Қайрымдылыққа негізделген христиандық қоғамның идеалы тоқталды. Шіркеудің өзі діни қоғамдарды нақты айыра бастады. XII ғасырда дін мен моральді азаматтық құқықпен тәртіптен айыра білді. Құқық ретінде қайтадан қоғамдағы маңыздылығын, оның өзінің ролі және нақты бір автономиясы қаралды.
Заңгерлер мен философтар барлық қоғамдық қатынастар құқыққа негізделіп құрылуын, онархия режимін доғаруды талап етті.
Романо-германдық құқықтық отбасы англосаксондық құқықтық жүйесінен тағы бір айырмашылығы моральдік немесе кез келген өзге биліктің кеңейуі мен нығайуының олардың орталықтарылғандығының нәтижесі болып табылмайды. Романо-германдық құқықтық жүйе европалық континетте нығая бастауы ондағы мемлекеттер өзара біртұтас бірлікке келген жоқ еді және ондай бірігуді құру туралы ойдың өзі орындалмайтындай көрінді. Оның фундаменті ретінде батыс европалық мемлекеттердің мәдениеті мен дәстүріңің ортақтығы саналады,
Романо-германдық континентальдік құқық негізіндеғі идеяларды тарату және терендетудің негізігі құралы ретінде европалық университеттер болды. Дәл сол кезде алғаш рет рим құқығының рецепциясының идеясы атақты болды, оның мәнің түсініп «тазартылды», түбегейлі өзгерген талаптарға бейімделді. Құқықтық университеттік коонцепциясы дайындалып шығарылды. Құқықты үйренуге әр түрлі жағдайлар жасалды, сәйкесінше құқықты практикалық қана емес академиялық тұрғыда қарастыру жен деген ұсыныстар болды. Дәлірек айтқанда оны тек техникалық - заңгерлік тұрғыдан ғана емес, сонымең қатар кең әлеуметтік аспекті түрінде, яғни әлеуметтік ұйымның үлгісі, адамгершілік қағидасы, әділдік пен мейірімділік ретінде зерттеу қажет. Университеттік құқықтық ғылымда құқықтың тек өзін ғана емес, оның басқа да «моральдік ғылымдармен» және пәндермен - философия, дін және теологиямен тығыз байланыстыра отырып зерттеудің тенденциясы басым болды. Құқықты зертеудің мақсаты тар көлемдегі практикалық прагматикалық емес, глобальдық, әлеуметтік, ізгілік мақсаты делінді.
Ол кезеңде құқықтық зерттеудегі алға қойған мақсат, мысалға соттың шешімін шығаратындығында болған жоқ. Құқық соттарды белгілі бір сұрақтарды калай шешу керек екндігін үйретті. Құқық соттардың кәсіби және қоғамдық қызметіндегі басшылыққа алатын нормаларды бекітеді. Құқықты үйрету күнделікті өмірдегі тәртіппен ғана шектелмейтін моральді үйретуге ұқсас, бірак онда жалпы сабақ беріліп, әрі қарай қалай өмір сүру керек екендігі көрсетіледі.
Рим және университеттік құқықтық практикаға енгізу мен зерттеу әрекеттерімен қатар кононикалық құқыққа да басым назар аударылады. Ол шіркеу соборларының шешімдері мен рим папасы шығаратын басқа да актілермен қаулылардың жиынтығынан тұрды. Каноникалық құқықтың нормаларының көмегімен шіркеу ұйымдарының ішкі өмірі реттелсе, кейіннен жанұялық және мүліктік қатынастар да реттелді. Каноникалық құқық даму кезеңінде кодификацияға ұшырайды. Мұндай кодификациясының әйгілі актісіне 1582 ж каноникалық құқықтын жиынтығына жатқызамыз. Діни бірлестіктердің ішіндегі, шіркеу ішіндегі қатынастар мен байланыстарды реттеу құралдарын айта отырып ХШ-ХІХ ғғ аралағындағы атақты қайғылы инквизиция туралы да айтып кеткен жөн. Сол кезеңде инквизиция католикалық шіркеудің шексіз билігін айту үшін негізгі құрал болатын. Инквизиция өз алдына шіркеу канондарымен сәйкес, ереуілдермен күресу үшін соттық - полициялық мекемеге айналды. Бірақ іс жүзінде барлық қоғамды өз бақылауында ұстап, халықтың барлық деңгейіне әсерін тигізеді.
Тиісінше, инквизицияны жүзеге асыру барысында пайда болған анықтау, сот өндірісін реттейтін процессуалдық және өзге де актілер қоғамға психологиялық және өзге әсерін тигізді. Әсіресе Испанияда католикалық шіркеудің қаруы болған инквизиция көптеген ғасырлар бойы етек жайды.
Инквизицияның тарихын зерттеуші, каноникалық құқықтың докторы, бұрынғы Испания инквизицияның бұрынғы хатшысы Х ғ Льоренте былай деп жазған болатын: Испания сияқты басқа ешқандай мемлекетте инквизиция гүлдеу шегіне жетпеген еді. «Басқа ешбір жерде бұлай жан - жағынан шіркеулік тормен қамалып, жанарын тереңге жібермеп еді».
Өзінін жауыз қанішерлігімен, құпиялылығымен сот өндірісін қоршай отырып адамдарға қорқыныш тудырып, бүкіл қоғамды қамауда ұстаған. Испандық инквизиция мен онын әсер ету әдістерін мысалға ала отырып басқа мемлекеттердегі де көріністерін білуге болады. Әрине Испанияда және басқа да мемлекеттерде аталған институттың құпиялық қағидасы болып ұрпақтан ұрпаққа жазылмаған ереже берілді «король және инквизиция жайында тіс жарма»
Алайда берілген материал, нормативтік актілер Батыс Европада орнаған саяси
және психологиялық атмосфераны толық және обьективті суреттеумен қатар,
сол кезендегі романо-германдық құқықтық жүйесін даму ерекшеліктерін
керсетеді. .
Европалық қоғамының дамуы кезеніндегі тиісінше құқықта эволюцияға ұщырайды. Ол туралы ұғым ғана емес, оған деген қатынас та өзгерді. Университете бағдарламаларында біртіндеп құықтық қағидаларын қалыптастыруға ұмтылды. Яғни, академиялық ғана емес рационалистік бастамалардың көрінісі еді. Бұл табиғи құқықтың мектебі (теориялық доктрина) деп аталатын жаңа ағым немесе мектеп Европа университеттерінде толығымен ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. орнығады.
Романо-германдық құқықтық жүйесінің дамуының үшінші кезеңі Европалық
мемлекеттерде заң шығарушылықтың қарқынды түрде дамуымен және
кодификациямне байланысты. Бұл кезең хронологияға сәйкес қазіргі уақытта да
жалғасуда.
Екінші кезеңнің аяғы мен үшінші кезеңнің басына тән нәрсе континентальді европадағы жеңіске жеткен буржуазиялық революциялар феодалдық құқықтық институтты түбімен жойып жіберді. Олар құқық туралы ұғымды өзгертіп заңды қосымша қайнар көзден романо-германдық құқықтың негізгі қайнар көзіне айналдырды. Мемлекет басшысы құқықты бұзуға не өзгертуге болмайды деген бұған дейін өмір сүрген теория және практика жойылды. Оның құқық шығармашылық қызметі болған жоқ. Құқық мемлекеттің билігінсіз өмір сүрді. Заң қабылдауға құқығы болмағандықтан ордананс, эдикт және өзге де әкімшілік актілер шығарады.
Рене Давид осы кезеңді сипаттай отырып, дәл осы уақытта Европада алғаш рет позитивтік құқыққа қызық туа бастайды деп атап өткен. Алғаш рет суверен өзі құқық шығаруға жане оны толығымен қарастыруга рұқсат берілді. Теориялық тұрғыда , бұл өкілеттіктер суверенге «табиғи кұқықтың» қағидаларын бекіту үшін берілген деп есептелді. Практикада бірақ өкілеттіктерге ие болғанна кейін басты мақсатын ұмытып, билікті мемлекеттің негізін және қоғамдық құрылысты өзгерту үшін қолданады, ал «табиғи құқық» жайлы мүддем ұмытылады.