5. Социалистік құқықтық жүйе
Социалистік құқықтық жүйені төртке бөлеміз:
кеңестік құқық жүйесі;
европалық социалистік мемлекеттердің құқықтық жүйесі;
азиялық социалистік елдердің құқықтық жүйесі;
Куба республикасының құқықтық жүйесі.
Бұл құқық жүйесінің ерекшелігі: қоғамдық меншікті қорғау, орталықтан жоспарлау, ұжымдастыру т.б.
Бұл мемлекеттерде құқықтың қайнар көзі – заң шығарытын органдардың нормативтік актілері.
Қазіргі күнде бұл жүйе Қытай халық республикасында, Кубада, Солтүстік Кореяда өмір сүруде. Бұрынғы КСРО мемлекеттері бұл жүйеден бас тартып, романо-германдық құқықтық жүйеге көшуде.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі қалыптасу кезеңінде. Жалпы алғанда - бұл құқықтық жүйе романо-германдық құқықтық жүйеде дамытылуда.
Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік – құқықтық актілер пайдалынады. Нормативтік – құқықтық актілерге мыналар жатады:
а) Конституция нормалары;
б) заңдар және заң негізіндегі нормативтік құқықтық актілер;
в) халықаралық келісімдер;
г) Конституциялық кеңес және жоғарғы соттың нормативтік қаулылары.
Социалистік мемлекеттің экономикалық негізіне жерге қоғамдық меншік т.б. жатты. Негізгі тап – жұмысшылар және шаруалар болды. Аралық топтарға интелегенция т.б. жатты.
Бұл мемлекеттердің қызметіне:
а) мемлекеттің, қоғамның және еңбекшілердің мүддесін қорғау;
ә) экономикалық;
б) әлеуметтік қызмет жатты.
Социалистік мемлекеттік билікті ұйымдастыру түрі – республика, федерация болды. Шын мәнінде социалистік мемлекеттің экономикалық фундаменті – өндірістік құрал-жабдыққа қоғамдық меншік болғанымен еңбекте құл иеленушілік және крепостниктік езіп-жаншу түрін пайдаланды. Жалпы алғанда мемлекеттің социалистік типі «өндірістің азиаттық тәсілінен» пайда болған шығыстық деспотияның бір түрі болды.
Тарихи процесс көптеген бір-бірінен айырмашылығы бар мемлекет типтерін алып келді. Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде қоғам дамуының рухани ізгілік және мәдени қорғаушы күштерімен салыстыра отырып шешеді. Өркениеттің өзі әлеуметтік – мәдени жүйе. Өркениеттік тәсілдің өлшемдеріне рухани қорғаушы күштер – мәдени, діни, ұлттық т.б. күштер жатады.
Өркениеттің дамуы бірнеше сатыдан өтеді. Олардың әрқайсысын даму кезеңіне, діни, психологиялық, мәдени, географиялық және т.б. ортақ белгілеріне қарай топтастырамыз.
1-ші кезең - жергілікті өркениеттілік. Мұндай өркениетте тән мемлекеттердің өздеріне ғана тән тығыз байланысты әлеуметтік – экономикалық институттары қалыптасты. Бұл өркениетті елдер тобына: ежелгі Египетті, Шумер, Үнді, Эгейді т.б. жатқызамыз.
2-ші кезең - ерекше өркениеттілік, бұл кезеңнің де өзіне тән мемлекет типтері болды. Үнділік, қытайлық, батыс европалық, шығыс европалық, исламдық т.б.
3-ші кезең - қазіргі өркениеттілік, бұған қазіргі қалыптасып жатқан мемлекеттер жатады. Оларды қазіргі бірлескен түрде өмір сүруіне қажетті әлеуметтік – саяси құрылымына қарай топтастырамыз.
Мемлекетті типтерге бөлудің әртүрлі тәсілдері бар: хронологиялық, генетикалық, кеңістіктік, діни және мемлекеттік құрылымын ұйымдастыру дәрежесіне қарай т.б.
Мемлекеттік – саяси институттарының ұйымдастыру дәрежесіне қарай өркениеттілікті екіге бөлеміз: бірінші өркениеттілік және екіншісі өркениеттілік. Біріншісін мемлекеттік - елдік мәніне қарай топтастырамыз: оған ежелгі египеттік, шумерлік, ассиро-вавилондық, ирандық, бирмалық, сиамдық, кхмерлік, вьетнамдық, жапондақ т.б. жатады. Екінші өркениеттілікке: батыс европалық, шығыс европалық, солтүстік американдық, латын американдық, буддалық т.б. жатады. Бұл жерде мемлекеттік билік пен мәдени – діни жағына қарай топтастырамыз.
XX ғ. басқа да құқық жүйелерімен қатар тағы да бір құқықтық отбасы дамыды, ол - социалистік құқық. Социалистік құқықтың көптеген қағидалары мен белгілерінің романо-гермендық құқық жүйесімен ұқсастығы компаративистерге сол құқық жүйесін шынайы түрде - тануға кедергі келтірген жоқ.
Ю.А.Тихомировтың көрсеткеніндей Кенестер Одағының жрне басқа да социалистік мемлекеттердің таралуынан кейін социалистік құқықты бағалауда да көптеген асығыс өзгерістер болды. Оның нақты түрде жоғалып кетуі сол жүйені тарихи ескерткіш ретінде ғана бағалауға жағдай жасады. Көптеген заңгер-ғалымдар оны сынай отырып, бұрынғы КСРО аумағында шет елдің құқығын, соның ішінде романо-германдық құқық жүйесінің қағидалары, институттары және нормаларының таралғаны жайында асығыс ойлар айтыла бастады. Басқалары өткен мен болашақты болжай отырып жаңа құқықтық жүйенің, яғни славяндық жүйені қалыптастыруға шақырады. Нақты уақытта социалистік құқықтың көптеген нормалары Ресейде танылын, қазіргі күнге дейін олардын, ата заңдарында өз күшін сақтап қалғанын атап өтуге болады. Куба, Қытай, Солтүстік Корея елдерінде социалистік констатуциялар мен заңдар әрекет етуде.
Социализм экономикалық және қоғамдық даму деңгейі әртүрлі, өз арасында өмір сүру, тарихи және ұлттық дәстүрлері жағынан ажыратылатын елдер арасында туындап және қалыптасты. Социалистік мемлекеттер тек аумағы ғана емес, тұрғындарының саны, құқықтық даму тарихымен де ажыратылады. Осы мемлекеттерде тұратын халықтардың тарихы, олардың діни ұстанындары және ұлттық дәстүрлері де әртүрлі болды.
Жекелеген социалистік елдер арасында экономика, мәдениет, социалистік құрылыстың міндеттерін шешу тәсілдері мен жолдарында да үлкен айырмашылықтар болды. Бұл айырмашылықтар социалистік құқықтық жүйелердің әрқилылығын куәландырады.
Мұндай социалистік құқықтық жүйелердегі айырмашылықтар негізінен олардың социализмді құрудың әртүрлі кезеңдеріне қатысты пайда болу және даму тәсілдерімен, социалистік даму жоларының ерекшеліктерімен байланысты болды.
Кеңестік заң ғылымында социалистік құқық тарихи дамудың ең жоғарғы және соңғы сатысы ретінде қаралады. Ол қанаушы құқық типтеріне қарама қарсы жүйе ретінде көрінеді. Социалистік құқықтық жүйелерде тарихта алғаш рет ұжымдық меншік түрлері, экономиканы мемлекеттік басқару, халық шаруашылығын жоспарлы түрде жүргізу сияқгы үлгілер дайындалды. Социалистік құқықтық жүйелерде жұмысшы табы мен барлық еңбекші халықгың мүдделерін көрсететін және бекітетін нормалар көрініс тапты. Социалистік құқық жүйесінің бастамалық негізін марксизм-ленинизм құрады. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин социалистік құқықтың негізгі сипаттамасын қалыптастырды. Олар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысымен негізділігін, экономикалық үстем таптын заңға айналдырылған құқытың, оның саяси билігінің құралын, құқықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың дамуына кәдімгідей кері әсер ете алу мүмкіншілігін көрсетті. Сонымен қатар, социалистік қоғамда құқықтың қажеттілігінің экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттарын негіздеді. Буржуазиялық құқықты сынай отырып, оны төңкеріс арқылы жоюдың қажеттілігін дәлелдей отырып, олар пролетарлық төңкеріс барысында мүлдем ешқандай құқық болмасын деген жоқ. Социалистік құқықтық жүйе тек социалистік төңкеріс жолымен қеледі, яғни жұмысшы табының басшылығымен еңбекшілердің мемлекеттік билікті төңкеріс жолымен өз қолына алуы.
Социалистік төңкеріс жеке меншікке қол сұға отырып, қоғамның экономикалық өмірін өзгертгі. Экономикалық қатынастардағы сондай тереңдетілген (күрделі) төңкеріске сондай тереңдетілген құқықтық төңкеріс сәйкес келді. Бұл жерде бұрынғы ескі органдардың мемлекеттік билігі мен ескі құқықтық тәртіпті қорғайтын және бекітетін барлық заңдардың күші жоқ деп тану және жою туралы сөз болып отыр. Ескі құқықтың қиратылуы, қанаушы мемлекеттік машинаны қиратудың нәтижесі болып табылады. Социалистік құқық жүйесі революциялық партиялардың әсер етуі арқылы пайда болды. Маркстік-лениндік партияның басқарушы және бағыт беруші ролі социалистік құқықтық жүйенің қалыптасуының басты шарты болып табылады.
Таптық күштердің нақты өзара қатынастарына, қанаушылардың қарсылық көрсету деңгейіне, елдің демократиялық заңды дәстүрлері мен басқа да өзіне тән ұлттық ерекшеліқгеріне байланысты социалистіқ құқық жүйесінің пайда болу үлгілері де әрқилы болады. Шетелдік социалистік құқық жүйелердің қалыптасуына алғашқы кенестік социалистік жүйе кәдімгідей әсер етгі.
Кеңестік құқықтың жүйе заң нормалары мен институттарының нақты үлгілерін ұсынды. Олар басқа социалистік елдерде толығымен қабылданып, соларға ұқсас нормалар мен институттардың қосылуына үлгі болды.
Шетелдік құқық жүйелері социалистік құқықтың жалпы қағидаларының жүзеге асуының әрқилы үлгілерін көрсететін социалистік құқық типінің бір түрі болып табылады.
Европа, Азия және Латын Америкасы елдерінде социалистік төңкерістердің жеңіске жетуі социализмнің әлемдік жүйесіи құруға әкелді. Оның ары қарай дамуы социалистік елдер арасындағы қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдірумен жалғасты.
Кеңестік құқық жүйесінің қалыптасуы 1917 жылғы ақпан айында Петроград қарулы көтерілісінің жеңіске жетуімен басталып, 30 жылдардың екінші жартысында экономикада мемлекеттік меншіктің етек алуы мен большевиктер идеологиясының қоғамның рухани өмірі мен құқықтық саласында үстемдікке ие болуынан аяқталады.
Кеңестік құқық үш негізгі құқық жүйелерінің біреуіне - социалистік құқық отбасына жатады. Социалистік лагерьге кіретін елдердің құқықтық жүйелері ертеректе роман-германдық құқықтық отбасына жатқандықтан сыртқы ұқсастықтарын сақтап қалған. Роман-гермаңдық та, социалистік те құқықтық жүйелерде құқық нормасы жалпы әрекет тәртібі ретінде түсіндірілген, сонда да болса социалистік құқық жүйесі роман-германдық құқықтық отбасынан бөлініп шыгғып жеке құқық жүйесін құрайды - алғашқыда РСФСР-КСРО-да, кейінде Шығыс Европада (1945-1950жж.) және Кубада (1960ж.).
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік құқық жүйесінің шығыс- азиаттық тобы пайда болды: ҚХР құқығы, Солтүстік Корей және Вьетнам құқығы.
Достарыңызбен бөлісу: |