Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінін ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:
Континенталдық Еуропаның нормативтік - заңнамалық жүйелер отбасы -
бұл романдық - германдық құқық. Бұл құқықтық жүйелерде бірінші
орынға заң қойылғаи (Италия, Франция, Германия. Португали) және т.б.);
Нормативтік - соттық, ағылшын - саксондық құқықтық жүйелер отбасы -
бұл Ұлыбританияның, АҚІІІ-тың, Канаданың, Австралияның және т.б.
елдердін прецеденттік құқығы. Бұл құқықтағы жүйелерде басты орынды
сот тәжірибесі, заңды прецедент иеленгеи;
Діни - дәстүрлі, идеологиялық құқықтық жұйелер отбасы -бұл мұсылман
құқығы (Иран, Ирак, Пәкістан, Судан және т.б.);
Социалистік құқық. Бұл құқықтық жүйелерде ерекше рөлді партиялық
идеология иеленеді.
1. Англо-саксондық құқықтық жүйе
Нормативті – соттық, англо-саксондық жүйеге Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зелендия, яғни Британ қоғамдастығына кіретін 36 елдің прецедентті құқығы жатады. Бұл құқықтық жүйеде ерекше орынды сот тәжірибесі, заңды прецедент алады. Бұл жүйені кей жағдайларда жалпы құқық (Coman lav) жүйесі деп те атаймыз. Ол X-XIII ғасырларда Англияда сот дәстүрлері нәтижесінде қалыптасты.
Англо-саксондық құқық жүйесінің негізгі ерекшелігі:
Соттың құқық жасаушы ретінде көрінуі.
Кодекстелген заңдар жинағының болмауы. Англияда бүгінгі күнге дейін жазылған Конституциясының жоқтығы.
Құқықтың қайнар көзіне – заңдар, сот прецедентінің (шешімінің) жатуы. Бұл шешімдер басқа соттарға үлгі ретінде қарастырылуы.
Сот билігінің басқа мемлекеттің биліктерге тәуелсіз болуы, прокуратура және әкімшілік юстициясының болмауы.
Англиядағы азаматтық-құқықтық негіздер басқа құқық жүйесіндей шектелмеген, құқықтың терминдер, институттары, құрылысы жағынан өз ерекшеліктері бар. Ағылшын құқығының қайнар көздері: жалпы құқық, әділеттік құқық, статут құқығы.
Жалпы құқық-әдет құқығы – бұл түсінікті формулаларға жазған құқық нормасы.
Статут – парламент қабылдаған заң. Їс жүргізу нормаларының маңызы оның материалдық нормалардан жоғарылығы. Кейбір жерлерде англо-саксондық құқық жүйесін ағылшын-американдық деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |