Реферат жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті Орындаған: Жақсылық М. Ж. М-21-1к Тексерген: Уксукбаева М. Т


Қазақстан Республикасының мұражайлары және оларды мәдени мұраны сақтаудағы рөлі. Мұражай -



бет2/3
Дата02.05.2023
өлшемі409,89 Kb.
#89169
түріРеферат
1   2   3
13.2. Қазақстан Республикасының мұражайлары және оларды мәдени мұраны сақтаудағы рөлі. Мұражай - әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Мұражай бірнеше топқа бөлінеді: тарихи мұражай, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражай, кешенді мұражай, мемориалдық мұражай.
Астана қаласының Қазіргі заман өнер мұражайы. 1980 жылғы 2 қазанда ашылған, отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған, жыл сайын мұражайға 70000 адам келеді, мыңнан астам іс-шара өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы.Мұражай Президенттің қаулысымен 2004 жылғы 28 тамызда құрылған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері сол күйі өзгертілмей сақталған.

Келушілердің қызығушылығын бастапқы қалпын сақтап қалған мемлекет басшысының кабинеті оятады.Үстел үстіндегі жазба құралдары және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күннің атмосферасын тудырады.
Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы. Қазақ халқының ең жарқын тұлғаларының бірі, ұлы ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жұмыстарын сақтай отырып, 1988 жылғы 21 ақпанында Астана қаласында өлкетану мұражайының бір бөлігі ретінде ашылған. Мұражай жанына ақыннын ескерткіші орнатылған. Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен, мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас келеді.Мұражайда 6000-ға жуық материалдар жинақталған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі – Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздік алаңында орналасқан 2014 жылы 2-шілдеде ашылған мұражай. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды. Мұражай «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.

Музейде экскурсиялардың алуан түрлері – шолу және тақырыптық, философиялық экскурсиялар, интерактивті сабақтар мен ойын экскурсиялары түрінде арнайы бағдарламалар әзірленуде. Ұлттық музей заманауи санаткерлік мәдениет мекемесі болуға, Республиканың тарихи және мәдени мұрасын талдау, салыстыру, пайымдау, талқылау, ой-пікір айту және бағалау орнына айналуға тиіс. Осы заманғы музей – бұл келушілермен әрқашан да ашық бүкпесіз сұхбаттасу. Бұл музейде оның меймандарын тарихпен тілдесудің белсенді қатысушыларына айналдыруға қолдан келгеннің бәрі жасалған.
13.3. Қазіргі таңдағы жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық, діни құндылықтар.
Субмәдениет (лат. sub төменгі, нем. kultur мәдениет) - дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Субмәдениет – мәде­ниет­тің жанама, соны жамылып жүзеге асып жатқан түрлі құбылыстар. Субмәдениет қоғамдағы негізгі мә­дениеттен өз құндылықтарымен, өзіндік тілі, мә­нерімен, тіпті өзіне тән киіну стилімен де ерек­ше­ленеді. Айталық, жастар субмәдениеті әлем-жә­лем киінген готтар да бар, фэндом, хиппи, рас­то­фары, металист және панктер т.б ағымдар осы мә­дениетті құраушы өкілдерге жатады. Жастардың субмәдение­тіне сондай-ақ протест, эскапизм тән боп келеді. Эскапизм дегеніміз – шындықтан қашу, яки, басына түскен қиындықтан қашқандар көбіне осы мәдениет өкілдеріне еріксіз еріп кететінге ұқсайды.
Субмәдениеттің мынадай түрлерін жіктеп көр­сетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет