Реферат «Жерұйық»


II.Асан қайғының Жерұйықты іздегені



бет2/3
Дата13.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#49742
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
документ Жазиры реферат 3

II.Асан қайғының Жерұйықты іздегені.
Ел аралап, жер кезген Асан қайғының негізгі арманы халыққа жайлы қоныс іздеу болғандығы баршамызға мәлім. Желмаясын мініп ап, Асан қайғының аралаған жерлеріне айтқан сындары мен берген анықтамалары сол өз заманының талап - тілектері мен халық жағдайынан туған болжамдар болса керек. Фольклорлық деректер бойынша, Асан Қайғы Қазақстанның және Орта Азияның жерін желмаясына мініп көп кезген ақылгөй, дана болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десек те болады. Себебі жер жәннәтін іздеп, табу - баяғы Қорқыт заманынан келе жатқан әлеуметтік сарын. Көшпенділер философы атанған Асан қайғы өз заманындағы қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын - аш жалаңаштық, жұт, апат, өзара қырқысқан жаугершілік, әлеуметтік теңсіздікті көріп назаланды, күңіреніп, қайғырады. Оның ғайыптан армандаған Жерұйығы - суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұрт қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, "қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды," - деп санаған болатын.
Асан жыраудың жер туралы сындары терең философиялық мағына-сымен халық есінде қалған. Көптеген сындары əлі күнге дейін өз мағы-насы мен маңызын жоғалтпаған. Сондағы Асан қайғының желмаяны жел-діртіп жүріп əр жерге, суға, тауға айтқан сындарының біршамасына тоқталсақ: Яссы қаласын (қазіргі Түркістан) олардың қожа-молдаларын көргенде: «Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, өрі арық, жұрт сорлысы мұнда екен»,— депті.
Шымкент пен Сайрамды көргенде: «Екі басса бір базар,малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар,бас-та береке болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбей-мес», — деген екен.
Алатауға келгенде:Түні суық, күні ыстық, жер даласы,
Ананың емшегіндей сай саласы.
Төрт елі топырақ асты алтын екен,
Ішпей-жемей тоятын айналасы, — депті. Асан Жерұйықты іздеуде деректер бойынша Ақ Ордадан бастап, жеті өзенге шейін сапар шегеді. Дүниенің төрт бұрышын аралайды. Алайда оның барған жерлері өзіне ұнамайды.Қай жерге барса да, сол жердің өзіне ұнамайтын тұстарын айтып кеткен. Түркі халықтарының көшпелі қоғам өркениетінің өкілдері арасында тарихта Асан қайғыға тең келетін тарихи тұлға жоқ. Асанның Жерұйықты іздеуін мифтік құбылыс деп қарастырып, қиял жанрындағы аңыз ертегілер қатарына жатқызуға мүлде болмайды. Асан Қайғы таным мен түйсіктердің тоғысуынан жаңа мазмұнды қорытындылар шығарып отырды. Жерұйықты іздеу барысында Асан жүрген жеріндегі жақсы қонысқа, жаман қонысқа баға беріп отырды. Асан қайғы Жаратушының мейірімділігіне үміт арту арқылы сабырлық сақтап, пендеге түсініксіз өзінің "кезбелік” философиясының жүйесін жасаған. Көшпелі өркениетті құтқару үшін Асан адамдарды табиғатқа, дүние құбылыстарына зер салуды айрықша насихаттайды. Асанның іздегені адамға Алладан жіберілген алғашқы ақиқатты табу, соған көз жеткізу. Табиғат заңдылықтарының адам өміріне байланысы жөнінде Асан ой-тұжырымы нақтылы. Адамның адамгершілік қасиеттері табиғаттың әсемділік заңдылықтарынан тәлім алып, нәр алып отыруы тиіс. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің қалыптасуының алғышарттары табиғаттағы шынайы үйлесімдіктен, сұлулықтан бастау алады. Сондықтан да Асан қайғы эстетикалық мәселелерді, олардың қоғамдағы көрінуі, шешілу бағамдарына тоқтала бермеген. Адамға аса қажетті көшу-қону процесінде кездесетін қолайсыз табиғат құбылыстары, әсіресе мал асырауға қолайсыз болса да, тіршіліктің басқа салаларына қажеттілігін дәлелдеп, анықтап айтқан. Жерұйық идеясын бүкіл халқының қамын ойлаған Асан қайғының елді ынтымақ,бірлікке, шынайы түсіністікке,адал еңбегі арқылы мамыражай өмірге же-туге шақырғаны деп түсінгеніміз жөн.
Асан Қайғы:
«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас»,«Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс»,«Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер»,«Баянға жаймай, қой семірмес»,«Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер»,«Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас»,«Жылқының өзі өскен жоқ.
Аристотель, Кант, Гегель сынды ойшылдардың том-том шығармаларында, трактаттарында қарастырылған күрделі философиялық мәселелер, диалектикалық идеялар қазақ философиясында кейде бір ауыз сөзбен түйінделеді. Асан қайғы туындылары да осы сөзімізге саяды. Халықты ынтымақ,бірлікке, достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылап өткен Асан жырау :
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас —
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз —
Шер толқытса шығады, -деп көңілдегі көрікті ойдың адам сезімімен байланысты туатынына пəл-сапалық тұжырым жасаған. Жалпы, ұлы ақын сөздеріне тереңдік пен ойлылық тән. Ол тереңнен толғап, қияндағыны көздейді. Өткенді еске алып, өзінше ой түйіндейді. Осылайша, Асан қайғы халықтың дүниеге деген идеялық қатынастарын өз пайымымен қорытып, оны жаңа деңгейге көтере білген.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет