«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық санитарлық сараптама және гигиена» кафедрасы
РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Жабайы кәсіби жануарлар ұшасын өңдеу
Пән: «Кәсіби ауланатын жануарлар өнімдерін ветсансараптау»
Орындаған: 6B09102 «Ветеринарлық санитария» мамандығының 4 курс 416 топ студенті
Бекмолдаева Күмісжан
2023 жыл
Адам тамағында құс еті мен жабайы жануарлар етінің де маңызы зор. Кең байтақ республикамызда елік, қарақұйрық, қоян және көптеген күс түрлері көптеп ауланады. Жабайы жануарлар мен құстардан бағалы еттен басқа жеңіл өнеркәсіпке қажетті құнды шикізаттар алынады.
Жабайы жануарларды аулау, етін мүшелеу, тасымалдау көп-теген жағдайда ветеринариялық-санитариялық талаптарды толық сақтауға мүмкіндік бола бермейді. Осыған байланысты жабайы жануарлар өнімдері адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Яғни, ветеринарлар аурудың алдын алу үшін, оларды сараптаудың ерекшеліктерін жете меңгеруі қажет.
Жабайы жануарлар мен құстарды республика аумағында аулаудың ережесі рұқсат еткен белгілі бір мерзімде жүргізіледі. Кәсіптік жануарларға тұяқтылар (бұғы, бұлан, бөкен, тау және қыр арқары, құлжа, киік, қарақұйрық, елік, жабайы құлан); кеміргіштер (қоян, тағылан (дикообраз), құндыз, саз құндызы); жыртқыштар: (қоңыр қара және ақ аю, борсық), сондай-ақ арман, дала, батпақты мекендейтін және суда жүзетін жабайы құстарды (қара құр, ақ, сұр және тас кекілігі, вальдшнеп, жылқышы тәріздес орман құсы, дуадақ, қырғауыл, безгелдек, тауқұдірет, балшыншы үйрек пен қаздардың барлық түрлерін және т.б.) жатады. Жергілікті халықтың әдет-ғұрпына байланысты поляр қасқыры, ақ түлкі және басқа жануарлардың етін тағамға пайдаланады.
Жабайы жануарлардың майын (аю, борсық, су құндызы, суыр, саршұнақ) ішкі сауда объектілерінде сатуға рұқсат етеді. Бірақ, әкелінген майдың осы айтылған жануарлардан екенін растайтын жергілікті ветеринар берген анықтама болуы керек. Аңшылықты мылтық, кіші калибірлі мылтық және басқа, иір ойықты мылтықпен жүргізеді, жабайы жануарлардың ізіне түсіп атып алу үшін әр түрлі көлік пайдаланылады. Жабайы жануарларды аулауға пневматика-лық мылтық, улы химикатты пайдалануға рұқсат етілмейді, тек,қасқыр, саршұнақ, аламан, тышқан тектес кеміргіштерді, ал індет пайда болғанда түлкі және жанат тектес иттерді қырып-жоюға улы химикаттарды пайдалануға болады.
Аң құлататын шұңқыр, қысатын қондырғылар, үлкен қақпан сияқты жалпы қауіпті аңшылық саймандарын пайдалануға болмайды. Аңшылықта тұзақ, итарқа, ілгекті пайдалануға, мұздақ, қалың қар, жылтыр мұзбен айдауға, тұяқты малдар мен пайдалы құстарға қақпан құруға, жануарлардың шоғырланған жеріндегі шөпті өртеуге, автомотокөліктерді, ұшақ, тік ұшақ (қасқыр аулағанда пайдаланады) кішкене кеме және моторы жұмыс істеп тұрған қайықтың шамымен судан өтіп келе жатқан жабайы жануарларды атуға рұқсат етілмейді. Апатты жағдайда (дауыл, өрт, тасқын су, ашыққан, көк тайғақ) жабайы жануарларды, сондай-ақ ұша алмайтын құстың балапанын және түгі түсіп жүрген үшпайтын ересек құстарды аулауға болмайды. Жабайы жануарлар түріне қарай, етінің сезімдік белгілері, морфологиялық және химиялық құрамы, дәмі және аспаздық қасиеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жас жануарлар ересектерімен салыстырғанда майы аз, борпылдақ дәнекер ұлпасы көп. Жабайы жануарлар майы тері асты, жамбас қуысы, белдеме, бүйрек маңайында, ал өте қоңдыларында денесінің басқа бөліктерінде жиналады. Кейбір жануарлар (суыр, қоян) етінің майы аз болады, демек арық келеді, ал басқа біреулерінің майы көп болады (аю, терістіктің бұғысы, жабайы шошқа). Ет және оның талшықтарының арасында май болар-болмас болғандықтан еттің мәрмәрлігі шамалы.
Көптеген жабайы жануарлар еті терісін сыпырған кезде қызыл түсті болады. Кейіннен миоглобин әсерінен ет тотығып, қараяды, түсі көкшіл және көкшіл күлгінденеді.
Бұлан еті күңгірт-қызыл түсті, тілгенде ет талшықтары тұр- пайы, түсі біркелкі, сыртқы жағынан нағыз және мықты шандыр- мен жабылған, май қатпарлары жоқ, Төстік, белдеме және жамбас қуысында аздап майы болады.
Терістік бұғысының еті бозғылт қызыл немесе қызыл түст. Ет Ет талшықтарының арасында май көп кездеспейді. Майының түсі ақ. консистенциясы нығыз.
Бөкен еті ашық-қызыл түсті, ауада текараяды. Ет талшықтары ірі келеді, аралығында майы жоқ. Ал, ұшасының аздап майы болады, Етінің түсі мен қансыздану дәрежесі бөкенді қандай әдіспен олжалағанына көп байланысты .
Аю еті көкшіл-күлгін түсті, күңгірт-қызыл болады, консис- тенциясы нығыз, талшықтары ірі, құрғақтау, етінің аралығында дәнекер ұлпалар көп. Аю ұшасының бет жағында майдың қалың қабаты болады, оның салмағы күзге қарай 30-35 килограммға жетеді.
Борсықтың еті бозғылт-қызғылт түсті, өзіне тән исі бар, ет талшықтары жіңішке, ет талшықтарының аралығындағы дәнекер ұлпасы болбыр және нәзік. Ет ташықтарының арасында майы мол, осыған байланысты еті мәрмәрлі келеді.
Саз құндызы етінің түсі қоян етіне ұқсас. Талшықтары жіңішке, нәзік және майлы.
Жабайы шошқа еті - ашық қызыл түсті, кейде күңгірт - қызыл қатты, консистенциясы нығыз. Қабан етінің талшықтары ірі келеді өзіне тән исі болады және дәмі жағымсыз. Жылға толмаған торай ының ет талшықтары жіңішке, еті нәзік, хош иісті, шырынды келеді. Майы әдетте тері астына, бүйректерінің жанына, сиректеу ет талшықтарының аралықтарына жиналады.
Арқар (қарақұйрық, муфлон, арқар және т. б.) еттері күңгірт
қызыл, ұсақ түйірлі, жіңішке талшықты, шырынсыздау немесе қаттылау (жасына байланысты) келеді. Ет талшықтарының арасын- да жұқа қатпарлы майы бар.
Қоян еті - күңгірт-қызыл түсті, біркелкі қаттылау, құрғақтау, консистенциясы нығыз. Жас қоян еті нәзік. Бүйрек айналасына жиналған майы ақ түсті.
Қодас еті - күңгірт-қызыл түсті, оның дәнекер ұлпасы көп, тұрпайы, талшықтары ірі, май қабаттары жоқ. Пісіргеннен кейін, құрғап қатайып кетеді. Үй жануарлары тәрізді жабайы жануарларды сояр алдында ветеринариялық тексеру мүмкіндігі жоқ.
Бұл орайда сол жердің эпизоотологиялық жағдайын білген жөн, үй жануарлары ауырған жұқпалы және инвазиялық аурулармен жабайы жануарлар да ауырады. Аңшылардан кәсіби ауланатын жабайы жануарлардың жүріс тұрысы, құлқы туралы мәлімет жинаған да абзал.
Сойғаннан кейінгі тексеру жабайы жануарлар сойыс өнімдерінің сапасын анықтаудағы негізгі әдісі. Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін ветеринариялық санитариялық бағалау cy оларды дайындаған жерінде, сақтағанда, сатқанда, темір жол, су жолы және басқа көліктермен тасымалдағанда жүргізіледі. Тексеруді терісін сыпырмастан бұрын және ушаны толық мүшелегенге дейін жүргізген абзал. Терісін сыпырғаннан кейін ұша, бас, өкпе, жүрек, көк бауыр және бүйректерін, ал аулаған жерде ішек қарындарын тексереді. Әрине, толық тексеруге көп жағдайда мүмкіндік бола бермейді. Ірі жануарлар ұшасын тексеруге бөлшектеп (жарты ұша, төрттен бірі) әкелуге болады. Жабайы құстарды бір-бірінен ажырату үшін тексеруге қауырсындарымен әкеледі. Атып алынған жабайы жануарлардың ішкі мүшелерін жылдың жылы мезгілінде 2 сағ, ал салқын мезгілінде 5 сағ дейін ұшадан алу керек. Орман жабайы құстарының ұшасын қыс кезінде ішін жармай тексеруге әкелуге болады. Сүтқоректі жабайы жануарлар мен қанатты құстардың еті мен мүшелерін тексеру әдістері, олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін және аулау әдісін ескере отырып, сойыс малдарын сараптаудың ережесіне негізделген. Мысалы, бұғыныүшасы мен мүшелерін, ірі қара малдың ұшасы мен мүшелерін тексеретін әдіспен қарайды. Жабайы шошқаны үй шошқаларының ұшасын тексергендей қарайды, құстарды үй құстары сияқты әдіспен тексереді. Әр түрлі себептермен өлген, тағамға жарамсыз жабайы жануарлар етін сараптағанда, өту себебін анықтау керек (үсіген, уланған). Атып алған жануарда оқтан болған жарақаттың ерекше белгілері бар, жара айналасындағы ұлпалар қанталаған. Ал, малды өлгеннен соң атқанда (алдамшы) жараның айналасы қанталамайды. Тұзаққа түскен құстың, қысылған жері іседі және қанталайды, қоянның тұзақ қысқан жерінің жүні үрпиіп кетеді де, тері астына қан құйылады. Басымен тұзаққа түскен ірі жануарлардың басы қатты ісіп кетеді. Атып алған жануардың және құстың ұшасы мен мүшелерінің қансыздануы қанағаттанарлық, кейде нашар болады, ал тұзақпен ұстағанда немесе улы зат қолданғанда қансызданбайды, демек ұшадағы белгілер, өлексеге ұқсап, барлық ішкі органдары мен қаңқа бұлшықеттері қанға толы болады. Ұзақ уақыт жатып қалса шелінде (тері асты) сірі қабықтарында және ішкі мүшелерінде қан тұрып қалады. Әдетте бұндай жерлері көкшіл-қызыл түсті, ұшаның жатқан жағынан (төменгі) кездеседі. Жабайы жануарларды аулау әдістерімен пайдаланғанда ұшаны уақытымен мүшелемейді, терісін сыпыру және ішкі мүшелерінен тазарту да кешігеді, кәсіптік үдерістермен байланысты патологиялық өзгерістер де байқалады, атап айтқанда, ұшасында оқтан болған көлемді жара, сүйектерінің көптеп сынуы, қанталау, зорыққаннан өкпесінің ісуі кездеседі. Нашар қансыздандырылуына байланысты еттің ылғалдылығы артады, яғни, микрофлораның тез өсіп-өнуіне жағдай туады, осыдан барып бұндай ет сақтауға келмейді, тез бұзылады. Ұшаны мүшелеудің сапасы мен еттің иісін анықтаудың маңызы зор. Ішек-қарыны кешігіп алынған және мылтық оғынан оның зақымдануынан құрсақ қуысында нәжістің иісі білінеді. Етті қайна- тудың маңызы зор.
Бұлан, бұғы, жабайы шошқа, еліктің ұшалары цистицеркозға тексеріледі, ал талғаусыз қоректенетін жануарлар және еткоректілердің (жабайы шошқа, аю, борсық, саз құндыз, итбалық) етін трихинеллезге тексереді. Үша мен ішкі мүшелерінен себебі белгісіз патологиялық анатомиялық өзгеріс табылса, оларды кәдеге жара- тады немесе жояды. Оқтан болған көлемді жарақатта сүйектері көп сынып, оның айналасындағы ұлпалар бұзылғанда абцесс, іріңді жара, флегмона табылып немесе азғындаған, түсі өзгерген, жағымсыз иісті жабайы жануарлар және қанатты құстар етін кәдеге жаратады. Түрлі ауруларда кәсіби ауланатын жабайы жануарлар сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Үй жануарлары сияқты, жабайы жануарларда да көптеген аурулар кездеседі. Атып алған жануарларда көбіне созылмалы ауруларға тән патологиялық өзгерістер байқалады, ал жіті түрімен ауырғандары өліп қалады немесе жыртқыштарға жем болады. Тағы немесе жабайы жануарлар мен құстардан елік, марал, қырғауыл, көгершін, жабайы қаз, үйрек туберкулезбен жиі ауырады. Қоянда, ұсақ жәндіктер, қырғауыл және көгершінде паратуберкулез кездеседі. Жануарларды пайдалану рәсiмдерiн, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сай болуға тиiс.
Ғылыми зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатында олар байқаудан өткiзiлуге тиiс.
Микроорганизмдердiң Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ жануарлар ауруларының диагностикасы кезiнде ғылыми зерттеулер нәтижесiнде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс.
Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату жөніндегі бағдарламалар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс. Енді қоянның миын талма, қалтылдақ ауруға қуырып береді, суырдың қуығын кептіріп, несебі тұтылған кісіге жегізеді дегендей бірдеңелер тарай бастады. Сонымен қатар Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жұртқа сынықшы ретінде танылған Медетбек Жолшиев деген кісі Саид Юлдаш Әлидің «Мен емшімін» деген кітабынан жұртты қоянның қанымен емдеуді үйреніпті. «Бір күні маған ауыр дертке шалдыққан жас жігіт келді. Терісі сүйегіне жабысып, өңі қуарған, көздері нұрсыз еді. Мен айтқандай, жабайы қоянның қанын соңғы тамшысына дейін ішіп, асқабақты да шикілей жей беріпті. Содан ол жазылып кетті», – дейді ол. Онымен қоймай, емші қоянның құмалағын жинап, оны нан арасына салып, шыжың дертіне шалдыққан балаға берсе, тез жазылатынын алға тартып отыр.
Енді мамандардың кеңесіне құлақ түрсек, қасқыр – қауіпті инфекцияларды тасымалдаушы. Себебі ол кейде өлексе жейді. «Қасқырдың ағзасын жеген адам трихинеллез ауруына шалдығуы мүмкін. Бұл трихинелла құрттары – ағзаға әсер ететін аса қауіпті ауру. Ол адамды аянышты халге әкелетін улы заттарды шығарады», – дейді ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасының меңгерушісі Роза Имашева.
Бұл ретте нарықта 5 мың теңгеден сатылып жатқан құрқылтай ұясының «80 түрлі ауруға ем» екеніне тоқталмай-ақ, бізге сұхбат берген кәсіби аңшы Нұржан Жолдыбекұлының пікіріне кезек берейік. «Иә, маған да тапсырыс бергендер бар. Оны орындаған да уақыт болған. Осыған қатысты өз ойым: мысалы, аю өтінен қышыма қотырға қарсы мазь жасайтын адамды білемін. Ол адам осы өт ішіндегі қойыртпаққа қосымша қандай препарат қосатынын, оның пропорциясын айтпайды. Ал аю, борсық, суыр майын шамадан көп ішсе, бауырға өте зиян. Ал қасқырдың өті, жыныс мүшесі, т.б. ағзаларынан ешқандай пайда жоқ. Өйткені ол көбіне өлексе жейтіндіктен, етінде түрлі паразит, личинка бар. Қасқыр екінің бірі ала алмайтын әккі аң болған соң, оған қатысты тылсымға толы мифтер көп. Шындыққа жанаспайды. Мысалы, «жабайы қабан шөп жейді, демек оның етін жесе болады» деп жатады. Ол дұрыс емес! Өйткені қабан – шошқа. Жылдың қай мезгілінде болса да жерді қопарғанда тышқан, т.б. жеуге жарамсыз жанды-жансыздың барлығын талғамай жейді. Қысқасы, аң етінде, дене ағзаларында ешқандай тылсым жоқ! Сондай-ақ «ұрғашы қасқыр сарпайы ешкімге бұйырмас үшін артын тістеп тастайды» дейді. Бұл – жалған. Алдыңда қашып келе жатқан қасқырға артынан атқан оқ артына тимей ме?! Сосын ол орнында айналып, жанына батқан жерін тістелейді. Демек, оқ қай жеріне тисе, сол жерін жұлмалайды», – дейді Нұржан Жолдыбекұлы. Жабайы кәсіби жануарлар мен ауланатын құстар да үй жануарлары мен құстарына ұқсас ауруларға шалдығады. Әдетте, сойғаннан кейінгі тексеруде бұл жануарлардағы аурудың созылмалы түріне тән патологиялық өзгерістерге мән береді. Себебі, бұл жануарлар аурудың жіті түрінде не өледі немесе жыртқыштардың оңай олжасына айналады.
Бұлан, солтүстік бұғысы және басқа да тұяқтылар бруцеллез, эмфизематозды карбункул,сібір жарасы, аусыл, паратуберкулезбен ауырады.
Табиғатта жануарлар мен құстардың арасында туберкулез, көбінесе, елікте, маралда, фазанда, көгершінде, жабайы қаздар мен үйректерде байқалады. Псевдотуберкулез қояндарда, ұсақ шөпқоректілерде, фазандар мен көгершіндерде; некробактериоз - бұғыда, бұланда, қарақұйрықта, қабанда, қоянда, елікте көптеп кездеседі.
Барлық жабайы жануарлар, соның ішінде, жас жануарларда пастереллез бен сальмонеллез кездеседі. Етқоректі және шөпқоректі жануарлар трихинеллезбен ауырады, олардың еттеріде міндетті трихинеллескопиядан өтеді. Жабайы шөпқоректілер мен қабандарда цистицеркоз, соның ішінде солтүстік бұғыларында цистицеркоз екі түрде өтеді: тарандты, паренхиматозды.
Барлық жабайы жануарлар эхинококкоз, фасциолез, үй жануарларына тән гельминтоздармен ауырады.
Фазан, көгершін және құрлардың ішінде инфекциялық энтерит, шешек, дифтерит көп кездеседі. Үйректерде сальмонеллездіңкездескендігі жөнінде де деректер бар. (паратиф)
Суда жүзетін, сондай-ақ, құрлық құстарында ішек аурулары көп байқалып, көбіне жасырын түрінде өтеді. (летально)
Тұяқты жануарлар мен жабайы үйрек еттерінен саркоцистоздарды да байқауға болады. Үйректердегі саркоцисталар ұзындығы 3, ені 1 мм қарабидай дәніндей болып, көбіне кеуде бұлшықеттерінде жинақталады.
Цестодтармен шақырылатын аурулар арасында құр тұқымдастарында сиректеу давенеоз, райетиноз, нематодтардан - аскаридоз кездеседі.
Сорғышқұрттардан болатын инвазиялар да болады. (простогонимоз, дикроцелиоз, эхиностоматоз және т.б). Бұлармен, көбіне, су құстары ауырады. Себебі, трематодтар ішек, бауыр, өт қабын, бүйректі зақымдайды.
Құрларда, шілдерде гистомонозбен ауыру да кездескен. Жабайы құстар арасында инфекциялық аурулар кезінде алдымен бауыр мен көкбауыр, инвазияларда - асқазан-ішек трактісі зақымданады.
Жабайы жануарлар мен құстардың әр түрлі инфекциялық және инвазиялық ауруларын ветеринариялық санитариялық сараптау ауыл шаруашылық малдарындағыдай жүргізіледі.
Сәйкесінше, жұқпалы, инвазиялық, жұқпалы емес аурулар байқалған жағдайда еттің санитариялық бағасы да дәл ауыл шаруашылық малдары мен құстарындағыдай жүргізіледі. Сонымен қатар, атудан болған аумақты жаралардың, көптеген сүйектердің сынуы, қанның құйылуы, өкпенің домбығуы, абсцесс және басқа патологиялық өзгерістердің болуы, еттің балаусалығына күмәнданғанда, зақымдалған аймақты тазалау мен бөліп алу мүмкін болмаған жағдайда етті утильдейді немесе оны қолдану мүмкіндіктері бактериологиялық зерттеулерден кейін шешіледі. Сальмонелла және осы тәрізді патогенді микрофлоралар болмаған жағдайда немесе пісіргеннен кейін олардың жағдайы, оларды мүмкіндігінше тезірек қолдануға немесе жүзеге асыруға болған жағдайда шектеусіз шығарылады.
Жабайы аңдар мен құстар ұшаларын мынадай жағдайларда утильдейді: бұзылыстардың болуынан (атрофия, бұлшықеттердің гидремиясы, лимфа түйіндерінің домбығуы, май жиналған жерлердегі сілікпелі (студенистый) домбығу);
Барлық ұшалардың өт түсіндей болып боялуынан, ащы дәм мен фекальды иіс, етте балық, зәр, дәрілік заттардың, сонымен қатар етке тән емес иістің қайнату сынамасынан кейін де байқалуы болған жағдайда. ардағы сойыс өнімдерін
Жабайы жануарлар және ауланатын құстар етін инфекциялық және инвазиялық ауруларындағы сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Елімізде жабайы жануарлар етінен бұлан, елік, жабайы солтүстік бұғысы, теңбіл бұғы, марал, кабарга, сайгак, тауешкі, жабайы қой, қабан, аю, борсық, қоян етін жеуге рұқсат етілген. Ауланатын құстар ішінен тауық тұқымдастарының отряды (құр, фазан және т.б), сонымен қатар 20 шақты түрді топтастыратын орман құстарын тағамдық мақсатта пайдалануға болады. Оларға құр, саңырау құр, шіл (ақ, сұр, тундралық, кекілік, сақалды), фазан және т.б. Су құстарынан аулауға қарапайым крякво, бірқазан, сұр үйрек, сүңгуір үйрек, сүңгуір үйрек, жабайы қаздар жатқызылады.
Жабайы жануарлар мен ауланатын құстардың еттерін сойғаннан соңғы тексеріс ерекшеліктері
Табиғи жағдайда жабайы ауланатын құстарды алдын ала тексеру мүмкін емес, оған себеп бұл маңызды шараның ветеринариялық санитариялық сараптаудың диагностикалық кешенінен алынып тасталуы болып табылады. Жергілікті жердің эпизоотиялық жағдайын білу кейбір компенсациялық жағдайлардың орнын толтырады деуге болады. Мұндай жағдайда аңшылар арасында алдын ала сұрақ-жауап пен жабайы жануарларды жүйелі түрде бақылау маңызды рөл атқарады. Осы жағдайларға байланысты жабайы жануарлар мен ауланатын құстардың ет пен органдарының сапасын, ветеринариялық санитариялық жағдайын анықтайтын негізгі әдіс - сойғаннан кейінгі тексеріс. Әкеліеген еттің иесі ветеринариялық санитариялық сараптауға әкелерде осы ұшаға арналған ветеринариялық куәліктіжәне құс немесе жануарлар ауланған аймақтың жұқпалы аурулардан таза екендігі туралы анықтаманы және ветеринариялық тексеру нәтижесін көрсетуі тиіс. Ауланатын жабайы құстар етінің сақталуы олардың аулану тәсілі мен уақытына, технологиялық өңдеу мен сақтау шарттарына тікелей байланысты. Құрамында бактериологиялық заттары бар ағаш дәндерімен қоректеніп жүрген орман құстары қыс мезгілінде атылып алынса, сақтауға өте төзімді болып келеді. Мұндайда еттерді, мұздатып, ішек-қарнынан тазаламай-ақбір жылға дейін сақтауға болады. Рационында микробтардың өсуіне оптималды жағдай жасайтын жануартекті өнімдер көп болатын су құстарының ішек-қарнын тазалау мен консервілеу өз уақытымен жасалмаса тез бұзылады, себебі, олар суық түспей күз уақытында ауланады.
Жарақаты ірі,дұрыс қансызданбаған немесе бұлғанған ұшалар бұзылуға қте сезімтал болғандықтан, ұзақ мерзімді сақтауға босатылмайды.
Жабайы құстардың қандай да бір жарақаталуына, дұрыс қансызданбауына қарамастан, ауланған жерде өңдеу мен консервілеугк жағдай болмаса, ветеринариялық санитариялық тексеруде, ең алдымен, оның тазалығына баса назар аударылады.
Жабайы құстар етінің балаусалығын анықтауда органолептикалық көрсеткіштердің маңызы зор.
Экспертиза уақытында ұшалардың балаусалығының дәрежесін анықтағанда ондағы қауырсынның болу уақыты мен одан тазалануына, көз алмасының жағдайына, кеудкқұрсақ қуысының серозды қабығының жағдайы мен ондағы ішкі май қабатына, ауыз қуысының кілегейлі қабығына, сонымен қатар, еттің кескен кездегі түсі, консистенциясы мен иісіне назар аударады. Органолептикадағы басты рөлді, құс етінің өзіндік иісі мен оған тән емес, бөтен иістердің бар-жоғын анықтауда қайнату сорпасының алатын орны ерекше.
Мұздатылған, бірақ ішек-қарнынан тазартылмағанқұс ұшасының жалпы жағдайын, қауырсыннан тазартылуын, сыртқы түр-түсіне, ауыз қуысының кілегейлі қабығының жағдайына, сонымен қатар, қанат асты шұңқыры мен клоака аймағына көп назар аударады. Себебі, ұшадағы шіру, көгеру процесстері осы аймақтардан басталады. Бұл жерде олардың түсі былғаныш-сұр, көкшіл-сұр немесе жасылқай-сұр түсті, консистенциясы қамыр тәрізді, жағымсыз иісті болады. Бұл аймақтардағы қауырсын оңай әрі терісімен қоса жұлынады. Мұздатылған, бірақ бұзыла бастаған етті тоқылдатқанда тықылдаған (глухой звук) дыбыс, ал сапалы етте ол үнділеу (звонкий гул) келген болады. Күмәнды ұшалардан сынама алып (клоака аймағынан үш бүрышты ұлпа кесіндісін алады), қайнату сынамасын жүргізеді. Орагнолептикалық әдістен басқа химиялық анализ де қолданылады. Ол сорпадағы күкіртқышқылды мыс реакциясы мен ұшпа май қышқылдарын (ҰМҚ) анықтау, рН мәні мен бактериоскопияны қамтиды.
Сапалы (доброкачественный) ұшада клюв құрғақ, жылтыр, қауырсын теріде жақсы ұсталған, ішек қабырғалары тығыз (прочный), брюшинасы шамалы дымқыл, жылтыр. Сорпасы мөлдір, жабайы құс етіне тән иісті, май ақ немесе сарғыштау. Еті күлгін, қызыл немесе қою қызыл түсті (құс түріне байланысты), бірақ міндетті түрде тығыз консистенциялы. Сорпа күкіртқышқылды мыс реакциясына теріс нәтиже береді (көпіршік түзбейді).
Балауса етте ҰМҚ реакцияларында күйдііргіш калий мөлшері 16 мг дейін, рН 5,8-6,35.
Жарақаттанған ұшаларда бұл көрсеткіштер бұзылуға жақын, бірақ органолептикасы қалыпты. Жағындылар шыныда көрінбейді немесе әлсіз боялады. Беткі қабаттың көру алаңында 15 ке дейін микроорганизмдер, терең қабатында микрофлора болмауы немесе 1-2 микроб кездеседі. Жарақаты үлкен ұшалардың балаусалығы қанағаттанарлық, химиялық анализ көрсеткіштері дұрыс болғанымен, жағындыда көптеген микроорганизмдер кездеседі.
Балауса емес ұшалардың иісі жағымсыз, бұл иістер ауыз, мұрын және құрсақ қуыстарында байқалады. Көздері шығыңқы, клюв босаңқы, қауырысыны оңай жұлынады. Майы қышқылтым иісті. Серозды қабық беті ылғалды, жабысқақ, кей жері көгерген. Сорпадағы күкіртқышқылды мыс реакциясына оң, ҰМҚ-ы күйдіргіш калий мөлшері 16 мг, рН 6,7 ден жоғары. Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсізамебатәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозойэрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәршығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі; белгілі бір экологиялық жағдайға бейімділігі. Бағдарланудың бірнеше түрі бар: 1) оптикалық – көптеген жәндіктердің полярланған жарық немесе ультракүлгінсәуле арқылы бағдарлануы; 2) химиялық – кейбір жануарлардың қорегін, жұбын иіс арқылы дәл табуы (мысалы, жібек көбелегінің аталығы 10 км жерден аналығын иіс арқылы сезеді); 3) акустикалық – жыртқыш жануарлардың өз қорегін есту арқылы ұстауы (мысалы, жапалақ кеміргіштерді 15 – 20 м-ден сыбдыры арқылы біледі); 4) терморецепция – жылу арқылы бағдарлану (мысалы, айдаhарлар мен қалқантұмсықты жыланның тұмсығында жылуды сезетін шұңқыры болады). Көптеген төменгі сатыдағы омыртқасыздар (мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз, термиттер), сондай-ақ, құстар және кейбір суда тіршілік ететін сүтқоректілер Жердің магниттік өрісі, ал балықтар бүйір сызығы арқылы бағдарланады. Жануарлардың бағдарлану ерекшелігін, оны атқаратын органдардың құрылысын зерттеп танудың ғылым үшін маңызы зор.
Бір түрге, кейде әр түрге жататын жануарлардың өзара бірін-бірі ажырату және түрлі сезімін білдіру үшін шығаратын дыбыстары. Бұл көптеген жәндіктерге, балықтарға, құйрықсыз қосмекенділерге (құрбақа, бақа), кейбір бауырымен жорғалаушыларға (жармасқылар, хамелеондар, қолтырауындар) және барлық құстар мен сүтқоректілерге тән. Жануарлардың дыбысдиапазоны 20 Гц – 20 кГц аралығында және ол тек дыбыс аппараты арқылы ғана пайда болатын дыбыс (шаянтәрізділерде, жәндіктерде) емес, балықтың торсылдағымен, жүзу қанатымен, құстың құйрық қауырсынымен, қанатымен, тұмсығымен (қарабауыр бұлдырық, дегелек), аяғындағы не қанатындағы арнайы аппараттарымен (түзу қанатты жәндіктер) шығаратын дыбыстары да болады. Жануарлардың сайрау, қорқу, айбат шегу, ашыққан, сескенген, жұптасу кезінде шығаратын әртүрлі дыбыстары болады. Кейбір жануарлар дауысын ғалымдар шаруашылыққа зиян келтіретін құстарға, жәндіктерге, т.б. кейбір хайуанаттарға қарсы пайдаланып, бау-бақшаны, егістікті қорғайды. Мысалы, Қазақстан орнитологтары қараторғайдың шығаратын дыбыстарын жазып алып, акустикалық әдіспен жүзім бағының зиянкестеріне қарсы қолдануда.
Жануарлардың жүзуі - жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуінің бір түрі. Бұл шартты және шартсыз рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әртүрлі жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің көп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер) суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары жолындағы кедергіден, судан өткенде не суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың суда жүзіп тіршілік етуге бейімделуі активті және пассивті болып екі түрге бөлінеді. Активті түрінде түрлі жүзу органдарын (қарапайымдар, құрттар – кірпікшелерін, шаянтәрізділер – мұртшаларын, құстар, ескек аяқтылар, қамшат және құндыз – аяқтарын) қозғап жүзеді. Жүзудің пассивті түрінде жануарлар денесін әртүрлі иіп (балықтардың көптеген түрлері, құйрықты қосмекенділер, барлық қосмекенділердің дернәсілі, жылан, сүлік т.б.), қозғап жүзеді. Жүзуге бейімділік сүтқоректілердің де арасында байқалады. Мысалы, камшаттың, құндыздың, жұпартышқанның, су күзенінің және ондатрдың бармақтарының арасында жарғағы болады, жүні жылтыр, су жұқпайды.
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі – жеке организмнің тіршілік үшін күресте сақталуына, ұрпақ қалдыруына көмектесетін морфологиялық, физиологиялық және этиологиялық ерекшеліктері. Морфологиялық қорғаныш бейімділігі – бүркеніш реңнің барлық түрі, жануарлардың пішіні, жауынан қорғану органдары, т.б. Кейбір организмдердің лимфасы, қаны, терісі улы болуы, жағымсыз иіс (қандала, көптеген қоңыздар, құндыз, т.б.), улы зат шығаруы, денесіне қоректік зат жинап, қысқы-жазғы ұйқыға кетуі – физиологиялық бейімділігін көрсетеді. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы, жауына ұсталып қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі – этиологиялық бейімділігін көрсетеді.
Жануарлардың қыстап шығуы – ауа райы суық және қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз жағдайынан сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық – қорегін табудың қиындауы, қорек қорының азайып, сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін балықтар, құстар, сүтқоректілер қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе, жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс) қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге дейін кетіп қалады. Арқар, таутеке, елік, т.б. таулы аймақтарда мекендейтін жануарлар қыс түсісімен қары жұқа, шөбі мол жерлерге қоныс аударады. Сүтқоректілердің кейбір түрі (сарышұнақ, суыр, жайра, т.б.) қыста қорек іздемейді, олар қысқы ұйқыға кетеді. Қыс алдында көптеген жануарлар түлеп, семіреді. Бұл да жануарлардың қыстап шығуға бейімділігінің бірі болып саналады. Жануарлар тіршілік мекеніне қарай 2 топқа бөлінеді: 1) эвритоптық жануарлар – әртүрлі жағдайларда тіршілік ететін түрі (мысалы, қасқыр, түлкі, қарға, т.б.). Бұлар көп тараған, нақты мекен талғамайды, түрлі географиялық аймақтарда кездеседі; 2) стенотоптық жануарлар – белгілі бір жерде ғана тіршілік ететіндері (мысалы, тек құмды жерде кездесетін тараққұйрық сарышұнақ немесе тек таза, тұнық суда болатын бахтах, т.б.). Мекенін үнемі ауыстырып, бірнеше биотопта тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, көкқұтан биік ағаштарға ұя салады да, өзен-көлге барып жемін аулайды. Жануарлардың әртүрлі биотопта мекендеуі олардың белгілі бір даму сатысына да байланысты. Мысалы, бақаның дернәсілі суда өсіп дамиды, ал ересек бақа су жағасындағы ылғалды жерлерді мекендейді.
Жануарлардың ұйқысы - жылы қанды жануарлардың қолайсыз жыл мезгілдеріне бейімделуі. Бұл кезде олар інінде, ағаш қабығы астында, топырақ арасында жатып, денесіне қоректік заттар қорын (салмағы 30 – 40% май болады) жинау арқылы тіршілігін жалғастырады. Жануарлар ұйқысының бірнеше түрі бар: 1) тәуліктік (мысалы, жарқанаттар, колибр, т.б.); 2) маусымдық – республикамыздың шөл, шөлейтаудандарындағы сүтқоректілердің (мысалы, зорман, суыр, сарышұнақ, т.б.) жазғы ұйқысы қысқы ұйқыға жалғасады, сөйтіп олар ұзақ ұйқыға кетеді. Жануарлардың ұзақ ұйқыға кетуінің бірнеше себептері бар. Оның бірі ауа райының суықтығына немесе шілденің ыстығындағы қуаңшылыққа байланысты. Ұзақ ұйқыға кеткенде жануарлар қоректенбейді, сүтқоректілердің дене температурасы 5 – 7°С-қа дейін төмендейді. Бірақ организмде баяу да болса физиологиялық процестер жүріп жатады; 3) ретсіз – жануарлардың тіршілігінде кенеттен пайда болған қолайсыз жағдайдың салдарынан ұйқыға кетуі (мысалы, ақтиін, жанат ит, қарлығаш, т.б.). Ұйқыға кеткен жануарлар оттектің жетіспеуіне де, денесінен шыққан түрлі улы заттар әсеріне де, жұқпалы ауруларға да төзімді келеді.
Жануарлар анатомиясы(грекше anatome – кесу, бөлшектеу) – жануарлардың жеке органдарының, орган жүйелерінің және организмнің бітімі (формасы) мен құрылысы туралы ғылым. Жануарлардың тұқымдық ерекшелігін – тұқымдық анатомия; органдардың орналасуы мен өзара қатынасын – топографиялық анатомия; организмнің құрылысын жүйелеуді – жүйелі анатомия; жануарлардың дене құрылысы ерекшелігін жасына байланыстыра анықтауды – жас анатомиясы; организмнің жыныстық дамуы мен өсуін – жыныстық анатомия; жануарлардың жүрген және бір орында тұрған кезіндегі сыртқы пішінін – мүсіндік анатомия зерттейді. Салыстырмалы анатомия әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлар органдарын салыстыра зерттеп, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы болуының заңдылықтарын, жануарлар дүниесінің шығу тегі мен тарихи дамуын анықтайды. Анатомия жөніндегі алғашқы жазба мәліметтер біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 5-ғасырларда Мысырда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда хатқа түскен. Мысалы, Гиппократ жануарлардың қаңқасы мен ішкі органдары туралы жазса, Аристотель сүйек қаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дұрыс анықтап, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білген. Герофил (біздің заманымыздан бұрынғы 304 ж.) өкпе артериясы, жүрек, көз алмасының құрылысын анықтады. Қайта өрлеу дәуірінде Леонардо да Винчи, А.Везалий ғылымға әр түрлі органдар туралы эксперименттік деректер енгізді. Қазақстанда жануарлар анатомиясы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары Алматы зоотехниялық-малдәрігерлік институты (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) (1929) мен Алматы медициналық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) анатомия кафедраларында (1931) басталды. Қазіргі кезде зерттеулермен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Семей, Ақмола медицина академиялары, Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің бірқатар ғылыми-зерттеу институттары шұғылданады.
Жануарлар эмбриологиясы (грек. embryon — ұрық) — Ж-дың ұрықтық немесе эмбриондық дамуын, кең мағынада алғанда жеке организмнің (онтогенезде) дамуын толықтай зерттейтін ғылым. Ж. эмбриологиясы саласындағы ғыл.-зерт. жұмыстары Қазақстанда 1950 ж. Қазақстан ҰА-ның Эксперименттік биология (қазіргі “Биоген” жабық акцион. қоғамы) ин-тында, Алматы зоотех.-малдәрігерлік (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) ин-тында акад. Мұхамедғалиевтің басшылығымен басталды. Республика ғалымдарының зерттеулерінің нәтижесінде құрсақтағы қозы (Шағыров, А.Т. Қазатаев, т.б.), құлын (Қ.Ш. Баймұхаметов), торайдың (Н.С. Панченко, т.б.) сырт пішіні сипатталып, дене мүшелерінің арақатынасы зерттелді. Сондай-ақ, тері (Шағыров), қалқанша без (Л.Д. Литвинова), жемсау бездеріне (Б.О. Исаев), бүйрек (А.Ф. Шамилов), асқазан мен ішек (Баймұхаметов), бауыр (Р.Ә. Тоқтамысова) эмбриогенезіндегі заңдылықтарға сипаттама берілді. Қазақ биязы жүнді қойы (Бальмонт, Еламанов, т.б.) мен қазақ арқар-мериносының (Бутарин, т.б.) құрсақта дамуы зерттеліп, қаңқаның сүйектену ерекшеліктері анықталды. Қозының, оның органдарының құрсақта өсуі, оның әр кезеңде әртүрлі заңдылықтарға бағынатыны дәлелденді (Бердімұратов). Қозының құрсақта дамуының алғашқы кезеңдері жете зерттеліп, заңдылықтары қорытылды (Мұхамедғалиев, Баймұхамбетов). Құрсақтағы қозы қанының биохим. ерекшеліктері, оның ақуыз құрамы анықталды (О.В. Дьяченко, ұ.М. Әбілова, т.б.). Қой (Мұхамедғалиев, Тойшыбеков, Мырзамәдиев, Жаңабеков, т.б.) мен ірі қара (А.М. Омарбаев) зиготасының трансплантациясы (орнын алмастырып салу) мәселелері зерттелуде. Осы кездегі Ж. эмбриологиясында салыстырмалы-сипаттамалы және эксперименттік бағыттан басқа, экол. эмбриология бағыты дамып келеді. Бұл бағыт дамып келе жатқан организмді тіршілік ортасымен байланыстыра зерттейді.
Жануарлар генетикасы(грекше genesіs – шығу, пайда болу, тек) – жануарлардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым. Оның негізгі мақсаты – шаруашылыққа тиімді белгілердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің заңдылықтарын ашу, оларды басқару жолдарын анықтау.Жануарлардың адамға қажетті жаңа тұқымдарын өсіріп шығару. Осыған байланысты жануарлар генетикасы мына мәселелерді зерттейді: 1) тұқым қуалаушылықтың материялық негізі; 2) тұқым қуалаушылық затының (геннің) ұрпақтан ұрпаққа берілу жолы мен заңдылықтары; 3) нақтылы бір белгілердің пайда болып, қалыптасып даму жолдары; 4) тұқым қуалаушылық заттың (генетикалық мәлімет) өзгеру себептері мен түрлері. Бұл мәселелер жануарлар дүниесі құрылымының әртүрлі деңгейінде (молекулалық, жасушалық, организмдік, популяциялық) зерттеледі. 19-ғасырдың аяғы 20-ғасырдың басында жануарлардың әр түріне тән хромосома саны, сонымен қатар хромосомалар құрылысының бұзылуы мен санының өзгеруіне байланысты әртүрлі аурулар мен әртүрлі жағымсыз ауытқулар байқалатыны анықталды. Жануарлар генетикасы оларды сұрыптауға негіз болды. Сұрыптау нәтижелілігіне тікелей қатысы бар жалпы және популяциялық генетика заңдылықтары ашылды. Бұл сұрыптау жүйесіне енген малдың биологиялық немесе шаруашылыққа тиімді белгілерін шартты түрде сапалық және сандық деп екі жікке бөлу қажеттігін дәлелдеді. Сапалық белгілердің жануарлар генетикасы ашқан тұқым қуалаушылық заңдылықтары оларды сұрыптау тәжірибесінде малдың ата-тегін анықтау, өнімділігі мен шағылыстырғандағы нәсілдік қасиеттерінің үйлесімділігін алдын-ала болжау үшін кеңінен қолданылады.
Жануарлар морфологиясы (грекше morphe – пішін)' – денесінің пішіні мен құрылысы, олардың жекеше және тарихи эволюциялық дамуы туралы ғылым. Бұл анатомия, гистология, эмбриология, цитология ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстанда эволюциялық морфология (ұзақ тарихи даму процесі кезінде жануарлардың төменгі сатыдағы қарапайым түрінен жоғарғы сатыдағы күрделі организмдерге дейінгі аралығы); салыстырмалы морфология (әртүрлі мал тұқымдарының ұқсастығы мен айырмашылығы заңдылықтарын салыстыра зерттеу); мал тұқымдары морфологиясы (малдың органдарының құрылысын мал тұқымына байланыстыра зерттеу); функционалдық морфология (жануарлар организмі құрылысының ерекшеліктерін қызметіне байланысты сипаттау) салаларындағы зерттеулер кең өріс алды. Сүтқоректілердің (олардың ішінде малдың), құс пен балықтың, бауырымен жорғалаушылардың, жәндіктердің тыныс алу, ас қорыту, жүйке, жүрек-қантамыр, сүйек-ет жүйелері зерттеліп, олардың эволюциялық, экологиялық, филогенездік, түраралық, тұқымаралық ерекшеліктері анықталды. Салқын қанды жануарлар денесінде пигменттердің таралу ерекшеліктері айқындалды. Жүн мен жүн талшықтары, тері морфологиясы жөнінде көптеген құнды мәліметтер алынды.
Жануарларды сұрыптау (латынша selectіo – таңдау, сұрыптау) – малдың жаңа тұқымдарын шығару және оларды жақсарту тәсілдері туралы ғылым; зоотехния саласы. Мұның мақсаты: малдың өнімділігін және түрлі ауруға төзімділігін арттыру, тіршілік мерзімін ұзартып, қазіргі өндіріс технологиясына бейімдеу. Қазақстанда өнімді аз беретін жергілікті мал тұқымдарын сұрыптау, іріктеу, оларды мол өнімді тұқымдармен будандастыру арқылы малдың жаңа тұқымдарын шығару іске асырылды. Республика селекционерлері тұқым таңдау, жұптастыру, аса бағалы генотиптерді іріктеп, оларды сұрыптауда пайдалану, алынған тұқымдардың қоршаған ортаға бейімделуі, алыстекті будандастыру мәселелерімен айналысты. Қазақтың ақбас сиыры, Әулиеата, Алатау сиырлары, Қазақтың биязы жүнді қойы, Оңтүстік қазақ мериносы, Солтүстік қазақ мериносы, Биязылау жүнді дегерес қойы, Қазақ арқар-мериносы, Кеңес жүндес ешкісі, Қостанай, Көшім жылқылары, жабы тәріздес Қазақ жылқысы, сонымен қатар үйректің “Медеу”, тауықтың “Алатау” түрлері, т.б. шығарылды. Сондай-ақ, Қырдың қызыл, Галловей, Санта-гертруда сиырларының тұқымын жақсарту әдістері ұсынылды. Айршир, Қалмақ сиырларының таңдаулы табындары мен Кроссбред қойының отарлары құрылды, биязылау жүнді және құйрықты қой типтері шығарылды.
Жануарлар физиологиясы(грекше physіs – табиғи) – жануарлар организмінің, оның жеке жасушалары, тіндері мен органдарының, қызмет жүйелерінің тіршілігі туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты – адамның мұқтажына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының тіршілік әрекеттерін зерттеп, олардың өнімділігін, өнімінің сапасын арттыру. Жануарлар физиологиясы негізінде малдың қоректік заттар мен энергияға деген мұқтаждығы анықталып, нормативтер белгіленеді; төл өсіру мен малды күтіп-бағудың ғылыми негіздері ұсынылады; мал өсірудің тиімді жолдары анықталып (қолдан ұрықтандыру, ұрықты көшіру, т.б.) практикада әртүрлі техниканы қолдануға жол ашылады (мысалы, сауу қондырғылары); малды үйрету, машықтандыру негіздері анықталады; малдың жұқпайтын ауруларының себептері айқындалып, малдың өсуін жеделдететін түрлі биологиялық активті заттар – витаминдер, гормондар, тіндік қуаттандырғыш заттар қолданылады. Жануарлар физиологиясы ғылым ретінде тек 19-ғасырдың ортасы мен 20-ғасырдың басында қалыптасты.
Жануарлар экологиясы – экологияның бір саласы. Бұл салада экожүйедегі популяцияның тіршілік ету заңдылықтары анықталып, жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада болып жатқан антропогендік факторлар жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі. Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың, әртүрлі табиғатта болып жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақтың ластануы – жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі. Мысалы, 20-ғасырдың 50-жылдарындағы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде сол аймақта тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың 70%-ы жойылып кетті. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Арал теңізінің тартылуына байланысты бағалы балықтар (сазан, қаяз, ақмарқа, т.б) құрып кетті. Омыртқалы жануарлардың 125 түрі және омыртқасыз жануарлардың 105 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Осыған орай, жануарлар экологиясы – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі.
Жануарлардың көне атаулары — жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған, немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды — қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды — итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды — ақ шандоз, жираф — керік, мысықтың баласы — шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан — сумақы, сиыр — маңғаз, барыс — айбар, жылқы — тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Жануарлардың көне атаулары ұлттық фольклорда, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Мыс., “Борақты ұрсаң тұмсықтан, тез өледі шымшықтан”, “Таутанның алма аланын, кесіріне жолығарсың балаңның”, т.б. Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану — тіл байлығымызды молайта түспек.
Жануарлар туралы ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әртүрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Жануарлар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді: этиологиялық жануарлар туралы ертегілер, классикалық жануарлар туралы ертегілер және мысал ертегілер (аполог). Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мыс., түлкі — аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т.б. Шығыс және Еуропа халықтарының жануарлар туралы ертегілерінің көпшілігін классикалық жануарлар туралы ертегілер құрайды. Олардың сюжеті де ұқсас болып келеді. Өйткені, бұл ертегілердің көпшілігі әр халықтың тарихында болған ұқсас жағдайдан туған. Ал біразы арғы тегі бір түркі халықтарының ежелгі дәуірінде пайда болған. Енді бір бөлігі мәдени, сауда, т.б. қарым-қатынастар арқылы ауысқан. Бұлардың моральдік және әлеум. мазмұны аса терең. Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жануарлар кедейлерді еске түсіреді. Олардың іс-әрекетімен қатар мінездері де шебер сомдалады. Классик. жануарлар туралы ертегілердің құрылымы онша күрделі емес. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақтығыстарға құрылады. Бір сарынды эпизодтардың өзгермей, үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары ертегілерінде бар. Олардың үлгілері — “Қотыр торғай”, ”Кім неден күшті”, т.б. ертегілер. Мысал ертегілерде — баяндау белгілі бір моральдік қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады. Қазақ халқының мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Мыс., Орт. Азияға кең тараған “Қалила мен Димна”, “Тотынама”, т.б. Жануарлар туралы ертегілер адам болмысының ертедегі тотемдік сенімдермен байланысты пайда болған. Жануарлар туралы ертегілердің прозалық баяндаудан өлеңге көшіп отыратын үлгілері де кездеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011.
Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков.