Реферат жұмысы тақырыбы: «Малды союға дайындау, оларды сояр алдындағы тексеру және оның маңызы» Орындаған : 6В09102 «Ветеринарлық санитария»



бет6/7
Дата13.10.2022
өлшемі37,98 Kb.
#42884
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Малды кансыздандыру.
Мал денесінен қанның шығуы еттің сапасына, онын сақталу мерзіміне үлкен әсерін тигізеді. Малды бауыздау асылған немесе жерде жатқан кезде жүргізіледі. Әрине асылған малдан қан толық әрі тез шығады, әдетте ет комбинаттарында барлық мал түрі аспалы жолда бауыздалады. Есеңгіретілген малды (қой, ешкі есеңгіретілмей) артқы аяғынан тұзақ салып аспалы жолға көтереді. Ірі қараны қансыздандыру. Ет ішек-қарыннан шығатын жынмен былғанбас үшін малды қансыздандыру алдында өңеш байланады. Ол үшін асулы тұрған малдың мойын терісі мойынның ортасынан кеуде тұсына дейін (20-30 см) тілініп, өңешті кеңірдектен ажыратып, жіппен буады да қысқыш салады. Малды қансыздандыру есеңгіретуден кейін 1,5 мин ішінде жүргізілуге тиіс. Қанды тамаққа немесе дәрі-дәрмекке пайдалануға тек қана сау малдан жинайды. Бұл үшін арнайы үшкірленген қуысты пышақ қолданылады. Ол таттанбайтын болаттан жасалады, ұзындығы 51 см, диаметрі 22-24 мм. Пышақтың ұстауға ыңғайлы сабы болады, оған ұзындығы бір метрдей резіңке түтік жалғанады.
Пышақ терісі кесілген жерден кеңірдектің оң жағынан онымен жанастыра кеуде қуысына кіргізіліп, пышақтың ұшы оң жүрекшеге енгізіледі немесе осындағы ірі қан тамырларын кеседі. Қан 5-10 малдан бір ыдысқа жиналады. Кейін түгел сараптаудан өткенше қанды ауыстырып алмау үшін ұша және одан алған қан бір нөмірмен белгіленеді. Қанды жинау ол атқылап шығып тұрған мезгілде (шамамен 10-15 сек) жиналады, сосын пышақты суырып алып, кәдімгі пышақпен қосымша күре тамырлар кесіледі. Бұл қан арнаулы науада жиналып, техникалық қажетке пайдаланылады. Жалпы ірі қараны қансыздандыру 8-10 мин созылады.
Қан алу болаттан жасалған екі қуыс пышақтың көмегімен жүргізіледі. Олар жұмсақ түтіктің көмегімен қанды жинау жүйесімен және қанды тұрақтандырушы зат құйылған ыдысымен жалғанған. Қанды жинау, тұрақтандыру, қанды жинау жүйесін және бактарды жуу, дезинфекциялау, сондай-ақ қанды жалпы ыдысқа тасымалдау, оны аудару, тазаланған бакты қайтадан қан толтыруға беру автоматты түрде жүргізіледі. Қан екі пышақпен кезек-кезек жиналады. Жұмсақ түтіктен реттеуші насостың көмегімен тұрақтандырушы зат беріледі.
Бір бак толған соң, бірінші пышақ арнаулы дезинфекциялаушы стаканға салынады, осы сәттен бастап пышақ түтіктер системасын, бакты автоматты түрде жуу және дезинфекциялау жүргізіледі. Бұл кезде қан алу екінші пышақтың көмегімен жалғастырылады. Қанды бұл әдіспен жинау оның, санитарлық жағдайын жақсартады. Бұлай жиналған қанның 1 мл микробтар саны орта есеппен 4368 (әдеттегі жағдайда 100000 дейін) және ішек таяқшасы, протей болмаған. Уақ малды аспалы жолда екі жағы да ұшталған ұзындығы 15 см пышақтың көмегімен қансыздандырады. Қансыздандыру екі жолмен жүргізіледі. Бірінші пышақты құлақтың артынан, өңешті кеспеу үшін омыртқаға таяу тығып, екінші жағынан шығарады. Мұнда жақ бұрышындағы күре тамырлар кесіледі. Екінші жол бойынша пышақты мойын асты арқылы кеудеге кіргізіп, 1-2 қабырғаның тұсында пышақты бұрап күре тамырларды кеседі. Қансыздану уақыты 5-6 мин. Жақсы қансызданған ірі қарадан тірідей массасының 4,5%-дай мөлшерінде, уақ малдан 3,2%, шошқадан 3,5 % қан алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет