Реферат жұмысы тақырыбы: «Малды союға дайындау, оларды сояр алдындағы тексеру және оның маңызы» Орындаған : 6В09102 «Ветеринарлық санитария»


Малды ет өңдеу кәсіпорындарына қабылдау



бет3/7
Дата13.10.2022
өлшемі37,98 Kb.
#42884
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ләззат ВСС РЕФ

2.2 Малды ет өңдеу кәсіпорындарына қабылдау
Мал және құсты, мал өңдеу кәсіпорындарында олардың тірідей массасы бойынша, ал негізінен еттің шығымы және сапасы бойынша қабылдайды. Етке өткізілетін мал, шаруашылықта арнаулы дайындаудан өтеді. Оны кәсіпорынға жіберер алдында ветеринарлық байқаудан өткізеді. Малдың дене қызуы (бәрінің немесе ветеринардың қалауы бойынша ішінара) өлшенеді. Малдың түрі, сырғасының нөмірі немесе таңбасы, ал бордақылауда болған малға бөлімшенің нөмірі көрсетілген тізбе дайындалады.

Союға жіберілетін әр малға, ветеринариялық заңдылықта көрсетілген тәртіп бойынша ветеринарлық анықтама толтырылады. Онда анықтамада көрсетілген барлық мәліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ мекендерден шыққандығы көрсетілуі тиіс. Топ (партия) малға бір шаруашылық субъектілерінен шыққан, бір түлік мал және бір мезгілде, бір анықтамамен берілген мал жатады. Шаруашылықта ұстауға, бордақылауға келмейтін, жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акт толтырылады. жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акт толтырылады.


Ветеринарлық байқау үшін малды арнайы алаңдарға орналастырады, ірі қараны біртіндеп қана өтетін жіңішке қоршаудан өткізеді. Мал техникалық шарттарға, стандартқа сәйкес жынысына, жасына және қоңдылығына қарай бөлінеді, тірідей массасын анықтайды.


Ветеринарлық байқау кезінде ауру мал, өлексе байқалса немесе мал басы басқа көрсеткіштерге сәйкес келмесе, бұл топтағы мал үш күнге дейін карантин бөлімінде ұсталуға тиіс. Осы уақытта ветеринарлық кызметкерлер аурудың диагнозын, сәйкессіздік себебін анықтайды. Құсты союға қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Құс өңдеу кәсіпорынына әкелінген құсты тиісті құжаттар тексерілгеннен кейін ветеринар, цех бастығы немесе шебер қарап шығады.

1. Жануарлар мен құстарға мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер (тексеру):


1) жануарлардың жалпы жай-күйін, көрініп тұрған шырышты қабаттары мен беткі лимфа түйіндерін клиникалық қарау (ф-1 ветеринариялық куәлiгін тексере отырып);
2) термометрия, тамыр соғысын, демалысын, руминациясын тексеру.

2. Етті мiндеттi түрде зерттеу:


1) ұшаны, iшкi мүшелері мен басын, қолжетімді барлық лимфа түйiндерiн ашып қарай отырып және ішкі мүшелерін тіле отырып, органолептикалық қарау;
2) қайнатып сынау;
3) финнозға (цистицеркоз) тексеру;
4) трихинеллезға тексеру;
5) жылқының басын маңқаға тексеру;
6) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.

3. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, етті қосымша зерттеу:


1) күдiк туғызған лимфа түйiндерiнен, iшкi мүшелері мен ұшаның бұлшық еттерiнен алынған жағындылардың бактериоскопиясы;
2) биохимиялық зерттеулер (токсокологиялық зерттеулерді қоса алғанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет