Реферат жұмысы тақырыбы: «Малды союға дайындау, оларды сояр алдындағы тексеру және оның маңызы» Орындаған : 6В09102 «Ветеринарлық санитария»



бет2/7
Дата13.10.2022
өлшемі37,98 Kb.
#42884
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ләззат ВСС РЕФ

Негізгі бөлім
2.1 Сойыс жануарларын шаруашылықтардан ет өңдеу кәсіпорындарына тасымалдау
Сойыс жануарларын шаруашылықтардан ет өңдеу кәсіпорындарына тасымалдау аса күрделі де жауапты шаруа. Тасымалдау кезінде мал қоңдылығын төмендетпеу, тасымалдау әсерінен болатын аурулардың алдын алу, малдың жарақаттанбауын қадағалау, тасымалдауға жұқпалы ауруы бар малды жібермеу ветеринардың, шаруашылық қызметкерлерінің басты міндеті. Жануарларды, құсты ет өңдеу кәсіпорындарына ауру-сырқаусыз, шаршатпай жеткізу көптеген жағдайларға байланысты. Оған малдың жалпы жағдайы, малды тасымалдауға алдын-ала дайындау, тасымалдау көлігінің түрі, сапасы, малды көлікке тиеу және түсіру, тасу жылдамдығы, жол жағдайы, ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтау ж.б. жатады.
Сойыс жануарларын ет өңдеу кәсіпорындарына темір жолмен, автокөлікпен, кейде су жолымен жеткізеді. Республикада тасымалдаудың ең дамыған түрі автокөлікті пайдалану. Сойыс малын тасымалдау ветеринардың бақылауымен жүргізіледі.
Етке тапсырылатын мал жұқпалы аурудан таза шаруашылықтардан шығуы тиіс және дені сау болуы керек. Ол үшін сойыс малының дене қызуы өлшенеді, жалпы жағдайы тексеріледі және басқа да қажетті жұмыстар жүргізіледі. Жылқыны, түйені міндетті түрде маңқаға тексереді. Ол үшін клиникалық тексерумен қатар, етке тапсырардан 2-3 тәулік бұрын көзге маллеиндеу жүргізіледі.
Екінші peт маллеин реакциясымен ет өңдеу кәсіпорындарында сояр алдында тексереді. Сонымен қатар ветеринарлық жарғы бойынша (бруцеллезге, туберкулезге оң реакция беретін малды және аусыл, шошқа обасы және басқа да зарарсыздандырудан кейін етін тағамға пайдалануға болатын аурумен ауырған малды жеке топтармен етке өткізуге болады. Олар тек қана ветеринарлық басқармаларының рұқсатымен етке тапсыруға жіберіледі. Мұндай малды тасымалдау және оны өткізу, ет өңдеу кәсіпорындарына қабылдау тәртібі анықталады.
Ет өңдеу кәсіпорындарына бруцеллез, туберкулез (ауруларының клиникалық белгілері болса), ауруы анықталмаған, дене қызуы әдеттегі қалыптан жоғары не төмен болған жағдайда және аусылға қарсы белсенділігі төмендетілген вирусты вакцинамен егілген малды 21 тәулікке дейін, ал топалаңға (жамандат, қараталақ, ақшелек) қарсы егілен (вакцина немесе сыворотка) малды 14 тәулік өткенше тапсыруға болмайды. Сонымен қатар антибиотик егілген, пестицидтермен өңделген малды да, олардың арнаулы құжаттарында көрсетілген мерзімнен тыс етке тапсыруға рұқсат етілмейді. Ал балық немесе балық ұнымен азықтандырылған малды 30 (құсты 10) тәуліктен кейін ғана етке тапсыруға болады.

Жануарларды тасымалдау оның бордақылау кезіндегі қалыптасқан жағдайын өзгертеді. Сондықтан оларды тасымалдауға дайындау шаруашылықтарда 2-3 тәулік бұрын жүргізілуі қажет. Тасымалдауға жататын мал оның жынысына, жасына, тірідей салмағына, қоңдылығына байланысты топтарға бөлінеді. Әр топтағы мал саны оны тиейтін вагонға немесе басқа да көлік сыйымдылығына байланысты болғаны жөн. Мал алысқа тасымалданатын болса, яғни жолда азықтандыруды қажет етсе, малды азықтандыру мерзімі, азық түрі жолдағы азықтандыру мерзіміне сәйкестендіріледі.


Мал тасымалдау кезінде жаңа ортаға, азық түріне және басқа да өзгешеліктерге түсетін болғандықтан, шаруашылықта малды алдын ала дайындаудың маңызы зор. Малды темір немесе су жолымен тасымалдайтын жағдайда, шаруашылық мал жолда болатын күнге азық қорын әзірлейді Бекітілген күндік нормаға сәйкес сиырдың әр 100 кг тірі массасына күніне 4,5 кг, ал қойдың әр 100 кг 5,5 кг шөп қажет. Құсқа 8 кг құрама жем дайындалады. Мал тасымалдау жене оған дайындау кезінде күніне 2-3 рет азықтандырылып суғарылады. Тасымалдау кезінде малға көк шөп беруге болмайды. Ол тез бұзылып, малдың ішін өткізуі мүмкін. Еденге төсеуге сабан, ағаш ұнтағы, торф дайындалады. Етке тапсырылатын малға қажетті құжаттар дайындалады. Олар малдың сырға нөмірі көрсетілген тізбе, товар-көлік құжаты, №1 ветеринарлық анықтама.
Ал мал бір тәуліктен артық айдалатын немесе темір жолмен тасымалданатын болса, малды қай жолмен айдау, мал суғаратын, демалдыратын жерлер көрсетілген жол қағазы дайындалады. Малды тиеумен - шаруашылық, түсірумен - ет өңдеу кәсіпорындары айналысады. Малдың тірідей массасын жоғалтпай, жарақат және өлім-жітімге ұшыратпау үшін тасымалдау 24 сағаттан артпағаны жөн.
Малды көлікке арту, оның жүйкесін қоздырады. Көліктегі жайсыз қозғалыстар малдың орналасу тығыздығы, әдеттегіден тыс шу, дыбыс жүйкенің қозуы мен тынышсыздығын ұлғайтады, яғни оны стресс күйіне түсіреді.
Сонымен қатар бұл жағдайға ауа райының (ыстық, суық), тиеу кезіндегі жарақаттар, аштық, шөлдеу де әсерін тигізбей қоймайды. Малды тасымалдау кезінде оның қан тамырларының соғуы, демалуы жиілейді, температурасы, қан қысымы жоғарылайды, еттің дірілдеуі байқалады және малдың нәжіс зәр шығаруы жиілейді. Мал организміндегі өзгерістер әсіресе темір жолмен ұзақ жерге тасымалданғанда күшті білінеді. Бұған вагондағы микроклиматтың өзгеруі, уақтылы суармау т.б. факторлар үлкен әсерін тигізеді. Тасымалдау ұзаққа созылған сайын вагондағы микробтардың саны, зиянды газдардың мөлшері артады. Мәселен, аммиак 5 есеге дейін, ал күкірті сутектің мөлшері 1 г/м3 дейін, ауадағы микроб саны екі есеге жуық артады екен. Ұзақ жолда болатын малдың ашығуы, физикалық әсер, ауыртпалықтар зат алмасуының бұзылуына әкеліп соғады.
Сиыр қанында сілтілі фосфатазаның, креатиннің, зәр қышқылының, сүт қышқылының және майдың шамасы артады. Сонымен қатар тасымалдау кезінде минералды және электролитті су алмасуы да бұзылады. Мәселен, тайыншаларды тасымалдау кезінде олардың кілегей қабықтарының кеуіп қатты шөлдейтіні байқалады. Қанның ақ түйіршіктері концентрациясының артуы және гематокриттің 48% өсуі, организмдегі дегидратацияның (сусыздану) басталғанын көрсетеді, бордақы тайыншаларды тасымалдаудан соң қанның сарысуында (сыворотка) натрийдің, хлордың, кальцийдің, органикалық емес фосфордың кемігені байқалады. Ферменттер белсенділігінің және зат алмасуының өзгерісі негізінен бұлшықет пен бауырға түскен функционалдық ауыртпалық өседі. Бұл тасымалдау кезінде малдың болдыруын көрсетеді. Сонымен қатар тасымалдау салдарынан қанда қанттың мөлшері, ал қан плазмасында жалпы нәруыздың, адренокортикотропты гормонның шамасы да артады.
Ағзада өтетін осындай күрделі өзгерістер малдың тірідей салмағын кемітуімен қатар, еттің сапасын да төмендетеді. Тасымалдау әсіресе шошқаға қатты әсерін тигізеді. Көптеген мемлекеттерде тасымалдау әсерінен шошқаның өлімге ұшырауы және ет сапасының нашарлауы да байқалады. Бұл құбылысты ғалымдар "миопатиялық әсер" немесе "стресс синдромы" деп атады. Шошқа еті жұмсақ, іркілдек, түсі солғын тартады.
Тасымалдау стресінің алдын алу. Малды тасымалдауға стресстің әсерін кеміту үшін арнайы дайындық жұмыстары жүргізіліп, төмендегі талаптардың нақты орындалуын қадағалау қажет. Мал тасушы, малды тасымалдау кезіндегі азықтандыру кестесіне сәйкес азықтандырады (мал ұзақ жолға тасымалданатын болса), әр топтағы малды бір-біріне араластырмайды, орталықтандырылған тасымал жағдайында, тасымалдау алдында малды аштық тәртібіне көшіреді (суару шектелмейді) малды көлікке тиеу арнайы дайындалған алаңда (шарбақтармен, басқышпен т.б. жабдықталған) жүргізіледі.
Малды арнаулы көліктермен тасымалдап, оны тиеу кезінде күш қолданбайды, асау малды ең соңынан тиейді; малды көліктің сыйымдылығына сәйкес артады, көлік жақсы желдетілетін, малға күн түспейтін, мал алысқа тасымалданған жағдайда ол жеткілікті және құнарлы жем-шөппен қамтамасыз етілген болуы тиіс. Автокөлікпен тасымалдағанда оның жүрісінің бірқалыпты, белгіленген жылдамдықтан артпауы керек. Ауаның температурасы 20-25°С-тан артық болса, түнде тасымалдау кезінде және тасымалдаудан кейін малды тыныштандыру үшін стресске қарсы дәрілер береді. Ол үшін аминазин, ромнун, элеутерококк т.б. организмнің тасымалдау әсеріне төзімді ететін препараттарды қолдануға болады. Малды ет өңдеу кәсіпорындарына түсіру жұмыстарын арнайы алаңда қалыпты жағдайда, мүмкіндігіне қарай көліктегі бөлек қоршауларға түсіру, піштірілмеген еркек малды бөлек қоршауда ұстау, шаршаған малды 48 сағаттық демалысқа қою қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет