Реферат метрология, стандарттау және сертификаттау Орындаған: Мұратбаев Ж. А. Қарағанды 2020



бет2/14
Дата29.09.2023
өлшемі43,12 Kb.
#111412
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«Метрология» - деген сөз грек тілінен аударғанда «Metro» - өлшеу және «Logos» - білім деген екі сөзден құралған.
Метрология – бұл өлшемдер туралы, олардың бірлігін қамтамассыз етудін әдістері мен құралдары туралы және керекті дәлдікке жетудің жолдары туралы ғылым.
Метрологияның негізгі мақсаты – мемлекеттік және халықаралық негізде өлшем бірлігін жоғары денгейде қамтамассыз ету.
Метрология негізі үш тараудан тұрады:
1 Теориялық метрология (анықтамалық);
2 Қолданбалы метрология (практикалық);
3 Заңды метрология.
Теориялык метрология - метрологияның іргелі негіздерін зерттеп дайындаумен айналысады.
Заңды метрология - қолдануға жіберілген мемлекеттік талаптарды бекітеді.
Қолданбалы метрология - теориялық метрологиясы зеріттеп дайындаған тәжірибелерді қолданумен айналысады.
Метрология зат, нәрсе ретінде – объектілердің қасиеттері жөнінде және жүріп жатқан процесстердің берілген дәлдікте және сенімді түрде сандық ақпаратын алу болып табылады.
Метрологияның құралы – бұл өлшеу құралдарының және метрологиялық стандарттардың жиынтығы, оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.
Бірде - бір ғылым өлшеусіз болмайды, сондықтан да метрология барлық ғылымдармен тығыз байланысты. Метрологияның негізгі ұғымы - өлшем. ҚР СТ 2.1 бойынша өлшем – бұл физикалық шаманың мәндерін тәжірибе жолымен арнайы техникалық құралдар көмегімен табу. Өлшеудің мәнділігі үш аспектіде (құбылыс, көзқарас) көрсетіледі: философиялық, ғылыми және техникалық.
Өлшеу – бұл деректерді шартты белгілеу әдіс тұрғысында көрсететін, әр түрлі таным әдістер көмегімен алынған, яғни таным процесінің соңғы кезеңін, алынған ақпаратты тіркеумен байланысы.
Ғылыми көзқарас – ғылым мен практикалық байланыс көмегімен іске асырылады. Өлшеусіз ғылыми болжамдарды және ғылымның дамуына сәйкестікті тексеру мүмкін емес.
Өлшеу - басқару немесе бақылау объектілері жөнінде сандық ақпаратты алуды қамтамасыз етеді, онсыз барлық техникалық процесстермен берілген ережелер көшірмесін алу мүмкін емес, тиімді басқару объектісін және бұйымның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұның бәрін өлшеудің техникалық аспектісі құрастырады.
Әр түрлі жерде, әрбір уақытта әр түрлі өлшеу аспаптарымен өткізілген өлшеулердің нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік алу үшін өлшеулердің бірлігі болуы қажет. Өлшемдердің нәтижелері заңды болып алынған бірліктермен көрсетілсе, ал өлшемдердің қателіктері берілген ықтималықпен анықталса, мұны - өлшем бірлігі деп түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет