Реферат метрология, стандарттау және сертификаттау Орындаған: Мұратбаев Ж. А. Қарағанды 2020



бет7/14
Дата29.09.2023
өлшемі43,12 Kb.
#111412
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Ðåôåðàò ìåòðîëîãèÿ, ñòàíäàðòòàó æ?íå ñåðòèôèêàòòàó Îðûíäà?àí Ì?

Өлшеу ақпарат жүйесі - объектіні қарау, өңдеу мен басқаруға болатын, бiр-бірімен өзара байланыс каналымен жалғастырылған және өлшеу ақпаратын алуға арналған өлшеу кұралдары мен көмекші құралдарының жиынтығы.
Стандартты үлгілер - бір немесе бірнеше шамалардың мәндерін метрологиялық аттестаттау нәтижесінде қойылған бұл заттардың құрамын немесе қасиетін сипаттайтын зат үлгісі.
Метрологиялык бақылау - метрологиялық қызметінің мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық ережелер мен нормалардың орындалуын тексеру мақсатымен жүргізіледі.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау бұл мемлекеттік қадағалау бойынша инспекторлардың өлшеу құралдарының жасалыну жағдайымен колданылуы, өлшеуді жүргізу әдістемесі, метрологиялық ережелер мен нормаларды орындау және т.б. қадағалау жатады.
Өлшеу құралын калибрлеу - бұл мемлекеттік қадағалауға жатпайтын өлшеу құралдарының жарамдылығы мен нағыз метрологиялык сипаттамасын қою мақсатымен, эталон көмегімен анықталған сәйкес шама мәнімен, өлшеу құралымен алынған шама мәні арасындағы қатынасты коятын операциялар жиынтығы.
Өлшеу құралдарын калибрлеуді өткізуге бекітілген тәртіпте аккредиттеуден өткен метрологиялық қызмет бөлімшесінің заңды түлғаларының құқысы бар.
Өлшеу құралын сынау - оларды сынау кезінде сыналатын объектіге әртүрлі сынау әсерлер (пайдалану кезінде оларға әсер ететін әсерлер) қолдану арқылы бекітілген нормаларға сәйкестілік дәрежесін анықтау үшін өткiзілетін операциялар жиынтығы.
Метрологияның негізгі мақсаты - физикалық шамалар бірліктерін (ГОСТ 16263), мемлекеттік эталондарды және үлгілі өлшеу құралдарын, әдістер мен өлшеу құралдарын және бақылауды зерттеп дайыңдау, өлшеудің бірлігін және бір тектес өлшеу құралдарын қамтамасыз ету, қате жіберушілікті бағалау әдістерін зерттеп дайындау, онымен қатар мөлшерлер бірліктерін эталоннан немесе үлгілі өлшеу құралдарынан жұмысшы өлшеу құралдарына беру. Физикалық шамаларды өлшеу іс жүзінде техникалық құралдармен тәжірибе жолымен орындалады. Өлшеу деп кез келген мәндерді шартты түрде бірлік ретінде бекітілген мәнмен салыстырып қарауды айтады.
Бақылау - өлшеудің бір түрі, мұнда физикалық шаманың жеткілікті шекті мәндерге сәйкестілігін анықтайды. Өлшеудiң дәлдігін қамтамасыз етудің метрологиялық нормативті заңды негізі, өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік өлшеу жүйесі болады (МӨЖ). МӨЖ-дің негізгі нормативті заңды құжаттары - мемлекеттік стандарттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет