Бақылау -кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау -оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқтаймыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
- Бақылаудың білім беру - қызметі оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
- Тәрбиелік қызметі - оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.
Дамыту - қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық, басқарушылық, тәрбиелеушілік. Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық, бағралаушы,бақылаушы болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ:ұйымдастырушылық, реттеушілік, дәлдеп түзетушілік болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтижесінің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ:қалыптастырушылық , дамытушылық, ынталандырушық болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.