Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етеді. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалық бақылау әдістемелерінің өзіндік ерекшелігі бар.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі деп ұғынылады. (жазбаша бақылау жұмысы, тестік жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, шығарма, диктант, т.б.).
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданған принциптер негізінде жүргізіледі, олар: әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) – бұл субъективтік факторларды болмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік-әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстырыла қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерігнде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою.Жеке-дарақатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
Жан-жақтылықта–бақылау оқу бағдарламасыныбарлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білімдерін білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір