Реферат пәні : Физиканы оқыту Тақырыбы


Іс-әрекеттегі зерттеулердің түрлері



бет3/3
Дата29.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#53416
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
10БЕТ ОСЫ WORD-ТА

Іс-әрекеттегі зерттеулердің түрлері:




  1. Жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі: әдетте нақты сыныптағы бір мәселені қарастырады. Мұғалім оқыту стратегияларымен, сыныпты басқару, материалдарды пайдалану және оқушыларды оқытуға байланысты мәселелерге жауап іздеуі мүмкін. Бұл істе мұғалімдерге әдіскер, директор немесе атааналар көмектесуі мүмкін. - Бірлескен іс-әрекеттегі зерттеуге екі мұғалім немесе бірнеше мұғалімдер тобы және сынып немесе әдістемелік бірлестіктің өзекті проблемаларын шешуге қызығушылық танытқан басқа адамдар қатыса алады.




  1. Проблеманы анықтау: Мұғалімдерде тәжірибе барысында туындайтын, жауап алуды қалайтын бірқатар өзекті сұрақтары болатыны сөзсіз, алайда сұрақтардың арасынан күнделікті жұмыста аса маңызды және қызықты болып табылатын бір мәселені анықтап алу керек. Бұл іс-әрекеттегі зерттеудің бірінші кезеңі болып табылады. Проблеманы зерттеуді бастар алдында бірнеше критерийлерді ескеру қажет болады. Зерттеу мәселесі болып табылатын проблемалар төменгі талаптарға сай болуы шарт: • өзекті болуы керек; • жоғары деңгейлі сұрақ болуы керек - иә/жоқ емес; • жаргондарды қатыстырмай, қарапайым тілді пайдалана отырып жазылуға тиіс; • тәжірибелік маңызы болуы керек;


  1. Деректерді, әдебиеттерді пайдалану: Деректермен, әдебиетпен жұмыс істеу – зерттеу үдерісінің маңызды бөлігі. Деректер көздеріне шолу жасаудың пайдалылығын және оны жасау керектігін растайтын үш негіз бар: • сіз қызығушылық танытып отырған сала туралы белгілі бір жағдайлар туралы сізді құлақтандыруға және сізге осы саладағы басты идеяларды айқындауға септігін тигізеді; • қазіргі замандағы әдебиетті іздестіру барысында сіз қаралып отырған мәселе мен басқа пәндік салалардың арасындағы өзара байланыс жөнінде түсінік аласыз. Осылайша, тақырып туралы едәуір қомақты білім аласыз, сонымен қатар сіздің осы тақырып бойынша біліміңізді тереңдете түсетін, зерттеуге әбден лайық жаңа салаларды анықтауға мүмкіндік алуға болады; • жұмысқа кірісіп, осы саланы зерттеумен айналысып отырған басқа да адамдардың әдістерін зерделеп, сіз олардың ортақ білімге қосқан үлестерімен танысасыз.




1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет