Оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту мәселелері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту мәсселелері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Ақпарат көздері арқылы оқыту мәсселелерін түрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар:
Сөйлеу арқылы әрекетті Көрнекілік
Әңгімелеу
Түсіндіру.
Лекция.
Сұхбаттасу.
Оқулық мәтінімен жұиыс.
Нұсқа беру.
Демонстрациялау.
Оқушының өзіндік бақылауы.
Практикалық
Жаттығу.
Өндірістік-техникалық есептерді шешу.
Зертханалық-сарамандық жұмыстар.
Іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты кәсіби оқыту мәселесіне жіктелуі:
шебердің жұмысты атқару кезінде істің санасы, дұрыс орындалуы және қателіктердің жалпы сипаттамасы қорытындылады.
Жазбаша нұсқау
өндірістік оқыту процесінде дидактикалық құндылыққа ие.
«Іс-әрекеттегі зерттеу» санатының шығу тегі
Ғылым саласына «іс-әрекеттегі зерттеу» деген санаттың енгізілуі әдетте Курт Левиннің (1946) атымен байланыстырылады және бұл терминді пайдалана отырып еңбек шығарған бірінші адам болса да, ол бұл идеямен ертеректе 1913 жылы Вена қаласында басылып шыққан жұмыс арқылы Германияда танысты деген болжам бар (Altrichter H. & Gstettner P.,1992). Шындығында, 1926 жылы жарияланған Букингемнің «Оқытушыларға арналған зерттеулер» атты кітабында бізге таныс іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі қолданылады. Роджерс (2002) сипаттаған Джон Дьюидің (1930) рефлексия туралы түсінігі олардың пікірлері өте ұқсас екенін көрсетеді. Тіпті ежелгі грек эмпириктері іс-әрекеттегі зерттеу циклін пайдаланған деп болжауға болады. Соған қарамастан бұл зерттеулерді «спираль бойынша адымдап дамитын үдеріс ретінде, бұл ретте әр адым жоспарлаудан, әрекеттен және әрекет нәтижесін бағалаудан тұратынын» бірінші сипаттаған Левин болды (Kemmis & McTaggart, 1990). Левин «белгілі қоғамдық тәжірибелерді түсіну және өзгерту үшін социологтар зерттеудің барлық кезеңдерінде нақты, шынайы жағдайларда жұмыс істейтін практик-мамандарды тартулары керек» деген болатын (McKernan, 1991) [1].