Реферат пәні: Философия Тақырыбы: Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары Орындаған


Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары



бет3/8
Дата03.10.2024
өлшемі41,45 Kb.
#146700
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М.Хайдеггер онтологиясы СӨЖ

2.Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Болмыс Sein
"Болмыс (немісше Sein, ағылшынша Being)- болушының (Beings) болуы." Болмыс сөзі "бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең жалпылық философиялық категория есептеледі.«Болмыс және уақыт» кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің жазушылық жоспарын ұсынады: "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау – міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты." Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған.Хайдеггер болмысты (Being) тануды нақты болушыны (нәрсе, Beings) танудан айқын ажыратады. Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес. "Болмыс болушыны болушы етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі." Болмысты тану арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады.Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі (Sinn des Seins) де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп анықтайды. Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде бар болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін, ғылымнан бұрынғы шындық. Сондықтан Хайдеггер фундаменталды онтологияны "түсінуді түсіндіру" ретінде бағалап, ол логика, теория, нақты онтологияның қолданылым, толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де алғашқы деп есептеді.Болмыс арқылы ғана болмысқа тұтасуға болатындықтан, болмысты сұрастыру мәлім бір болмыстың болмысын негіз ету арқылы сұрастырудан дерек береді. Хайдеггердің ойынша, болмысты шынайы тану ерекше болушыны алғышарт етеді. Демек, бұл болмысты танудың әдіснамасы герменевтикалық қайталаным шеңберінен ажырай алмайтынымызды көрсетеді. Яғни, болмысты тану қайталану барысында алға жылжитын әрекет болып, ол методологиялық мағынада феноменологиялық түсіндіруді қайта түсіндіруі тиіс.Хайдеггер бойынша, болмысты танитын болмыс тек адам - Осыболмыс болып, адам болмысы өзі болмыс ретінде болмысты тануға қабілетті, онтологиялық қабатта өмір сүре алатын болмыс болғандықтан, болмысты тану адам болмысын - Осыболмысты тануға бағытталу арқылы орындалуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет