Реферат пәні: Философия Тақырыбы: Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары Орындаған



бет1/8
Дата03.10.2024
өлшемі41,45 Kb.
#146700
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М.Хайдеггер онтологиясы СӨЖ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТТЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


РЕФЕРАТ

Пәні:Философия
Тақырыбы:Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Орындаған: Қазыбекқызы Ш.
Қабылдаған:Джанкадыров С.

Жоспары:
І.Кіріспе
Мартин Хайдеггердің өмірбаяны
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
2. Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мартин Хайдеггердің өмірбаяны
М артин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger, 1889 жылы 26 қыркүйек-1976 жылы 26 мамыр) — неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология және теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Ол Құрлықтық философия (Continental philosophy) дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (Being and time) (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.
Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған «Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы» атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды. 1913 жылы Генрих Риккерт және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде «Психологизмнің тұжырым ілімі» атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған мақаласы «Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі» деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. Бірақ, екі ай өткенде денсаулығы сыр беріп, қосыннан шегерілді. 1917 жылы І дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы Хайдеггер Пруссиялық лютеран қыз Эльфриде Петриге үйленді және тағы да әскерге алынды. 1919 жылы оның ұлы Йорг туылды. 1918 жылы соғыстан оралған соң, Хайдеггер феноменологияның негізін салған әйгілі философ Эдмунд Гуссерльдің ассистенті болды. Хайдеггер Гуссерльдің жетекшілігінде әрі өз білімін шыңдайды, әрі сабақ өтеді. Бұл кезде оның сабақ тақырыбы Аристотель төңірегінде өрбіді. Ол Гуссерль феноменологиясының ықпалына ұшырағанымен, бірақ сабақ мазмұны соншылық Гуссерльшіл емес болатын. 1920 жылы қазанда Фрайбург университетіндегі сабақ сағаты жетіспеген соң Гуссерль Хайдеггерді Марбург мектебінің үлкен өкілі, Марбург университетіндегі Пауль Герхард Наторпқа таныстырады. Ол кезде Хайдеггер Гуссерль бас болып құрастырған «Философия және феноменологиялық зерттеу жылнамасының» VII томында өзінің Аристотель туралы көлемді мақаласын басуға әзірленіп жатқан болатын. Ол 40 беттік қолжазбаны екі нұсқа етіп бастырып, біреуін Наторпқа жіберіп береді. Наторп қолжазбаны оқыған соң қатты таңырқап, жас философтың идеясына тәнті болады да, дереу Гуссерльге қабылдау туралы хабар жібереді. 1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің Тау Лашығын (the Hütte) салдырып, «Болмыс және уақытты» жаза бастады. Сол жылы ол Марбург университетінде атағы асқақтаған жаңа профессор болып танылды. Теолог Рудольф Бультманн (Rudolf Bultmann), Эрнст Фридлендер (Ernst Friedländer), Николай Гартман (Nicolai Hartmann), неокантшыл философ Пауль Наторп (Paul Natorp) қатарлылар Хайдеггермен бірге жұмыс жасады. 1925 жылы жазда «Уақыт ұғымының тарихы» атты дәріс қолжазбасын таярлады. Бұл «Болмыс және уақыттың» алғашқы нұсқасы еді. 1925 жылы қыста Хайдеггер ресми профессор болуға ұсыныс жасады. Ол кездегі талап бойынша, ресми профессордың міндетті түрде монографиясы болуға тиіс болатын. Сөйтіп 1926 жылы қаңтардан сәуірге дейін ол тау лашығында оқшау жатып «Уақыт ұғымының тарихы» дәріс қолжазбасын «Болмыс және уақыт» кітабы етіп, алғашқы 240 бетін реттеп шықты. Бұл мезгілде Гуссерль де Тодтнаубергке келіп, оның "дүниедегілік" ұғымын талқылаған екен. Келесі жылы ақпанда «Болмыс және уақыт» «Феноменология жылнамасының» VIII томына енді және жеке кітап болып та басылып шықты. Жарты жылдан кейін Берлиннен ресми профессорлыққа бекіту мәлімдемесі келіп жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет