Ынта (Care) Хайдеггер бойынша, ынта (Care) дегеніміз сондай бір күй – Осыболмыстың (Dasein) өз болмысына мейірі түсуі. Өйткені, Осыболмыстың негізі оның ғұмыры (existence), яғни оның мүмкіндікті шындыққа айналдыруы есептеледі. Әрбір кезектегі шындықтан болашақтық күйге өтуде сондай бір сұрақ көлденеңдейді: "Енді не істеуім керек?" Міне бұл ынта (Care) есептеледі. Ынта негізі Осыболмыстың өз болмысын таңдау (Choice) қабілетіне сай болады. Ынта — Осыболмыс (Dasein) пен дүние арасындағы негіздік байланыс ретінде, Осыболмысты дүниеде мәнді етеді. Ол Осыболмыс тәжірибесінің негіздік күйі есептеледі. Барлық Таңдау (Choice) дүниеде жасалатындықтан, ынта "осы дүниеде бар болатын" Осыболмыс болуының негізгі қасиеті есептеледі. Ынта — Ғұмыр (өзінен ілгері өмір сүретін), Нақтылық (... ішінде өмір сүретін), Таусылу (... күйде өмір сүретін), Сөйлесу қатарлылардан құралады, және осылар жиналып келіп Осыболмысты (Dasein) бүтіндікте паш етеді. Ол уақыттылықпен – адамзат тұрмысының уақыт құрылымымен тығыз байланысқа ие. «Болмыс және уақыт» кітабындағы "Осыболмыс және уақыттылық" бөлімінде уақыттылықты (Temporality) ынтаның барлық факторларының негізі деп түсіндіреді.
Ажал Ажал Хайдеггер бойынша нақты жарық өмірдің терістелуі. Адам баласы ажалға беттегенде барып дүниеге алаңдауы мен абыржуын тоқтатып, құлдырау барысында өзін оқшаулап, шынайы болмысын табады. Ажал жеке адамның жұмысы, ешкімдікін ешкім өтей алмайды. Ажал әрқашан болуы мүмкін, ол қай кезде болса да ақылға қонымды есептеледі. Өйткені ешкімнің қанша өмір сүретіні туралы күні бұрын келісім жоқ. Сондықтан адам ажалға таярлық күйінде болуға тиіс. Демек, Хайдеггердің ойынша, адам ажалға тура қарап, үрей ішінде өз өмір сүруінің маңызын сезінуге тиіс. Өз өмірінің болашағын жоспарлағанда, ажалды да ескеруі керек. Адам тек өмірді ғана қабылдап, ажалдан бас тартуға қақысы жоқ.
Өзгешелік (distantaility) Мәлім бір адамның іс-әрекетіне назар аударған кезде, біз оны тек күзетіп қана қоймай, өзіміз бен оның айырмашылығына да мән береміз және сол айырмашылықты жоюға (squashed) тырысамыз. Адам әрқашан басқалардан өзгеше екенін түйсінген күйде өмір сүреді және бұл көбінесе санасыз айқындылық болып сезіледі. Адамның өз болмысындағы осынау бөтендікті сезіну мен оған мән беруін Хайдеггер өзгешелік деп атаған. Адам өзгешелікке қарата санасыз болған сайын өзгешеліктің адам өміріндегі тізгіндеу рөлі арта береді екен.