Реферат пәні: Философия Тақырыбы: Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары Орындаған


Орташа күнделік күй (average everydayness)



бет7/8
Дата03.10.2024
өлшемі41,45 Kb.
#146700
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М.Хайдеггер онтологиясы СӨЖ

Орташа күнделік күй (average everydayness)
Хайдеггердің айтуынша, біз осыболмыспен тұтасуда және оны түсіндіруде өз болмысын өздігінен әйгілейтін ерекше болушыны (Beings) таңдауға (choose) тиіспіз. Яғни, бұл үлгіде осыболмыс өзін әдетте қалай болушы етіп әйгілейтіні көрінуі керек, осыболмыс орташа күнделік күйде (everydayness) болушыны (Being) көрсетуге тиіс. Біздің күнделік күйіміз (everydayness) бейнелеген нәрсе кездейсоқ қалыптасқан құрылым емес, мәндік құрылым есептеледі. Осыболмыс қандай болмыс үлгісінде болса да, бұл құрылым осыболмыстың болмыстық құрылымын құрауға тиіс. Хайдеггердің көрсетуінше, осыболмыстың күнделік күйінің (everydayness) қайталанбалы ұқсастықтары болушының (Being) құбылыстық мәнін бейнелейді. Барша осылай болған ғұмыр қозғалыстары осы түрдегі болмыс үлгісінен басталып, соған қайтады. Біз осыболмыстың бұл түрдегі күнделік қайталанбалы ұқсастықтарын орташа күй (Averageness) деп атауымызға болады. Дәл осы орташа күнделік күй (average everdayness) болушының болушы қабатындағы күйін құрайды да, онда өткен мен қазір осыболмыстан айнып, алыстап кетеді. Бұл болушы қабатына ең жақын және таныс нәрсе онтология (Ontology) тұрғысынан ең алыс, адамдарға ең бейтаныс нәрсе болып, онтология мәні тұрғысынан ылғи да ескеріле бермейді. Бірақ, осыболмыстың орташа күнделік күйін (Dasein 's average everydayness) жай ғана бір "тарап" (жақ, қиыр) деуге болмайды. Орташа күнделік күйдің мәнсіз (inauthentic) үлгісінде де экзистенциалді (ғұмырлық) құрылым бар. Хайдеггердің ойынша, орташа күнделік күйде осыболмыс мәлім тәсілмен өз болмысы үшін болады, тек мұндағы осыболмыс (Dasein) орташа күнделік күй үлгісінде болғандықтан, ол өз болмысынан жалтару, қашу, ауытқу, ұмыту, ескермеу секілді күйге енеді-халас.
Төрткіл дүние (Тhe environed world)
Хайдеггердің пікірінше, осыболмысқа күнделікті ең жақын нәрсе – оның айналасындағы Төрткіл дүние. Біз әдетте төрткіл дүние ішінде болу арқылы болушыны онтологиялық түсіндіреміз, төрткіл дүниенің дүниелік сипатын біртіндеп қарастырамыз. Төрткіл дүниенің төңіректік сипаты оның кеңістіктік мағынасына қаратылған. Бірақ, төрткіл дүниені құраған төңіректің өзінде кеңістіктік мән жоқ. Кеңістік төрткіл дүниеге тән және ол төрткіл дүниенің дүние болу құрылымы арқылы ғана айқындалады. Хайдеггердің ойынша, "төрткіл дүние" алдын ала бекітілген кеңістікте тұрған жоқ, тек төрткіл дүниенің өзіндік дүниелік қасиеті орын және осы сәттегі бүтіндікпен себептік байланысқа ие болып отыр. Ал, бұл орын айқындаушы үшін әрқашан тұрақты болады. Хайдеггердің ойынша, кезектегі дүние – дүние кеңістігінің "кеңістіктік қасиеті" арқылы түсіндіріліп келді. Осыболмыстың өзі дүние тұрғысынан тек "кеңістіктік қасиетке ие нәрсе" құсап көрінеді. Сондықтан, болушы қабатынан айтқанда, қолға алған нәрсеміз төрткіл дүниенің кеңістіктік салыстырмасы арқылы айқындалады. Бірақ осыболмыстың өз болмысы бұлай кеңістік арқылы түсіндірілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет