Болмыс-ішілік (In-Sein) Хайдеггердің айтуынша, біз "болмыс-ішілік" (немісше: In-Sein, ағылшынша: Being-in) ұғымын қолдану арқылы дүниеделігімізді айтуды толықтаймыз. Төрткіл дүниеделік – болушы-ішілік арқылы ".... ішінделікті" (бірдеңенің ішінде) түйсіндіреді. Бұл сөйлеу әдеті болушының (Beings) болмыс (Being) тәсілін көрсетеді, яғни мәлім бір болушы келесі бір болушының ішінде екенін, мысалы су кесе "ішінде" екенін, киім шкаф "ішінде" екенін білдіреді.Демек, болушылар (Beings) біреуі келесінің ішінде "болу" арқылы өмір сүреді. Олар дүние ішінде тізілген нәрселер ретінде іске асқан, орындалған, болып жатқан болмыс үлгілері есептеледі. Ал, бірақ болмыс-ішілік – осыболмыстың айырықша боллмыстық құрылымын көрсететін онтологиялық ғұмырлық сипатқа ие. Бұл деген сөз, мәлім зат (мысалы адам денесі) орындалған болушылар "ішіндегі" орындалған болмыс дегендік емес.Болмыс-ішілік орындалған, іске асқан нәрселердің кеңістіктегі "бірінің ішінде бірі болуы" емес. Түпнұсқа мағынасынан айтқанда, болмыс-ішілік кеңістіктік байланысты білдіріп тұрған жоқ.Біз болмыс-ішіліктегі болушыны өзіміз қай-қашанда солай болатын болушылық деуімізге болады.Хайдеггер былай дейді: мен дүниедемін, бірақ дүние маған осыншалық таныс болуының артында мүлде байтаныс жасырын тылсымат жатыр. "Болмыс-ішілік" осыболмыс болуының онтологиялық қабатын айғақтайтын термин. Ал, осыболмыс дүние-ішілікпен мәнді құрылымға ие болады.Дүниені саялаған болмыс – бейне өзен сағалаған балық секілді дүниеде байыздаған, дүниеге қонақтаған болмыс. Бұл тұрғыда "дүниені саялау" болмыс-ішілікке онтологиялық орнығу есептеледі. "Дүниеде болу", "өмірде бар болу", "шын болу" дегеніміз дәл осы болмыс-ішілік арқылы "дүниеде бар болуды (Being-in-the-world) көрсетеді.
ІІІ.Қорытынды Неміс философы, экзистенциализм ағымын салушылардың бірі (бірақ, ол өзін экзистенциализмге жатқызбаған) Хайдеггер Мартин (1889-1976). «Болмыс пен уақыт» (1927) деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс әлемі - ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан, шындықтың мистикалық бастамасы дейді. Ол болмысқа қарама-қайшы, алғашқы айтылған ойды бекерге шығара отырып, әртүрлі сипаттама және түсіндірме береді. Дегенмен болмысқа ғылыми анықтама бермей, тек кейбір маңызды жағын бөліп көрсетіп, экзистенциалимзге сәйкес қарады. Хайдеггер: «болмыс зат, онымен біз қатынаста боламыз, бірақ, ол әлдебір тіршілік» - дейді. Тіршілік бар дейміз. «Болмыс ешбір зат емес, соған сәйкес ол ешқандай уақытша емес, сонымен бірге қатысушы ретінде бәрі-бір уақытпен анықталады». Болмыс пен уақыт бір-бірін өзара анықтайды, бірақ, солай болсада, біріншіден, ешбір болмысты уақытша ретінде, екіншіден, ешбір уақытты тіршілік ретiнде қарауға болмайды. Хайдеггер: «болмысты рационалды тануға болмайды» деген пікірге келеді.Хайдегердің міндеті-уақытты оңалту, оғанболмысқа орын беру. Болмыс деңгейінде ойшыл жою, уақыт теңдігі (бейболмыс) жойылады, оның орнына бірінші жағдайда бейболмысқа қарағанда мүлдем басқа мағынасы бар бейьолмыс қойылады. Кез келген жағдайда болмыс уақыттың субстанциясы ретінде әрекет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Мартин Хайдеггер философиясына жалпы шолу (madeniportal.kz)