Реферат пәні: Педагогикалық зерттеулер \



бет3/3
Дата28.11.2023
өлшемі193,06 Kb.
#130532
түріРеферат
1   2   3
Қорытынды.
Жалпы, педагогика ғылымы адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған
практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидактикалық теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады. Және оның дамуыны көптеген шетел ғалымдыры өздерінің еңбектерін жаза отыра үлкен үлес қосқан. Олардың педогогика ғылымына деген көзқарастары еңбектерінде айқын жазылган.
Әлеуметтік және экономикалық факторлар білім беру жүйесінде келесі бағыттардың пайда болуына әсер етті. XX ғасыр соңында демократия, гуманизм принциптері дамыды. Бүгінгі таңда педагогиканың дамуы-бұл жаңа тұжырымдамалардың, білім беру технологияларының, оқыту әдістері мен құралдарының, оқу және тәрбие ұйымдастырудың әдістерінің пайда болуы.
Тәрбиенің пайда болуы, оның алғашқы қауым адамдарының еңбек іс-әрекетімен байланысы. Осы қоғамдағы тәрбиенің ерекшелігі. Жанұяның пайда болуы. Тәрбиенің ұйымдасқан формаларының пайда болуы.Жазудың және алғашқы мектептердің пайда болуы. Педагогикалық тәжірибе мен білімді жеткізудің жазбаша педагогикалық дәстүріПедагогика ғылымы философия, социология, психология ғылымдарына сүйеніп, жастарға тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді, жалпы политехникалық және кәсіптік білім берудің практикасы мен байланыстың зерттейді, тәрбие ісінде мектептің, үйелменнің және жұртшылықтың рөлі мен бірлігін анықтайды, адамды дамытуда және қалыптастыруда енбектің рөлін жан-жақты зерттейді, озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Сонымен, педагогика ғылымы өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесі мен оларды оқытудың көп ғасырлық тәларабесі. педагогика ғылымы - жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру заңдылықтарын көп жылдық зерттеу нәтижелері. бұл ғылымның білімі нақты бір жағдайда тиімді педагогикалық шешім кабылдауға көмектеседі. педагогиканың адам жайлы ғылымдар жүйесіндегі ролі мен ол ғылым ба, әлде өнер ма деген талас тәжірибеге келіп тіреледі. терең тәрбие ғылымы болмай, тәрбиелеу өнері да дамымайды. тәрбие мен оқыту заңдылықтарын білу, педагогикалық үрдіс әдістерін білу - мұғалім шеберлігінің негізі. педагогикаға деген ғалымдардың көзқарасында үш концепция бар. біріншісі - педагогиканы адам білімінің пәнаралық аймағы ден таниды. бұл жағдайда педагогика жеке ғылым ретінде танылмайды. екіншісі педагогиканы қосалқы пән ретінде таниды. ол тәрбие мен оқыту барысындағы пайда болған жағдайларды шешуге арналған шешімдерді басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т. б.) алады. үшінші концепция бойыша, педагогика жеке ғылым және оның өз зерттеу объектісі бар қорыта келгенде, педагогика ғылымының адам жайлы ғылымдар жүйесіндегі ролі зор, себебі ол тәрбие мен оқыту әсерімен болатын адам бойындағы өзгерістерді түсіндіреді.


Қолданылған әдебиеттер және интернет ресурстар

  1. Əбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы. Алматы: Дарын, - 2006. - 480 бет.

  2. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика. Оқулық. – Алматы: 2017.

  3. Әбілдина С.Қ. «Педагогика тарихы бойынша атлас» 2012 жыл.

  4. http://um.co.ua/9/9-19/9-199401.html



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет