Реферат пәні: Психология Тақырыбы: Түйсік Орындаған: Хожашев Қанат Тексерген: Кулекенова Амангул



бет4/5
Дата06.04.2023
өлшемі17,02 Kb.
#80027
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
канат психология1


3. Түйсікті дамыту жолдары


Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның кұлақ түтігі суға толы болады да ештеңені естітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады.
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жұрт бастауы түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіне байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.

Қорытынды


Түйсік дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі. Түйсік туралы түсініктер ежелден белгілі. Ежелгі грек философы Хрисипп (біздің заманымыздан бұрынғы 250 – 208/205) инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-құлық әрекетін сипаттауда қолданды. Француз ойшылы әрі дәрігері Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті. Чарлз Дарвин инстинкт — жануарлардың бір түріне ғана тән, кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеді.
Таным процесстерінің жалпы адам өміріндегі алатын орны мен атқаратын рөлі. Түйсік заттардың жекеленген қасиеттірінің сезімдік бейнеленуі ретінде. Түйсіктің физиологиялық механизмдері. Анализаторлар туралы түсінік Түісік туралы ілімдер. И.Мюллердің “арнайы энергия” жайлы заңы. Г.Гельмгольцтың “белгілер” концепциясы.. Түйсік адамдардың тарихи даму өнімі ретінде. Түйсіктердің классификациясы жайлы жалпы түсініктер. А.Р. Луриның түйсіктердің жүйелік классификациясы. Интероцептивті, проприоцептивті және экстероцептивті түйсіктер. Контактылы және дистанттылы түйсіктер. Түйсіктердің генетикалық классификациясы: протопатикалық және эпикритикалық түйсіктер. Б.М.Тепловтың түйсіктер классификациясы. Түйсіктердің модальдығы түсінігі. Түйсіктерді модальдығы бойынша классификациялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет