Реферат пәні: Психология Тақырыбы: Түйсік Орындаған: Хожашев Қанат Тексерген: Кулекенова Амангул



бет3/5
Дата06.04.2023
өлшемі17,02 Kb.
#80027
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
канат психология1

2.Түйсіктіңтүрлері және қасиеттері


Психолог – мамандар көбінесе түйсікті үш топқа бөліп қарастырады. Біз енді соған тоқталсақ:
1. Өзімізден тысқары заттардың, құбылыстардың қасиеттерін сәулелендіретін түйсінулер. Бұл түйсінудің мүшелері дененің бетінде, оған жақын жерде.
2. Денеміздің, ішкі мүшелеріміздің күйін (жағдайын) сәулелендіретін түйсінулер. Бұл түйсінулердің мүшелері ұлпалардың ішінде (бұлшық еттерінде), яғни, ішкі мүшелердің бетінде (қарынның, тыныс жолдарының қабырғаларында) орналасқан.
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты жағдайын білдіретін түйсінулер.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі,есту түйсігі,дәм түйсігі, иіскеу түйсігі,тері түйсігі,кинестетикалық ,вибрациялық және органикалық болып бірнеше түрге бөлінеді.Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан.Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі.
1. Көру түйсігі.Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор.Зерттеу нәтижесінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықталған.Бұдан біз көру түйсігінң өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз.Көз арқылы жарықтың қуатын, түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақындығын көре аламыз.Көру түйсігінің ұзындығы- 390-780 миллимикрон.Заттар мен нәрселердің түстері хроматикалық және ахроматикалық яғни бояусыз болып екіге бөлінеді.
2. Есту түйсігі. Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын- ауаның толқындары.Ауаның 1 секунтта өтетін толқынын герц деп атайды.Адамның есту рецепторы 1 сек. ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады.16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды.Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен төменгі дыбыстарды инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады.Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді. Жануарлардың дыбысты сезгіштігі адамнан асып кетеді. Тұрақты жиілікпен периодикалық шайқалудан туған дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді.Тұрақсыз жиілікпен шайқалудан туған дыбыстар шуыл дыбыстар деп аталады.
3. Тері түйсіктері заттардың механикалық және термикалық сипаттарының теріге әсер етуінен туады. Тию мен басу түйсігі, суықты, жылылықты, ауруды түйсіну де тері түйсіктеріне жатады.Терідегі афференттік жүйке талшықтарының ұшында түйсіктердің рецепторлық функциясын атқаратын түрлі аппараттар бар. Адамның бойында, шамамен тию мен басуды түйсінетін 50000 рецептор бар.Әдетте, соқыр адамдарда тері түйсігінің, сипау сезімінің жетекші рөл атқаратыны күмәнсіз.Дененің температуралық өзгеруінің ең сезгіш жері- қарын терісі, ең нашар жері-аяқ терісі.
4. Иіс түйсіктері мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуінен пайда болады.Кілегей қабықта иіскеу клеткалараның орналасқан аймағы 5 см2- ден аспайды. Тітіркендіргіштер әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді.
5. Дәм түйсіктері. Дәмді айыратын мүше- тіліміздегі дәм бүршіктері.Оны тітіркендіретін-белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар.Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері-тіл аймағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет