Реферат пәні: Психология Тақырыбы: Түйсік Орындаған: Хожашев Қанат Тексерген: Кулекенова Амангул



бет2/5
Дата06.04.2023
өлшемі17,02 Kb.
#80027
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
канат психология1

1. Түйсіктің негізгі заңдылықтары


Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.
Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:
1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологиядақолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;
4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.
Фрейдизм мектебі үшін түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. З.Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті. Яғни түйсіктің 1), 2), 3) мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі У.Мак-Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында түйсік ұғымы 1), 2) және 4) орталық теориялық тұжырымдама ретінде қолданылды. Барлық мінез-құлық мақсатты бағытталған және мотивацияланған түйсік деп қарастырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет