Реферат пәні: шетел тілінде білім беру әдістемесі Тақырыбы: Шетел тілі мұғалімінің кәсіби қызметі мен адами қасиеттері



бет4/5
Дата07.06.2023
өлшемі32,71 Kb.
#99410
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
методика реферат

Қорытынды
Оқу үдерісінің нәтижелі болуы бірнеше факторға, шарттарға байланысты, оның ішінде оқу бағдарламасына, оқулықтарға, материалдық-техникалық базаға, студенттің ынтасына, т.б. Көбіне оқу үдерісінің нәтижелілігі мұғалімнің белгілі пән бойынша білімі мен пәнді оқыту бойынша кәсіби даярлығына байланысты болады. Бүгінгі күн талаптарының бірі жалпы білім беретін мектептерде жастарымыздың үш тілді меңгеруі міндетті шарт болып тұрғанда шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жетілдіру, жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Психологиялық-педагогикалық еңбектерді, мектептердегі тәжірибелерді зерделеу оқушылардың пән бойынша практикалық бағыттылығын жүзеге асырудың мазмұнды және процессуалды аспектілерін мұғалімдер толық қамтымайтыны, яғни Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандартында, жалпы білім беретін орта мектептің “Шетел тілі” (ағылшын) пәні бағдарламасындағы: ”оқушылар мынаны білуге тиіс”, “оқушылар мынаны орындауға тиіс“ талаптарын қанағаттандырмайтыны анықталды. Бұл өз кезегінде біздің зерттеу жұмысымыздың дұрыс таңдалғанын көрсетті. Педагогикалық технологиялар және инновация жөніндегі зерттеулер негізінде “жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдалану (жаңалықты) алгоритмі” – деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Психологиялық-педагогикалық зерттеу еңбектеріне жасалған талдау болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жүзеге асырудың дидактикалық шарттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Олар: болашақ пән мұғалімдеріне қазіргі кездегі шетел тілінің практикалық мәнділігін ұғындыру; шетел тілінің мазмұнын түзуші оқу материалдарын игеруде талдау, іріктеу, салыстыру, жинақтау, т.б. іс-әрекеттерін студенттермен ұйымдастыру; шетел тілін оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге асырушы құралдарымен жұмыс жасату; оқушыларды шетел тіліне үйрету үшін болашақ мұғалімдердің іскерлігін қалыптастыру. Педагогикалық инновацияға, жаңа тәрбиеге даяр жаңа формация мұғалімдерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен айтылуда. Білім беру жүйесіне жаңалықты (инновациялық) үдерістердің енуіне байланысты жаңаша ойлауға қабілетті, жоғары мәдениетті, қоғам мен мектептің алдына қойылған міндеттерді айқын түсінетін жаңа формация мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі көкейкесті болып табылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет