Шетел тілі мұғалімінің кәсіби қызметінің мазмұны. Шетел тілі пәнінің мұғалімінің төмендегідей кәсіби маңызды кабілеттерін қамтиды:
-мәдениетаралық, қарым қатынас жасау қабілетін қамтамассыз ететін оқушының әлемнің инофондық; бейнесін оқып жатқан тілдің, көмегімен көрсете алатын екінші тілді меңгерген тұлға ретіндегі қасиетін қалыптастыруға бағыттай отырып,өзінің кәсіби қызметін педагогикалық, психологиялық, және әдістемелік тұрғыда дұрыс жүзеге асыру;
- оқушы тұлғасының индивидуалдық ерекшеліктерін зерттей білу;
- өзін - өзі бағалау және оқушылардың рефлексивтік қабілетін қалыптастыру іскерліктерін меңгеру;
- оқу үрдісін ұйымдастыруда қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып және шетел тілін меңерудің объективті заңдылықтары негізінде өзінің кәсіби ic-әрекеттерін жоспарлау;
- елтану және мәдениеттану сипатындағы түп нұсқалы материалды таңдай білу және оларды әдістемелік тұрғыда түсіндіріп беру;
- оқушылардың шығармашылық, интерактивтік жұмыс түрлерін қолдана отырып, сабақ; барысында шетел тілінде қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру;
- сабақ барысында әрбір оқушының мүмкіндіктерін ашуға жағдай туғызатын, оқушының көңіл-күйін, оның шығармашылық, танымдық, және сөйлеу қабілетін, басқалармен әлеуметтік қарым-қатынас жасай алу икемділігін дамытуға ынталандыратын жағымды психологиялық, ахуал туғызу;
Шетел тілі сабағының психологиялық тұрғысы.
Әрбір сабақ және оның элементтері маңызды,әдістемелік және психологиялық тұрғыларды тани біліуді талап етеді. Сабақтың мазмұны оқылатын тілдік материалмен анықталады және таңдап алған тәсіл әдістемелік қабылдаулар арқасында іске асады, демек едәуір психологиялық тұрғымен қарым-қатынасы болып жататын ескертеді. Дәстүр бойынша сабақтың психологиялық жағынан студенттердің сөйлеу қабілеттерінде қаншалықты психологиялық процестерді түсіне алуын қалыптастырады (түйсік, есте сақтау, ойлау).Сонымен қатар бір топ студенттер мен мұғалімнің қарым-қатынасын, тілдік ортаны сабақ өткізгенде біріншіден қарым-қатынастың жалғасы,екіншіден объективті шарттармен анықталды деп қарастыруға болады.Педагогикалық қызметін жаңа бастаған маман сабақтың негізгі әдістемелік тұрғы болады деп, ойлайды.Сондықтан ең алдымен оқыту әдістемесімен меңгеріп алуға ұмтылады, барлық шеберліктің «Құпияларын» тани білуді көздейді. Бірақ, шетел тілін оқытудың технологиясын жеткілікті ұғып алғаннан кейін оқыту әдістерін жалғастыра жетілдіру барысында міндетті түрде тілді оқып үйрену кезеңдегі психологиялық компонентіне назар аудару керек. Осы компонент негізгі болып шығады және сабақтың эмоцианалды жағынан оқу нәтижесін анықтайды. Психологиялық тұрғыны есепке алмасақ, ең тиімді әдіс-тәсілдердің өзі күткен нәтижеге жеткізе алмайды. Тіпті егер сабақ әдістемелі түрде дұрыс дайындалса да, топтағы студенттер және мұғалім арасындағы қарым-қатынастары және объективті жағдайлар ескерілмесе жақсы нәтижеге жетуге қиын.Көптеген оқытушылар сабаққа кіргенде өзінің жағымсыз көңіл-күйін, ренішін оқыту бөлмесісіне ала кірмеу керек деген ұғыммен келіседі. Студенттермен жақсы қарым-қатынас орнату үшін ең алдымен жақсы көңіл-күй, сергек түрде, сәнді костюм, тағы сондай сияқты-алғышарттар қажет.
Сабаққа дайындалғанда келесі шарттарға мән беру керек.
- сабақ аптаның қай күнінде өтетінін;
- шетел тілі сабағының өткізу мерзімін;
- шетел тілі сабағының алдында қандай сабақ болғанын;
Сабақты қызықты өткізу үшін шетел тілін оқытушы әдістеме негізінде үлкен ұстамдылық және тапқырлық танытуы қажет. Ал психологиялық жағынан мұғалімге қаталдық пен шыдамдылық, талап қою және әдептілік сияқты қасиеттерін көрсете білуі керек. Оқушылардың енжар көңіл-күйлерін жеңе отырып, мұғалім оларды қайта-қайта жұмыс істеуге құлшындыра түсуі керек. Оқытушы студентке көмектеседі: студентке талап қоя отырып оған жұмыс істеуге жағдай жасайды. Ең соңында жұмыс жағдайы орнайды да, сабақ өз ағымымен өте береді.Әрине, әр оқушының жеке басының мінез-құлқын ескере отырған жағдайда ғана олардың іс-әрекетін басқарып, қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызуға болады. Диалог, рольдік ойындарды ұйымдастырған кезде олардың білім деңгейін ғана ескермей,мінез-құлықтарының ерекшеліктерін, қарым-қатынастағы белсенділіктерін, оқушылар ортасындағы абыройын да ескерген жөн. Сондықтан,сабақтың әр кезеңінде оқушылардың жұмысын ұйымдастырған кезде оқытушы олардың көңіл-күйіне оң әсерін тигізетін жұмыс түрін пайдаланады.Студент те қателесуге құқылы, өйткені ол сол тіл ортасында өмір сүрмейді және сол тіл иесіндей қатесіз сөйлей алмайды. Сонымен қатар, егер қате саны көп болса, ол материалды толық меңгермегендігін, оқытушы жағынан жіберілген олқылықтарды көрсетеді. Ол үшін оқылған материалмен байланысты түзету жаттығуларын өткізген жөн. Грамматикалық тарату материалдарының тіл жаттығуларын дайындауда қолданылуы үлкен әсерін тигізеді.Студент сөйлеуге қорықпас үшін «қателік – біздің көмекшіміз, ол - дәрігер тәрізді, қай жерің ауыратынын көрсетеді және емдейді » деп түсіндірген дұрыс.
Әдістемелік әдебиетерде шетел тілі мұғалімі мейірімді, әзіл-қалжың сезімін ұстануы керек деген пікір кездеседі.Әзіл қайшылықтар кезінде жақсы көмекші болып табылады, сонымен қатар жақсы дайындалған студенттерге тиімді қосымша тапсырма ретінде пайдаланады. Оқытушы қысқаша әзіл әңгімелерді айтады, ал ең үздік деген студенттер оны өзінің топтастарына айтып береді.Сабақтың қорытындылау кезеңіне ерекше көңіл бөлген абзал. Егер сабақ сәтті, әрі тиімді өтсе де, студенттердің көңіл-күйін көтеруге, білім деңгейлерінің өскендігін, шетел тілі сабағына қайта келуге ықыластануына сабақтың соңғы кезеңі әсерін тигізеді.