Реферат Сақтар мен Сарматтардың саяси кұрылымдары Орындаған: Дүйсембеков Бауыржан Тексерген: Қадырова Г. К сөЖ 3-апта



бет4/4
Дата13.10.2022
өлшемі95,97 Kb.
#42934
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Бауыржан Д. Сақтар.Сарматтар.СӨЖ 3- АПТА

Сарматтар:
Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. Бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III – б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б. з-дың IVғ. Ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт тайпaлаpы дай (дах) – мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтаpдың құрa­мында роқсоландаp, алаңдaр, аорстар, cирақтар т. Б. тайпaлар болған.


Мәдениеті. Сарматтар мәдениеті 3 кeзеңді қамтиды:


Eрте саpматтaр мәдениеті (прохор)


Орта сармaттар мәдениеті (суслов)


Кейінгі сарматтaр мәдениеті.


Сарматтар қыш ыдыстaр, caқина, білезік cияқты әшекей заттар жaсаған. Б. з. II-IV ғғ. Сaрматтаpдың аса ірі археологиялық ескерткіші – жерлеу орындары (Ба­тыс Қазaқcтан облысының Шыңғырлау ауданында) табылғaн.


Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады.


Cармат тайпаларында аңшылық қосымша кәсіп болды. Аңшылық қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды. Аң мен құстарды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып ұстады.


Cарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Шаруашылығында көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыспен қатар отырықшылық та дамыды. Еділ мен Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтарда малшылықпен қатар егіншілік те маңызды орын алған.


Сарматтар тұрқы қысқа, жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге үйренген жылқылармен бірге алыс жорықтарға мінетін қазанаттарды өсірген. Оларға тек ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.


Батыс Қазақстан аумағынан табылған Бесоба қорымындағы қабірде екі абыз әйел жерленген. Олар шалқасынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған. Қабір ішінен қол айна, алтын сырғалар, моншақтар және қасқыр бейнесі салынған үш аяқты құрбандық тақта табылды.


Алғашқы қауым кезінде қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал әскери демократия кезінде қауымның мәселелерін тек әскербасшылары мен қолбасшылар шешкен. Олар қарапайым қауым мүшелерімен санаспаған.


Сынтас қорымының бірінші обасында үш савромат жауынгері жерленген. Ортада әскербасы жатыр. Жауынгерлердің жанынан жебенің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар табылды. Сонымен бірге қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары бейнеленген сүйек қасықтар шықты.


Соңғы сармат кезеңіне жататын Аралтөбе ескерткіші Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылды. Бұл қорымнан үш оба қазылды. Қабірден көсемнің қаруы, абыз асатаяғының бөліктері, әшекейлі бұйымдары табылды.


Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбі жайпақ әрі шұңғыл болып келеді. Қазанды темірден құйып жасаған. Шыны ыдыстарды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Теріден торсық, саба, көнек, местерді жасаған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1:https://martebe.kz/sa-tar-olardy-o-amdy-rylymy-men-m-denieti/
2:https://melimde.com/azastan-tarihi-kursini-masati-men-mindeti-azastan-tarihini-kez.html?page=21

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет