Реферат тақырыб ы: Таралтқыш хроматография тәсілімен сілтілердің құрамын анықтау



бет1/4
Дата26.04.2023
өлшемі103,29 Kb.
#87226
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
химия соөж 4 (2) (1)


Алматы Технологиялық Университеті
«Тағам технологиялары» факультеті

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Таралтқыш хроматография тәсілімен сілтілердің құрамын анықтау .

Орындаған:Поччахонова Муниса Эко 22-12 Тексерген:Джуманова Райгуль

Алматы 2023


Жоспары
Кіріспе
1.Храмотографикадағы терминдер
2.Храмотографиядағы төсеніштің түрі бойынша әдістердің жіктелуі
3.Храмотографияны сипаттайтын шамалар
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

Кіріспе


Хроматография — бұл әртүрлі қоспаларды бөлудің зертханалық әдісі. Қоспа жылжымалы фаза деп аталатын сұйықтықта ерітіледі де, ол оны стационарлы фаза деп аталатын басқа материал бойымен өткізеді. Қоспаның әртүрлі құрамдас бөліктері станционарлы фаза бойында әртүрлі жылдамдықпен қозғалады, бұл олардың бөлінуіне әкеледі. Бөліну компоненттердің жылжымалы және стационарлы фазалар арасында әртүрлі болып таралуына негізделген. Құрамдас заттардың таралу коэффициенттері әртүрлі болғандықтан, олар станционарлы фазада әртүрлі уақыт тежеледі, бұл заттардың бөлінуіне алып келеді.[1]
Хроматографияның негізгі екі түрі: препаративті және аналитикалық. Препаративті хроматографияның мақсаты - қоспаның компоненттерін кейінірек пайдалану үшін бөлу, сондықтан заттарды тазартудың жолы болып табылады. Аналитикалық хроматография әдетте аз мөлшердегі материалмен орындалады және қоспадағы аналиттердің мөлшерін немесе бар болуын анықтауға арналған. Препаративті хроматография аналитикалық бола алмайды, және керісінше.[2]
Хроматографияны алғаш рет Ресейде 1900 жылы итальян текті ғалым Михаил Цвет қолданған.[3] Ол ХХ ғасырдың басында, ең алдымен, хлорофилл, каротин және ксантофилл сияқты өсімдік пигменттерін бөлу үшін хроматографиямен жұмыс істеді. Бұл компоненттер әртүрлі түстерге ие болғандықтан (сәйкесінше жасыл, қызғылт сары және сары), олар бұл әдіске өз атауын берді. 1930-1940 жылдары дамыған хроматографияның жаңа түрлері көптеген бөлу процестері үшін қолдыныла бастады.[4]
Хроматография әдісі Арчер Жон Портер Мартин мен Ричард Лоренс Миллингтон Сингтің 1940-1950 жылдардағы жұмысының нәтижесінде айтарлықтай дамыды, ол үшін олар 1952 жылы химия бойынша Нобель сыйлығын алды.[5] Олар таралу хроматографиясының принциптері мен негізгі әдістерін анықтады және олардың жұмысы бірнеше хроматографиялық әдістердің тез дамуына ықпал етті, атап айтқанда, қағаз хроматографиясы, газ хроматографиясы және өнімділігі жоғары сұйық хроматография. Содан бері технология тез дамып келеді. Зерттеушілер М. Цвет хроматографиясының негізгі принциптерін қолданып, нәтижесінде төменде сипатталған хроматографияның алуан түрлерін дамытуға болатындығын анықтады. Даму хроматографияның техникалық көрсеткіштерін үнемі жақсартып отырады, қазіргі кезде бұл тіпті өте ұқсас молекулалардың өзін бөлінуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, хроматография каннабистің потенциалын тексеру әдісі ретінде де қолданылды.[6


Аналит - бұл хроматография кезінде қоспадан бөлінетін зат. Бұл әдетте қоспадағы қажетті зат.
Аналитикалық хроматография үлгідегі аналиттердің бар болуын немесе концентрациясын анықтау үшін қолданылатын хроматография түрі.
Байланған фаза дегеніміз тіректің бөлшектерімен немесе баған түтігінің ішкі қабырғасыменковалентті байланысқан стационарлы фаза.
Хроматограмма -бұл хроматографтың шығаратын нәтижесі. Қоспа жақсы бөлінген жағдайда, хроматограммадағы әр шың бөлінген қоспаның әр компонентіне сәйкес келеді.

X осінде жүйедегі аналиттердің тежелу уақыты, ал Y осінде осы аналиттерге сәйкес келетін сигнал (мысалы спектрофотометр, масс спектрометр, т.б. детекторлардан алынған). Жүйе дұрыс жұмыс жасаса, сигнал аналиттің коспадағы концентрациясына пропорционал.

  • Хроматограф немесе аэрограф - қоспаларды әртүрлі күрделі жолдармен бөлуге мүмкіндік беретін құрал, мысалы, газ хроматографы немесе сұйық хроматографы.

  • Хроматография - бөлудің физикалық әдісі, ол компоненттерді бөлу үшін бірі қозғалмайтын (стационарлы фаза), екіншісі белгілі бір бағытта қозғалатын екі фаза арасында таратады.

  • Элюат - бұл бағаннан шығатын жылжымалы фаза. Мұны эффлюент деп те атайды.

  • Элюент - бұл аналиттерді тасымалдайтын еріткіш.

  • Элюит - бұл аналит, элюцияланатын еріген зат.

  • Элуотропты қатар дегеніміз - қуатына байланысты орналастырылған еріткіштердің тізімі

  • Иммобилизацияланған фаза - тіректің бөлшектерінде немесе баған түтігінің ішкі қабырғасына қозғалмайтындай етіп орналастырылған стационарлы фаза.

  • Жылжымалы фаза - бұл белгілі бір бағытта қозғалатын фаза. Ол сұйық (LC және капиллярлық электрохроматография (CEC)), газ (GC) немесе суперкритикалық сұйықтық (суперкритикалық сұйықтық хроматографиясы, SFC) фазасында болуы мүмкін. Жылжымалы фаза бөлінетін/талданатын үлгіден және оны баған бойымен жылжытатын еріткіштен тұрады. Өнімділігі жоғары сұйық хроматографиясын мысалға алсақ, қалыпты фазалы хроматографияда поларлы емес еріткіш (мысалы, гексан), ал кері фазалық хроматографияда поляр еріткіш (мысалы, метанол) мен бөлінетін үлгі жылжымалы фазаны құрайды. Жылжымалы фаза хроматографиялық баған арқылы қозғалады (стационарлы фаза), онда үлгі стационарлы фазамен өзара әрекеттеседі және бөлінеді.

  • Препаративті хроматография талдау үшін емес, бөлінген заттарды одан әрі пайдалану үшін жеткілікті мөлшерде тазартуда қолданылады.

  • Тежелу уақыты - белгілі бір аналиттің бағанның басынан детекторға дейін қозғалуына жұмсаған уақыты. Сондай-ақ: Ковац тежелу индексі

  • Үлгі - хроматография арқылы талданған зат. Ол бір компоненттен тұруы да, компоненттердің қоспасы болуы да мүмкін. Талдау барысында тек бізді қызықтыратын аналит бар фазалар ғана үлгі болып табылады. Ал талдау алдында, немесе талдау барысында үлгіден бөлінген, бірақ бізді қызықтыратын аналиті жоқ бөліктер қалдық болып табылады.

  • Еріген зат - хроматографиядағы қоспаның құрамдас бөліктері.

  • Еріткіш - бұл басқа затты ерітетін кез-келген зат. Көбіне еріткіш деп сұйық хроматографиядағы жылжымалы фазаны айтады.

  • Стационарлы фаза - бұл хроматография кезінде орнынан қозғалмайтын зат. Мысалы, жұқа қабатты хроматографиядағы кремний оксидінің қабаты.

  • Детектор - бөлуден кейін аналиттерді сапалы және сандық анықтау үшін қолданылатын құрал.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет