Реферат тақырыб ы: Таралтқыш хроматография тәсілімен сілтілердің құрамын анықтау



бет2/4
Дата26.04.2023
өлшемі103,29 Kb.
#87226
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
химия соөж 4 (2) (1)

Бағанды хроматография


Бағанды хроматография - стационарлы төсеніш түтік ішінде болатын бөлу әдісі. Қатты стационарлы фазаның бөлшектері немесе сұйық стационарлы фазамен қапталған тірек түтіктің бүкіл көлемін толтыруы мүмкін (толтырылған баған) немесе түтік қабырғасының бойында немесе түтіктің ортаңғы бөлігінде жылжымалы фаза үшін ашық жол қалдырып орналасуы мүмкін (ашық түтікті баған). Орта бойымен әртүрлі жылдамдықпен қозғалғандықтан, қоспаның компоненттерінің тежелу уақыты да әртүрлі.[7][8]
1978 жылы У. Кларк Стил Бағанды хроматографияның жылдам бағанды хроматография деп аталатын өзгертілген нұсқасын ұсынды (флеш).[9][10] Бұл әдіс дәстүрлі бағанды хроматографияға өте ұқсас, бірақ, еріткіш түтік арқылы қысым әсерінен қозғалады. Бұл көптеген бөлулерді 20 минуттан аз уақыт ішінде орындап қана қоймай, ескі әдіспен салыстырғанда жақсырақ бөлінуге алып келді. Қазіргі кезде флеш-хроматография жүйелері алдын-ала толтырылған пластик картридж түрінде сатылады, ал еріткіш картридж арқылы сығылып, қысыммен қозғалады. Сондай-ақ мұндай жүйелер аутоматтандыруды қамтамасыз ететін детекторлармен немесе фракция жинағыштармен байланысуы мүмкін. Градиентті сорғылардың енгізілуі бөлінуді одан әрі тездетіп, қолданылатын еріткіш мөлшерін азайтты.
Кеңейтілген төсенішпен жүретін адсорбция кезінде қатты фазалы толтырылған төсеніш емес, сұйылтылған төсеніш қолданылады. Бұл үлгіні дайындау кезінде кейбір тазарту қадамдарын жасамауға мүмкіндік береді. Мысалы, биоматериалдарды центрефугалау, не сүзу.
Фосфоцелюлозалы хроматография ДНҚ-мен байланысатын нәруыздардың фосфоцелюлозамен байланысу қабілетін қолданадаы. Нәруыздың ДНҚ-мен байланысы мықты болса, бұл нәруызды бағаннан элюциялап шығуға тұздың жоғары концентрациясы қажет.[11]

Жазық хроматография[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Жазық хроматография - стационарлы фаза жазық күйде болатын бөлу әдісі. Станционарлы фаза қағаз беті, қағазға сіңірілген зат (қағаз хроматографиясы) немесе шыны тәрізді тірекке жағылған қатты бөлшектердің қабаты (жұқа қабатты хроматография) болуы мүмкін. Үлгідегі әртүрлі қосылыстар стационарлы фазамен қаншалықты күшті әрекеттесетініне байланысты әртүрлі қашықтықтарды өтеді. Белгісіз затты анықтау үшін әр химиялық заттың нақты тежелу коэффициентінн (Rf) қолдануға болады.

Қағаз хроматографиясы[өңдеу | қайнарын өңдеу]



Қағаз хроматографиясы
Қағаз хроматографиясы - бұл хроматографиялық қағаздың жолағына үлгінің кішкене нүктесін не сызығын қою арқылы орындалатын әдіс. Қағаз еріткіштің аз мөлшері орналасқан контейнерге салынып, кақпақпен жабылады. Еріткіш қағаз бойымен көтерілгенде, үлгіні өзімен ала кетіп, оны қағаз бетіне жаяды. Қағаз целлюлозадан, полярлық заттан жасалған және қоспаның құрамындағы полярлы заттар целюлозамен әрекеттесіп, онымен байланысады, сондықтан тез тежеліп қалады. Ал полярлығы төмен заттар алдыға жылжи береді.

Жұқа қабатты хроматография (TLC)[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Жұқа қабатты хроматография (TLC) - әртүрлі биохимиялық заттарды стационарлы және жылжымалы фазалар арасында тарату арқылы оларды бөлетін кеңінен қолданылатын зертханалық әдіс. Бұл қағаз хроматографиясына ұқсас. Алайда, бұл әдісте тегіс, инертті субстратқа жағылған кремнийлі гель, глинозем немесе целлюлоза сияқты адсорбенттің жұқа қабаты стационарлы фаза рөлін атқарады. TLC өте көп қолданыс тапты; бірнеше үлгіні бір қабатта бір уақытта бөліп алуға болады, дәрі-дәрмектердің деңгейі мен судың тазалығын сынақтан өткізу үшін де өте пайдалы.[12] Айқас ластану ықтималдығы төмен, өйткені әр бөлу жаңа қабатта орындалады. Қағазбен салыстырғанда бұл әдіс жылдамырақ, жақсырақ бөледі, сандық талдауға келеді, әртүрлі адсорбенттерді таңдауға болады. Еріткішті аз қолданып, жақсы ажыратымдылықпенжылдам бөлу үшін өнімділігі жоғары TLC (HPTLC) қолдануға болады. Оған қоса, ертеректе хромосомаларды саралау үшін де TLC қолданылған, ол үшін олардың гельде жылжыған қашықтығын анықтайтын (бөлу бөлек саты болды).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет