Байланысты: Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері (копия)
2.3 Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ой Кайта өрлеу дәуірінің жарқын саяси ойшылдарының бірі итальяндық Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Ол – антикалық әдебиеттің үлкен білгірі, дипломат және саясаткер. Н.Макиавелли өзінің жүйеге келтірілген саясн идеяларын "Мемлекет", «Тит Ливидің бірінші тоқсан туралы пікірлері", "Флоренция тарихы", "Князь", «Соғыс өнері» атты еңбектерінде баяндады.
Н.Макиавелли өз дәуірінде қалыптасқан көптеген саяси мәселелерді шешуде аса манызды, бірегей идеяларды айта білді. Оның пайымдауынша белгілі бір тұжырымды кұрайды, онда мемлекеттің табиғатына, оның мәніне мемлекетгік кұрылыстың формаларына, сонымен катар мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдеріне және басқа да саяси мәселелерге түсініктеме берілген. Бұл оларды Кайта өрлеу дәуіріндегі алғашкы анық жүйелі және салыстырмалы терең түсіндіру еді. Сондыктан Н.Макиавеллиді жаңа заманның саяси ғылымын негіздеуші деп атайды.
Ол ұсынған саяси шыншылдық принципі Макиавеллидің саяси көзқарастарындағы ең бастысы болып табылады. Саясатта нағыз ақиқат жағдайларды, саяси әрекеттердің практикалық мүдделерге бағындырылуын есепке алу көрсетілген.
Макиавеллидің пікірінше, саясат - бұл қоғамда билікті жүзеге асыру жөніндегі әртүрлі әлеуметтік күштердің (коғам жіктері, адамдар тобы, жекелеген тұлғалар), өзара қарым-қатынасы. Сайып келгенде саясат адамдар арасындағы қоғамдык қатынастар ретінде баяндалады. Сөйтіп, саясатты тек адамның табиғи жаратылысының көрінісі ретінде түсіндіруге қарамастан оның әлеуметтік табиғатын ашып көрсетеді. Макиавелли қазіргі уакытта хрестоматиялыққа айналған ережені, атап айтканда, саясаттың негізгі мәселесі билік туралы мәселе тұжырымдамасын анық қалыптастырды.
Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші болып енгізді. Мемлекеттік билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым –қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады, түсіндіруге қарамастан оның әлеуметтік табиғатын ашып көрсетеді.
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойдың көрнекті өкілдерінің бірі француз ойшылы Жан Боден. Ол бірнеше еңбек жазды, соның ішінде ең бастысы - "Республика туралы алты кітап". Онда Ж.Боден мемлекеттің шығуы, оның функциялары, мемлекеттік баскарудың формалары, сонымен қатар сол замандағы қоғамның саяси өмірінің басқа да проблемаларына өзінің көзкарастарын жан-жақты баяндады.
Ж.Боденнің саяси теорияны дамытудағы негізгі үлесі оның мемлекеттік егемендік мәселесін көтеруі. Ол "егемендік ұғымын саяси ғылым айналымына енгізді және казірге дейін саяси пікір-сайыс тудырып, саяси практикада колданыста жүрген егемендік теориясын жан-жакты жасап шыкты.