Реферат Тақырыбы : "Технологиялық жабдықтарды майлау. Жағармайды таңдау." Орындаған: Азимбаева У. У. Тобы: хт-20-9к1



бет2/5
Дата28.04.2023
өлшемі28,84 Kb.
#87720
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
жағармай реф

Сұйық жағармайлар
Минералды майларды мазутты вакуумдық айдау және химиялық өңдеу арқылы алады. Нәтижесінде келесі дистиллаттар алынады:

  • жеңіл;

  • орташа;

  • ауыр индустриалды майлар;

  • цилиндрлік майлар;

  • майлы гудрон.

Минералды майлардың негізгі физика-химиялық қасиеттері:

  • тығыздығы;

  • тұтқырлығы;

  • тұтану температурасы;

  • қоюлану температурасы;

  • майлылығы;

  • механикалық қоспалар мен судың мөлшері;

  • химиялық төзімділігі.

Минералды майлардың тығыздығы - 0,87 - 0,95 г/см3.
Майлардың жақсы қасиеттері:

  • Ішкі үйкеліс коэффициентінің төмендігі;

  • Жоғары тұрақтылығы мен тазалығы;

  • Жоғары жылдамдық пен температурада жұмыс қабілетінің жақсылығы;

  • Жылуды бұру қабілеттілігі.

Жаман қасиеттері:

  • Өрт қауіптілігі;

  • Күрделі тығыздауыштардың қолданылуы;

  • Ауып кету салдарынан шығынның көбеюі.

Технологиялық машиналарға арналған жағармайлар келесі топтарға бөлінеді:

  • индустриалды майлар, қалыпты жағдайда жұмыс істейтін бөлшектерді майлауға қолданылатын (И-12А - жеңіл, И-20А және И-40А - орташа, И-50А - ауыр);

  • трансмиссиялы,, ауыр жүктелген берілістерді майлауға арналған (ТАП10, ТА*-15, ТС-14,5, ТС-8, ТС-10, МТ-14П, МТ-16П);
    3) турбиналы майлар, жоғары жылдамдықпен және жоғары меншікті жүктемені қабылдайтын бөлшектерді майлауға қолданылатын (турбиналы Т46, Т57 және т.б.);

  • моторлы майлар, іштен жану қозғалтқыштарының бөлшектері мен түйіндерін майлауға қолданылатын [автотракторлы - АКЗп-6 (М6Б), АКЗп-10 (М10Б), АС-6 (М6Б), АС-8 (М8Б),АО10 (М10Б); дизельді - ДС-8 (М8Б), ДС11(М10Б),Дп-8]



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет