Байланысты: Түркістан тұрғындарының тілінің ерекшеліктері
Түркістан тұрғындары сөйленісіндегі фонетикалық ерекшеліктері Түркістан тұрғындары сөйленісіндегі фонетикалық ерекшеліктердің кейбіреуінің қолдану аясы шағын болғанымен, оларды өз алдына сөз етерлік құбылыс деуге болады. Мұнда ерекшелік деп танылып отырған құбылыстар дауысты, дауыссыз дыбыстардың өзара алмасулары немесе олардың белгілі бір сөздерде, сөз арасында түсіп қалуы, кейбір сөздерге қосылып айтылуында байқалып қалады. Қамтитын сөздердің көлемі және олардың таралу шегі жағынан алғанда, дыбыстық ерекшеліктердің бәрі бірдей емес. Кейбір дыбыстық ерекшеліктердің (а/ә, б/п және л-дің түсіп қалуы) қамтитын сөздері көбірек болса, кейбір дыбыс алмасулары аз ғана сөздер көлемінде ғана кездеседі. Түркістан тұрғындары тілінде кездесетін дауысты дыбыстарға байланысты өзгешеліктер осы дауыстылардың бірі орнына екіншісінің алмасып келуімен сипатталады.
Жиналған материалдарға қарағанда Түркістан тұрғындары сөйленісінде кейде ашық дауыстылар бір-бірімен алмасса, осының керісінше, қысаң дауыстылар да өзара алмасып жатады. Кей жағдайда ашық дауыстылардың орнына қысаң дыбыстар жұмсалады. Түркістан тұрғындары тіліндегі бірден көзге шалынатын дыбыстық құбылыстың бірі – жуан дауысты a дыбысының жіңішкеріп, ә-мен алмасуы. Бұл құбылыс кең тараған, жүйелі түрде кездесетін, қамтитын сөздердің саны да мол ерекшеліктің бірі болып саналады. Мысалы: әбдіре-абдыра, әбүйірлі-абыройлы, әбіржу-абыржу, әйту-aйmy, әйттім-айттым, әруақ-аруақ, әсіл-асыл, бәтебата, дәстархан-дастарқан.
Түркістан төңірегінде а/ә дыбыстарының сәйкес келуі жайында осы өңірден шыққан диалектолог А.Тасымов та өз мақаласында атап өтіп, әрәapa, әщі, әулі, әбіржу, әпшісін куыру тәрізді мысалдарды келтірген болатын [6, 25 б.]. Зерттеліп отырған тұрғындар тілінде езулік дауыстылардың алмасуы да байқалып қалады. Кейбір сөздерде жіңішке e дауысты дыбысы айтылатын жерлерде жіңішке ә дыбысы қолданылады. Мысалы: дәрәу-дереу, гүлә-гүлә-күле-күле, диірмен-диірмен, кәсәл-кесел, кәрәмәткеремет, кәрәуәт кереует, кәриә-кәрие, кішкәнтай-кішкентай.
Қамтитын сөздер саны аз болса да Түркістан тұрғындары өңірінде кейбір сөздерде қысаң ұ-ның орнына ашық o қолданылады. Мысалы: оқсяу-уқсау. Мен ол баланы көрдім, әкесіне оқсайды. Кейбір еңбектерде бұл дыбыстардың алмасуын оңтүстік және батыс өңірінен жиналған сөздерге тоқтап, соның ішінде ашық о-ның орнына қысаң ұ-ның жиі кездесетін жері Қазақстанның батыс аймағы екенін, ал басқа жерлерде қысаң ұ-ның орнына ашық o дауысты дыбысы айтылып, келтірілген мысалдар да өзгешелеу екеніне назар аударады. Олардың ішінде батыс әрі оңтүстік өңірде кездесетіндері де бар екен. Ал кейбір сөздер батыс пен оңтүстік сөйленістер тобының ішінде аралас ұшырайтыны да бар. Бірде батыс, бірде оңтүстік сӛйленістерге тән o орнына ұ, керісінше ұ орнына o дауысты дыбысы қолданылатын сөздердің екеуінің де Түркістан тұрғындары тілінде бірдей айтылуы тектен-тек емес, оларды осындағы батыс және оңтүстік ру тайпаларының қоныстану, араласуының нәтижесі деп түсінуіміз керек.
Осылайша, Түркістан тұрғындары тілдерінің ерекшеліктері өз кезегінде көптеген факторлармен өте тығыз байланысты екендігін көруге болады. Сонымен бірге, жоғарыда аталып өткен факторлардың барлығына себепші болған бір ғана жағдай бар, ол – ерте кезеңдегі халықтар араласуынан осы күнге дейін жалғасып келе жатқан тарихи жағдай. Сондықтан да Түркістан тұрғындарының тілдері еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда ерекшеліктерге толы, өзгеше, күрделі әрі қыр-сырға ие болып келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жүсіпова Б. Түркістан тұрғындар тілінің ерекшеліктері. – Түркістан, 2013 ж.
2. Жүсіпова Б. «Түркістан тұрғындары тілінің ерекшеліктері» Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2003 ж. – 26 б.
3. Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. – Алматы: Ғылым, 1982 ж.
4. Досқараев Ж. Оңтүстіктегі халықтың тіл өзгешеліктері. // Қазақ диалектологиясы. – Алматы: Ғылым, 1951 ж.
5. Нақысбеков О. Жергілікті халық тіліндегі арық атыз түрлеріне байланысты қолданылып жүрген сөздер жайында. // Қазақ диалектологиясы. – Алматы: Ғылым, 1965 ж.
6. Тасымов A. Түркістан төңірегіндегі тұрғындар тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер // Қазақ CCP Ғылым академиясының Хабарлары, Тіл, әдебиет сериясы. – Алматы: 1988, N 4.